РНҚ молекуласының құрылысы - РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлі болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі рАМФ, рГМФ, рЦМФ, рУМФ.
- Нуклеотидтер 5ʹ , 3ʹ –фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
- РНҚ, полинуклеотид тізбегі, полярлы болып келеді, яғни оның 5ʹ және 3ʹ ұштары болады.
Сол сияқты, РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылықтары да белгілі:
1) ең негізгі айырмашылығы РНҚ молекуласы қосширатпалы емес бір ширатпалы. Оның 3 себебі бар.
а) біріншіден РНҚ молекуласында пентоза (қант) дезоксирибоза емес, қосымша гидроокси тобы бар рибоза болып табылады. Ал қосымша гидроокси тобы қосширатпалы құрылымның түзілуін тежейді.
б) екіншіден негізгі не мажорлы азоттық негіздерден тиминнің орнына урацил кездеседі (А, Г, Ц, У). Урацил тиминнен 5 метил тобының болмауымен ерекшеленеді. Осыған байланысты А-У арасында гиброфобтық әрекеттесу күші А-Т-ға қарағанда әжептәуір әлсіз болады. Ал бұл тұрақты қосширатпалық құралымның түзілу мүмкіндігін төмендетеді.
в) РНҚ молекуласында (әсіресе т РНҚ-да өзгерген модификацияланған) минорлық негіздердің және нуклеозидтердің мөлшері өте көп. Олардың ішінде –дигидроуридин (урацилде 1 сутектік байланыс болмайды, яғни 3 сутектік байланыстың орнына 2 болады); псевдоуридин (урацил рибозамен ерекше байланысқан); диметиладенин және диметилгуанин (азоттық негіздерде екі қосымша метил топтары болады). Бұл негіздер комплиментарлы әрекеттесуге қабілетсіз. Осының бәрі қосширатпалы құрылымның пайда болуына кедергі келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |