Сызбаларда дәлдік дәрежесін және түйісу түрін белгілеу Тісті дӨңгелектер мен берілістердің шартты белгіленуі:
8-7-6-Ва СТ СЭВ 641-77
Кинематикалық дәлдік мӨлшері бойынша 8 дәлдік дәрежесі, жұмыс қалыптылығының мӨлшері бойынша 7 дәлдік дәрежесі, тістің түйісу мӨлшері бойынша 6 дәлдік дәрежесі бар цилиндрлік беріліс. Қабысу түрі В, қапталдық саңылаудың шақтамасының түрі а және қабысу түрі мен Өстік арақашықтығының ауытқу сыныбының дәл келуі V сынып. Өстік арақашықтығының ауытқу сыныбын шартты белгілеуде, егер ол қабылданған қабысу түріне дәл келмегенде ғана кӨрсетіледі.
7-С ГОСТ 1643-81
Үш мӨлшері бойынша 7 дәлдік дәрежесіне, тісті дӨңгелектің қабысу түрі С, қапталдық саңылаудың шақтамасының түрі мен қабысу түрі (шақтама түрі с), сонымен бірге Өстік арақашықтығының ауытқу сыныбы мен қабысу түрі сәйкес келетін цилиндрлік беріліс.
8.4 Тісті доңғалақтарды бақылау әдістері мен құралдары
Тісті дӨңгелектер мен берілістерді бақылаудың негізгі ерекшеліктері: біріншіден, тісті дӨңгелектің геометриялық пішінінің күрделілігі, екіншіден тісті дӨңгелек пен берілістерді бағалау үшін Өте кӨп геометриялық және кинематикалық параметрлер қолданылады.
МЕСТ 1643-81 кинематикалық дәлдік, жұмыс қалыптылығы, тістердің түйісуі және бүйірлік саңылауды анықтайтын 27 параметр ұсынады.
Тісті дӨңгелектің кинематикалық дәлдігін кинематикалық қателікті анықтайтын аспаппен, тістің адымнан ауытқуын анықтайтын аспаппен, тістің соғуын анықтайтын аспаппен, ортақ нормальдың ұзындығын анықтайтын нормалемермен, тісті микрометрмен анықтауға болады.
Тістің пішінінің қателегін арнаулы аспап – эвольвентомермен Өлшейді. Бүйірлік саңылауды – «штангензубомер» атты аспаппен Өлшеуге болады.
Қайталау сұрақтары:
Цилиндрлі тісті берілістерге арналған шақтамалар жүйесінде қандай дәлдік дәрежелері мен мӨлшерлері қойылған?
Кинематикалық дәлдік, жұмыс қалыптылығы және тістердің түйісу мӨлшерлеріне анықтама беріңіз.
Тісті дӨңгелектер мен берілістердің дәлдік дәрежесін таңдаған кезде қандай факторлар есептеледі?
Бүйір саңылауына қойылған шақтама түрлерін атаңыздар.
Тісті дӨңгелектер мен берілістердің дәлдіктерін белгілеңіздер.
Мынадай тісті берілістердің шарты белгілерін шешіңіздер: а) 7-Е МЕСТ 1643-81; б) 8-7-7-В МЕСТ 1643-81; в) 6-В/IV МЕСТ 1643-81
Jn нені білдіреді және қандай талапқа сәйкес келу керек?
Тісті берілістердің кӨрсеткіштерінің шақтамаларын қалай белгілеуге болады?
Тістердің түйіндесуі не үшін керек?
Тісті дӨңгелектерді қандай аспаптармен бақылауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |