2) Әрі қарай α-ширатпа, β-құрылым және құрылымсыз учаскелерден тұратын ақуыздың ІІ ретік құрылымы қалыптасады. Бұл үдерістің аяғында шумақтың сығылып қысылуы нәтижесінде еріген глобула түзіледі. Бұл құрылымның табиғи, нативті құрылымнан ерекшелігі, аминқышқылдар радикалдары өздерінің түпкілікті серіктерін «таба» алмай, кез-келгенімен байланысады. Бұл кезде аминқышқылдар арасындағы байланыстар және ақуыз конформациясы тұрақсыз болады. 3) Бірақ, ақуыз ерте ме кеш пе термодинамикалық ең тиімді құрылымын тауып, көптеген радикалдар аралық байланыстар түзеді, яғни табиғи, нативті, формасына фолдингталады.
Достарыңызбен бөлісу: |