Кіріспе компьютерлік желілердің негіздері Алғашқы жергілікті желілер



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата04.08.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Lek 1

 
Қазіргі заманғы тенденциялар 
Бүгінгі таңда есептеу желілері тез дами түсуде. Сапасы жағынан жергілікті желілердің кабельдік жүйесінен 
кем түспейтін жоғарғы жылдамдықты байланыс арналарының пайда болуының арқасында жергілікті және 
ауқымды 
желілер 
арасындағы 
алшақтық 
азая 
түсуде.
Ауқымды желілерде ресурстарға енуге мүмкіндік беретін ыңғайлы да айқын қызмет түрлері пайда болды. Бұған 
мысал ретінде әйгілі ауқымды желі Internet бойынша көрсетілетін қызмет түрлерін атасақ та жеткілікті. 
Ауқымды желілер де өзгеріске ұшырай бастады. Компьютерлерді қосатын пассивті кабельдің орнына ол 
желілерде көптеген түрлі коммуникациялық жабдықтар − коммутаторлар, бағыттауыштар, көмейлер пайда 
болды. Осындай жабдықтардың арқасында мыңдаған компьютерлерден тұратын күрделі құрылымды үлкен 
корпоративті желілерді құру мүмкіндігі ашылды. Үлкен компьютерлерге деген қызығушылық қалпына келді. 
Жүздеген серверлерден тұратын жүйеге қызмет көрсетудің оңай емес екендігіне көз жеткен соң, олардың орнына 
бірнеше үлкен компьютерлерді пайдалану ыңғайлы болатын. Эволюциялық спиральдың жаңа даму сатысында
мэйнфреймдер корпоративті есептеу желілеріне Ethernet немесе Token Ring-ті, Internet-тің арқасында желілік 



стандарт құқығына ие болған хаттамалар стегі TCP/IP-ді қолдайтын, заңды желілік түйіндер түрінде қайтып келе 
бастады.
Жергілікті және ауқымды желілерге бірдей қатысты тағы бір маңызды тенденция пайда болды. Бұрын 
есептеу желілерінде өңделіп көрмеген дауыс, видеокескіндер, суреттер түріндегі ақпараттар таратылып, өңделе 
бастады. Мұның өзі хаттамалар, желілік операциялық жүйелер мен коммуникациялық жабдықтар жұмыстарына 
өзгерістер ендіруді талап етті. Мультимедиялық ақпараттарды желі бойынша жіберудің күрделілігі деректер 
пакеттерін жіберу кезіндегі кідірістерге деген желінің сезгіштігіне қатысты. Себебі кідірістер желінің соңғы 
түйіндерінде ақпараттардың бұрмалануына соқтырады. Файлдарды тарату электрондық пошта сияқты есептеу 
желілерінің дәстүрлі қызметтері кідірістерді аз сезетін трафик құратындықтан, желінің барлық элементтері 
соларға сәйкестендіріліп таңдалған, сондықтан да нақты уақыт трафигінің пайда болуы үлкен проблемаларға 
әкеліп соқтырды. 
Бүгінгі таңда бұл проблемалар әртүрлі жолдармен шешілуде, солардың бірі − әртипті трафиктерді жіберуге 
негізделген ATM (Asynchronous Transfer Mode) технологиялар. Жергілікті және ауқымды желілердің 
технологияларының қосылуы ғана емес, кез-келген ақпараттық желілердің − есептеу, телефон, телевизиялық 
тағы басқа технологиялардың қосылуына жету мақсатында жасалатын істер әлі алда және проблемалар 
жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет