Кіріспе Пәннің қысқаша мазмұны


Кумариндерді бөлу жəне сараптау əдістері



бет22/45
Дата02.06.2024
өлшемі1.78 Mb.
#502220
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
УМКД хим анализ растений

Кумариндерді бөлу жəне сараптау əдістері.
Кумариндер жəне кумаринді қосылыстар жайлы айтатын болсақ, олар таби- ғатта көп таралған, көбіне өсімдіктердің түбірінде, қабығында жəне жемісінде кездеседі.
Кумариндер – кристалды заттар ақшыл немесе сарғыш түсті, органикалық ерітінділерде: хлороформ, диэтилэфирі, этил спиртінде, майларда жақсы ериді. Кумариндердің гликозидтері полярлы ерітінділерде жақсы ериді. 100°С қыздыр- ғанда кумариндер возгонкаға ұшырайды.
Кумариндер УК-жарықта сары, жасыл, көгілдір, сия-көк түстер береді. Сілтілік ортада бұл түстер қоюланады. Əсіресе қатты флуоресценцияны 7- гидроксикумариндер береді.
Ал қышқылдық ортада түстер əлсірейді. Кумариндердің ең басты қасиеті олардың сілтімен қатысы. Егер молекулаға ыстық сұйытылған сілтінің ерітінді- сімен əсер етсек, онда кумариндердегі лактонды сақина ашылып, цис-орто- қабық қышқылының тұзы – кумараттар түзіледі, бұл кезде ерітінді сарғаяды. Ал бұл ерітіндіге қышқыл қоссақ, α-пирон сақина тұйықталып, қайта кумарин береді. Бұл қасиетті кумариндерді анықтау үшін сапалық реакция (лактонды проба) ретінде пайдаланады.
Сонымен қатар кумариндерді анықтау үшін азоқұраушы реакцияны қолда- нады. Сілтілік ортада диазоний тұзымен кумаринге əсер еткенде ArN2-топ кума- рин жүйесіндегі алтыншы орынға барады да, қызғылт-сарыдан шымқай қызылға дейін түс береді.
Кумариндер барлық полифенол қосылыстар сияқты кепкен өсімдік шикізатын метил немесе этил спиртімен экстракция жүргізіп алады.
Алынған экстрактіні концентрлеп, сосын гексанмен, этилацетатпен, хлоро- форммен жəне бутанолмен экстракция жүргізеді. Кумариндерді басқа заттардан бөлу үшін, өсімдік шикізатының концентрленген ерітіндісін 0,5%-дық калий гидроксидінің сулы ерітіндісімен өңдегенде қышқылды жəне фенолды қосылыс- тарды кетіреді. Сосын ол экстрактіні 5%-дық калий гидроксидінің сулы спиртті ерітіндісімен 1 сағат қыздырады, бұл кезде кумариндердегі лактонды сақина ашылады, кейбір майлар гидролизге ұшырайды.
Сілтілік экстрактідегі стериндерді, спирттерді, көмірсутектерді кетіру үшін, оны этил эфирімен экстракциялайды. Содан кейін сулы-сілтілік экстрактіні сұйытылған хлорлы сутек ерітіндісімен өңдейді. Бұл кезде органикалық


Табиғи қосылыстар химиясының негіздері

қышқылдар жəне кумариндер қоспасы шығады, оларды бірнеше рет этил эфирімен экстракция жүргізеді.
Бөлшектеу экстракциясынан кейін бағаналы хроматографияны пайдалана- ды, сорбент есебінде силикагель, өте сирек жағдайларда полиамидті пайдала- нады. Кумариндерді бағаналы хроматографиядан петролей эфирі-хлороформ, петролей эфирі-бензол, бензол-этилацетат, гексан-этилацетат немесе хлоро- форм-метил спирті ерітінділерінің əртүрлі қатынастары алынады. Алынған фракцияларды тазалау үшін LH-20 сефадексін, силикагель немесе алюминий оксидіндегі жұқа қабатты хроматографияны қолданады, элюент: метил спирті – су (бөліну ретін тексеру жұқа қабаттағы силикагель пластинкасында, гексан- этилацетат: 1:1, 7:3 немесе хлороформ-метил спирті 9:1, 7:3, толуол-метанол- ацетон 10:10:0,8; дихлорметан-метил спирті 97:3; петролей эфирі – этилацетат 2:1,8:2 жүйесінде жүреді).
1820 жылы бірінші кумаринді тапқаннан кейін 300-ден астам кумариндер туындылары табылып, құрылыстары дəлелденген.


Кумариндерді сапалық сараптау

  • зерттеуші ерітіндіге 1-3 мл метил спиртіндегі 10%-дық калий гидроксидін қосып, сулы моншада қыздырғанда сары түс пайда болады, сосын Паули реак- тивін (200 мл суда 3 г сульфаниламидті ерітіп, оған 6 мл концентрлі тұз қышқы- лын жəне 14 мл н-бутил спиртін қосамыз. Пайдаланудың алдында осы ерітін- дінің 20 мл-не 0,3 г натрий нитритін қосамыз). Реактив кумариндер бар ерітін- дімен қызғылт-қоңырдан шие түске дейін реакция береді.

  • Лактонды сараптау. Зерттеуші ерітіндіге метил спиртінде дайындалған 10%-калий гидроксидінің 10 тамшысын қосып, сулы моншада 5 минут қайната- мыз, суытамыз, араластырамыз жəне 10%-дық хлорлы сутек ерітіндісімен нейтралдаймыз (кумариндер тұнба береді).

  • зерттеуші ерітіндіге 1-3 мл пиридин, сосын 1-3 мл 0,1н натрий гидрокси- дінің ерітіндісін қосады. Бұл кезде бромтимолды көктің спиртті ерітіндісінің 1-3 тамшысының қатысында жасыл-көк түс пайда болады (оксикумариндер).

  • зерттеуші ерітіндіге темір хлоридінің 1%-дық спиртті ерітіндісінің 1-3

тамшы қосамыз, түс көктен сия-көкке дейін өзгереді (дикумариндер).

  • зерттеуші ерітіндіге 10%-дық калий гидроксиді ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосамыз фурокумариндер қызғылт түс береді.

  • зерттеуші ерітіндіге концентрлі күкірт қышқылының бірнеше тамшысын қоссақ қанық жасыл ерітінді түзілсе, онда фурокумариндердің барын көрсетеді.

  • зерттеуші ерітіндіге жаңа даярланған сульфаниламидтің диазоқосылысы- ның бірнеше тамшысын қоссақ қызғыл-сары немесе сия-көк түске дейін өзгере- тін ерітінділер көреміз (кумариннің туындылары).

Кумарин бар қағазды хроматограмманы 10%-дық калий гидроксидімен бүркіп, УК-жарықта қарағанда сарғыш-жасыл түс көреміз; умбеллиферон УК- жарықта көк түс беріп, ал 10%-дық калий гидроксидімен өңдегенде ашық көк түске айналады. Эскулетин УК-жарықта ашық қызғылт-көгілдір түс беріп, ал 10%-дық калий гидроксидімен өңдегенде сия көкшіл-көгілдір түс береді. Скопо- летин УК-жарықта ашық көгілдір түс беріп, ал 10%-дық калий гидроксидімен өңдегенде қанық көк түс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет