ONT5306 – ӨСІМДІКТЕРДІ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.
8-9 дәріс. ДƏРУМЕНДЕР
Əртүрлі химиялық табиғаты бар, адам ағзасы жеткілікті өмір сүру үшін қажетті органикалық заттарды дəрумендер дейміз, олар жасушаларда өздігінен түзілмейді, сондықтан да сырттан алу керек. Адам ағзасына дəрумендердің қажеттілігі өте аз, бірнеше микрограммнан ондық миллиграммға дейін. Егер адам ағзасында дəрумендер жеткіліксіз болса, онда гиповитаминоз болады, ал олардың кейбіреулерінің мөлшері мүлдем азайып немесе жоғалса авитаминозға немесе қиын ауруларға əкеледі.
Дəрумен – витамин деген термин латын тіліндегі «vita» – өмір, ал «амин» – (алғашқы табылған дəрумен – тиамин болғандықтан) дəрумен құрамында амин тобы бар деп есептелген. Көптеген дəрумендер белгілі ферменттердің құрамына кіреді, негізгі белсенді (қарапайым топ немесе коферменттер) мүшесі болып келеді. Дəрумендер белсенділік көрсету үшін кофакторлар – кейбір металдардың иондары Mg2+, Zn2+, Cu2+, Fe2+, Mn2+ қажет. Дəрумендер тікелей немесе жанама түрде адам ағзасындағы барлық биохимиялық процестерге əсер етеді. Олардың көбі өсімдік шикізатында биосинтезделеді.
Өсімдік жəне тірі ағзада ферменттерден басқа органикалық катализаторларға дəрумендер жатқызылады. Дəрумендер өсімдік шикізатында бірінші ретте синтезделеді, олар ақуыздар табиғатымен салыстырғанда төменгі молекулалы заттар. Дəрумендер ферменттермен тығыз байланыста, олар екі компонентті ферменттер құрамына кіреді. Өсімдіктегі дəрумендердің концентрациясы əртүр- лі болады. Мысалы, В тобының дəрумендері, фоли, пантотен қышқылы, К дəру- мені, никотин қышқылы, биотин, токоферол жəне т.б. өсімдіктегі мөлшерлері бірдей немесе көп болмайды.
Өсімдік шикізатында көп мөлшерде жинақталатын аскорбин қышқылы (С дəрумені), каротиноид (А провитамині) кейбір флавоноидтар (рутин, кверцетин, т.б. – Р дəрумені). Кейбір заттар дəрумендерге жатпайды, олар тек ағзадағы реакциялардың көмегімен əсер ететіндіктен оларды провитаминдер дейді. Мысалы, каротиноид, оның молекуласы екі β-каротинге немесе бір α- жəне γ- каротинге А дəруменнің молекуласына ыдырайды, ал кейбір стериндер (эргостерин) адамның терісінде ультракүлгін сəуленің көмегімен D дəруменіне айналады. Дəрумендер зат алмасу процесіне немесе адам ағзасының кейбір құрылымдарына жақсы ықпал тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |