Кіріспе Негізгі бөлім Мейіргерлік үрдіс, кезеңдері


кезең Жоспарлауды жүзеге асыру



бет3/3
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491740
1   2   3
мейіргерлік үрдіс лекция 2

4 кезең
Жоспарлауды жүзеге асыру
Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:
  • тәуелді
  • тәуелсіз
  • өзара тәуелді

  • Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.
    Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
    Мысалы:
  • емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
  • емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
  • емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
  • емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.

  • Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету.

5-кезең
Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау
Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.
Мейірбикелік процесс – медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.
Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы
1. Медбикенің жауапкершілігі артады;
2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға
мүмкіндік береді;
3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;
4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді;
5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.
Қазіргі кезде барлық мейірбикелер бұл жүйеге аса мән бере бермейді. Барлығы құжат бойынша ғана дұрыс болғанымен, іс жүзінде жүзеге аспайды. Себебі науқасты емдеуде бұл шараның дұрыс орындалуы, жағдайының жақсаруына мол үлес қосатынын білмейді. Қазіргі кездегі ең басты қиындықтың бірі осы.
Медбикелік үрдісті қолданбаудың қиындықтары
Жүргізіліп жатқан емдеу шараларын жоспарламай, қорытынды жасамай тұрып дұрыс деп айта алмаймыз. Алда пайда болған қиындықтарды қайдан, не себепті дамығанында біле алмаудың себебіде осы.
Кездескен қиындықтарды дер кезінде жоя алмасақ, түрлі асқынуларға ұшырайды. Бұл да өте жиі кездесетін қиындықттардың бірі. Қолданып жатқан дәрі дәрмектердің дозасы бойынша, уақыты бойынша бақылауға ала алмасақ, оның пайдаға асуы екі талай емеспе.
Қорытынды
Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер – мейірбике екенін бәріміз де білеміз. Ия, науқасқа сырқатының салдарын тауып, оның емдеу жолдарын айқындап беруде дәрігер бағыт-бағдар берсе, оның әрі қарай емделіп, пациентке ықыласы мен мейірімін төгіп, олардың көңіл-күйіне әсер ететін медициналық көмек көрсететін ол - мейірбике. Науқастың жай-күйі мейірбикелердің жанкешті еңбектеріне тікелей байланысты. 80% науқастың емін тауып кетуіне септігін тигізетін мейірбикелер десек артық айтпағанымыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер
  • “Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс” Төлебаев Ж.С.,Сыздықова К.Ш.,Тасмағанбетова А.А.,Авгамбаев Н.Н. Алматы, 2012
  • Основы сестринского дело/ Т.П.Опуховец, О.В. Чернова Москва-2011г
  • Санов С. Науқас адамдарды жалпы күту Қарағанды, 2013ж
  • Мұратбеков С.К. Мейірбике ісі негіздері Астана, 2007ж
  • Биназаров Н.Д. Мейірбике ісінің негіздері Алматы, 2004ж
  • Интернет желісі

Назаларыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет