Практикалық жұмыс № 11.
Тақырыбы: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері.
Тапсырма: Borland C++ Builder ОБП ортасында жоба жасаңдар.
Label жазба компоненттеріне ағымдағы уақыт пен мерзімді шығаратын жоба жасаңдар.
Байтпен енгізілген ақпарат мөлшерін одан үлкен өлшем бірлік Кбайт, Мбайт жəне Гбайт айналдыратын қосымша жасаңдар.
Шеңбердің ұзындығы берілген. Бұл шеңбермен шектелген ауданын табыңдар.
Формаға Edit, Label, Button компоненттерін орналастырыңыз. Edit өрісіне х айнымалысының мəнін еңгізіп, Button компонентін басқан кезде келесідей математикалық функцияларды есептейтін қосымша жасаңыз: Cos(x), Ln(x), Sqr(x), Sqrt(x), Sin(x), Log10(x), Exp(x)
Формаға 1 мəтіндік өріс (Edit) жəне 2 батырма (Button) элементтерін орналастыр.1-батырма тақырыбын “1”, екінші батырманы “Тізім” деп атаңдар.Мəтіндік өрістің қаріп стилін курС#в, өлшемін 20, түсін қызыл етіп таңдап, оған өз атыңды жаз.1- батырманы шерткенде мəтіндік өріс фоны көк түске, қаріп түсі сары түске боялып, ондағы мəтінге өз фамилияң шығатын код жазыңдар. «Тізім» батырмасын шерткенде əр түрлі түспен 5 студенттің аты бірінің астына бірі шығатын код жазыңдар.
Формаға “1-санды енгіз”, “2-санды енгіз”, “Жауабы:” тақырыптары болатын 3 Label элементін, 2 санды енгізетін бос екі Edit элементін жəне екі санды қосу, азайту, көбейту жəне бөлу амалын орындайтын (батырма тақырыптары сəйкесінше белгіден тұрады) 4 батырма орналастырыңдар. Батырманы шерткенде қолданушы енгізген екі
санға сəйкесінше арифметикалық амал орындайтындай батырмалар кодын жазыңдар.
Форма тақырыбын “Арифмометр” деп атап, жобаны “Arifm” атымен сақтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |