І-Жасушаның ақпараттық макромолекулалары
Лекция жоспары
1. Ақуыздар. Құрылысы, қызметі
2. Ақуыздардың бірінші реттік құрылымы
3. Ақуыздардың екінші реттік құрылымы
4. Ақуыздардың үшінші реттік құрылымы
5. Ақуыз молекуласының фолдингі
Фолдинг факторлары
1. Ақуыздар
Ақуыздар - жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі. Оның элементтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин» (protein-бірінші) деп атауды ұсынған Голландия химигі және дәрігері Г.Я.Мульдер (1802-1880) болатын.
Ақуыздар маңызды қызметтерді атқарады:
- құрылымдық (биомембраналар құрамына кіреді);
- энергетикалық (қуат көзі болып табылады);
- катализдеуші (ферменттер);
- сигналдық (гормондар, нейропептидтер);
- қозғаушы (миозин);
- өткізгіштік (арналар, сорғыштар);
- реттеуші (репликация, транскрипция, трансляция факторлары);
ДНҚ учаскелерімен байланысып гендердің экспрессиялануын реттейді; ақуыздардың фолдингін қадағалайды
Достарыңызбен бөлісу: |