Кіріспе Пәннің қысқаша мазмұны


Cапониндерді сапалық жəне сандық анықтау



бет24/45
Дата02.06.2024
өлшемі1.78 Mb.
#502220
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
УМКД хим анализ растений

Cапониндерді сапалық жəне сандық анықтау.
Сапалық анықтау. Өсімдік шикізатында сапониндерді анықтау үшін қолданылатын реакцияларды үш топқа бөлуге болады:

  1. сапониндердің физикалық қасиеттеріне негізделген реакциялар;

  2. сапониндердің химиялық қасиеттеріне негізделген реакциялар;

  3. сапониндердің биологиялық қасиеттеріне негізделген реакциялар.



Негізгі:

  1. В.В. Племенков. Введение в химию природных соединений. – Казань, 2004.

  2. Н.А. Тюкавкина, Ю.А. Бауков. Биоорганическая химия. – М., 2002.

  3. Л.С. Майофис Химия и технология химфармпрепаратов. – Л.: Медицина, 2001.

  4. Д.Ю.Корулькин, Ж.А.Абилов, Р.А.Музычкина, Г.А.Толстиков. Природные флавоноиды. – Новосибирск: изд-во СО РАН, 2007.

  5. Б.В. Пасет, В.Я. Воробьева. Технология химфармпрепаратов и антибиотиков. – М.: Медицина, 1997.

  6. Р.А. Музычкина, Д.Ю. Корулькин, Ж.А. Абилов. Качественный и количественный анализ основных групп БАВ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 288 с.

  7. Л.А. Иванова. Технология лекарственных форм, в 2 т. – М.: Медицина, 2002.

  8. И.А. Муравьев. Технология лекарств, ч.1 и ч. 2. – М., 1980.

  9. Лекарственное растительное сырье. Фармакогнозия. Учебное пособие, под редакцией Г.П.Яковлева, К.Н.Блиновой, С-П.,2004


Қосымша:

  1. Г.Д. Бердимуратова, Р.А. Музычкина, Д.Ю. Корулькин, Ж.А. Абилов, А.У.Тулегенова. Биологически активные вещества растений. Выделение, разделение, анализ. – Алматы: Атамура, 2006. – 438 с.

  2. Н.И. Гринкевич, Л.И. Сафронич. Химический анализ лекарственных растений. – М.: Наука, 1983. – 283 с.

  3. Лекарственное растительное сырье. Фармакогнозия. Учебное пособие. / под. Ред. Г.П. Яковлева, К.Ф. Блиновой. – С.-П., 2004.

  4. П.Э. Розенцвейг, Ю.К. Сандер. Технология лекарственных галеновых препаратов. – М.: Медицина, 1977. – 488 с.

  5. А.Г. Касаткин. Основные процессы и аппараты химической технологии. – М.: Химия, 1973. – 656 с.

  6. И.С. Ажгихин. Технология лекарств. – М., 2003. – 526 с.

  7. Н.К. Зенков и др. Фенольные биоантиоксиданты. – Новосибирск, 2003. -362 с.

Г. Ш. Бурашева, Б. Қ. Есқалиева, А. К. Умбетова

Бірінші реакциялар тобына көбік түзу реакциясын (сынама) жатқызуға болады. Бұл тек сезімтал сынама болып қана қоймай, сонымен бірге өздеріне тəн қасиет болып келеді, өйткені өсімдіктерде мұндай көбік түзуге қабілеті бар заттар кездеспейді.
Сапалық реакциялардың екінші тобына сапониндердің тұндыру жəне түсті реакцияларды жатқызуға болады.
Сапониндер сулы ерітінділерден барий, магний гидроксидтерімен темір тұздарымен, қорғасын ацетатымен тұнбаға түседі. Сонымен қатар тритерпенді сапониндер – орташа, ал стероидты – негізгі қорғасын ацетатымен тұнады.
Спиртті сығындыдан (ерітіндіден) стероидты жəне тритерпенді сапониндер холестериннің холестеридтер түріндегі спирттік ерітіндісін қосқанда тұнбаға түседі.
Жүректі гликозидтерге тəн стероидты сапониндер Либерман – Бурхард реакциясын береді.
Сапониндердің сапалық реакциясы үшін, сыйымдылығы 100 мл-лік колбаға 1г өсімдік шикізатын салады да, үстіне 1мл су құйып, кері тоңазытқышқа жалғап, сулы моншада 10 минут қыздырады. Колба суығаннан кейін ерітіндіні сүзіп алып, қыздырады. Ары қарай сапалық реакцияларды жасауға пайдаланылады.

  1. Көбіктүзілу (беру) реакциясы. Екі сынауық алып, біреуіне 5мл 0,1н HCl, ал екіншісіне 5мл 0,1н NaOH құяды. Əрқайсысына 2-3 тамшы сығынды (алынған экстракты) қосып, қатты шайқайды. Өсімдік құрамында тритерпенді сапониндер бар екенін екі сынауықта да көлемді жəне тұрақты көбіктердің түзілгенінен байқауға болады. Егер өсімдік құрамында стероидты тобы бар сапониндер болатын болса, онда оны сілтілік ортада түзілген көбіктердің көлемі мен тұрақтылығы жағынан бірнеше есе көптігінен ажыратуға болады.

  2. Сынауыққа 2мл сулы сығынды құйып, үстіне бірнеше тамшы қорғасын ацетатын қосады, тұнба түзіледі.

  3. Сапониндердің 1 мл ерітіндісіне бірнеше тамшы холестериннің 1%-ті спиртті ерітіндісін қосады. Нəтижесінде ақ тұнба түзіледі.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет