4 дәлдiк сыныбы бар: t1 - дәл - IT 12
t2 – орташа – IT 14 t3 - дӨрекi – IT 16
t4 - Өте дӨрекi – IT 17
Металдан жасалған тетiкбӨлшектер жону арқылы алынған болса, кӨрсаетiлмейтiн шектi ауытқуларды 14 квалитетпен немесе орташа дәлдiк сыныбын тағайындау ұсынылады.
Бұрыштар мен фаскалардың кӨрсетiлмейтiн шектi ауытқулары квалитетке немесе дәлдiк сыныбына байланысты МСТ 25670-83 бойынша алынады.
Тегiс цилиндрлi тетiкбӨлшектердi бақылаудың әдiстерi мен
құралдары
Тегiс цилиндрлi тетiкбӨлшектердi аз сериялы Өндірісте штангенциркуль, микрометр, нутромер сияқты аспаптармен бақылайтын болсақ, жаппай және кӨпсериялы Өндірістерде оларды бақылау үшiн шектi калибрлер қолданылады (сурет 11).
Калибр деп тетiкбөлшектiң беттерiнiң өлшемiн, пішінін және орналасуын анықтайтын шкаласыз аспапты айтамыз.
Шектi калибрлер - тексерiлетiн Өлшем шақтаманың iшiнде бола ма, болмай ма, соны тексередi. Шектi калибрдiң Өтетiн (ПР) және Өтпейтiн (НЕ) жағы болады. Егер тетiкбӨлшек Өтетiн жағынан Өтiп, ал Өтпейтiн жағынан Өтпесе, бӨлшек жарамды деп есептеледi.
Тесiк үшiн: ПР=DMIN; HE=DMAX. бiлiк үшiн: ПР=dMAX; HE=dMIN
Сурет 11 – Шекті калибрлер: а) калибр-қапсырма, б) калибр-тығын
Цилиндрлiк бiлiктердi бақылау үшiн калибр-қапсырма (калибр-скоба), ал тесiктердi бақылау үшiн калибр-тығын (калибр-пробка) қолданылады.
Калибрмен кӨпсериялы және жаппай Өндiрiсте шақтамалары IT 6-тен IT 17-ке дейiнгi тетiкбӨлшектердi тексередi.
IT 5-тен тӨмен дәлдiктi тетiкбӨлшектердi калибрмен тексермейдi.
Шектi калибрдiң артықшылықтары: тӨзімділігі, бақылаудың қарапайымдылығы және Өнiмдiлiгi.
Кемшiлiктерi: калибрдi дайындау қиындылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |