ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен комплиментарлы сутектік байланыс арқылы байланысуы (А-Т; Г-Ц) арқылы түзіледі ДНҚ жіпшелерінің 5ʹ және 3ʹ ұштары белгілі, ДНҚ молекуласының қосширатпасы (тізбектері) бір біріне антипаралель орналасқан; - ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен комплиментарлы сутектік байланыс арқылы байланысуы (А-Т; Г-Ц) арқылы түзіледі ДНҚ жіпшелерінің 5ʹ және 3ʹ ұштары белгілі, ДНҚ молекуласының қосширатпасы (тізбектері) бір біріне антипаралель орналасқан;
- (5ʹ) ... АТТГАЦГГЦ ......( 3ʹ)
- (3ʹ) ... ТААЦТГЦЦГ...... (5ʹ)
- Сонымен қатар А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 3 сутектік байланыс болады сондықтан-да Г-Ц байланысы, А-Т байланысына қарағанда әлде қайда мықтылау болып келеді.
ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде оның ақуыз (гистонды ақуыздармен) байланысын айтуға болады.
Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистонды ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол хроматин жіпшесі ретінде белгілі.
Хроматин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды, ол 4 түрлі гистонды ақуыздардың –(Н2а, Н2в, Н3, Н4) қос молекуласынан құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |