Уильям Гарвей (1578-1657) - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйық екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол физиология ғылымының негізін салушы ғалым. Иван Михайлович Сеченовты (1829-1905) физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа шығарды. Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты Илья Ильич Мечников (1845-1916) лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз деп атады. Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым. Әйгілі орыс ғалымы."Адам табиғаты туралы этюдтер"деген еңбегінде қартаю және өлу проблемаларын зерттеді. - Иван Петрович Павлов (1849-1936) физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі - бәсеңдететін, үшіншісі - жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы берілген.
- Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері ғылымның дамуына және медицинамен байланысына зор әсер етті.
- Халел Досмұхамедов (1883-1939) - ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. Онық негізгі еңбектері: «Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент); «Табиғаттану» (1924, Ташкент); «Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент); «Адамның тән тірлігі» (1927, Ташкент) және т. б.
- X. Досмұхамедовтың әсіресе әр мүшенің тазалығын (гигиенасын) сақтау үшін айтқан өсиеттері өз алдына бір төбе. Соның кейбіреулерінен үзіндісін ғана келтіре кетейік.
- «Құлағың сау болсын десең... - құлағыңның құрылысы мен қызметін біл; құлағыңа ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уақытта еш нәрсе тықпа; құлағыңның ішін, сыртын таза ұста...»
- «Мұрның сау болсын десең... - мұрныңды әрдайым таза ұста; аузыңның тамақ жеп, сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа!»
- «Тынысың сау болсын десең... - дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын; үйдің ішінде еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме; киім, төсегіңді үйде қақпа; гулеген желден сақтан!»
- «Көзің сау болсын десең... - ымыртта, ала көлеңкеде, жарық нашар түскенде жазба, оқыма, үй жұмысын жасама; жазғанда қою сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз; бөгде адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе».
- Бұл ережелер осыдан 78 жыл бұрын жазылса да осы күнге дейін құндылығын жоймай қолданылып келеді.
- X. Досмұхамедов анатомия, физиология, гигиенаға бірдей көңіл бөлген. Мүшелердің гигиенасына тоқталмас бұрын оның құрылысы мен қызметін талдап барып, ең соңында гигиенасына тоқталады. Бұдан біз X. Досмұхамедовтың анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуына көп еңбек сіңіргендігін көреміз. Анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуы аталған ғалымдардың зерттеулерімен ғана шектелмейді.
- Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді, яғни әртүрлі жастағы балаларды бір топқа қосады. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: |