Кіріспе компьютерлік желілердің негіздері Алғашқы жергілікті желілер


Анықтама. Желі топологиясы дегеніміз



бет8/12
Дата14.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#480740
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
желі 1

Анықтама. Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:

Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:  «шина»

  • «жұлдызша»

  • «сақина»

Анықтама. «Шина» компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған (1.1- сурет).

1.1 - сурет. «Шина» топологиясымен қосылған қарапайым желі
«Шина» топологиясымен қосылған компьютерлердің әсерлесуі. Сигналдарды жіберу. Деректер электрлік сигналдар түрінде желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпаратты тек адресат қана қабылдайды. Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады. Желіні құраушы компьютерлер саны өскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана.
Одан басқа да факторлар жеткілікті:

«Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады.

  1. Сигналды шағылдыру – сигнал, адресатқа жеткеннен кейін өшуге тиіс, өйтпесе кабельдің соңына жетіп, шағылысады да басқа компьютерлердің деректерді жіберу жолын жауып тастайды.

  2. Терминатор – сигналдарды жұтушы. Ол кабельдің кез-келген бос ұшына жалғанады (1.2 - сурет).

Кабель үзілген жағдайда желі жұмысы тоқтатылып әрбір компьютер автономды тәртіпте жұмыс істейді.


    1. - сурет. Терминаторлар сигналдарды жұтады

Кабельді ұзарту
а) кабель баррел-коннектордың көмегімен қосылады (бірақ бұл тәсіл сигналдың әлсізденуіне соқтырады,
сондықтан да байқап қолданған дұрыс)
б) кабель репитордың көмегімен қосылады (сигналды күшейткіш құрал 1.3 - сурет).


    1. - сурет. Репитор кабель бөліктерін қосып, сигналды күшейтеді







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет