ONT5306 – ӨСІМДІКТЕРДІ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.
10-13 дәріс. Эфир майлары. Классификация. Физика-химиялық қасиеттері. Өсімдік шикізатының анализі.
Эфир майлары туралы жалпы түсінік.
Эфир майлары – бұл өсімдіктер құрамында болатын жəне оларға тиісті хош иіс беріп тұратын ұшқыш заттардың жалпы атауы. Көптеген авторлар эфир май- ларына бумен айдалған заттарды ғана жатқызуға болады десе (мысалы, Земм- лер), ал басқалары бұған басқа да əдістермен өсімдіктерден бөлініп алынған зат- тарды жатқызуға болады деп бұл түсінікті кеңейте түседі. Сонымен эфир майлары органикалық қосылыстардың əртүрлі кластарына жатқызуға болатын ұшқыш заттар қоспаларын түзеді. Өсімдіктерде бұл заттар ерекше орыншаларда орналасқан – эфир тасымалдаушы арналарда кейде шайырлармен қатарлас; көбі- несе темірлі талшықты құрамды болып келеді, бұдан басқа эфир майлары жасу- ша шырынды эмульсия түрінде кездеседі, ал соңғы уақытта паренхима жасуша- сында шайыр мен эфир майлары қатысатыны дəлелденген деп санауға болады.
Өсімдіктің кез келген бөлігінде (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) эфир майлары болады, бірақ кейбір жағдайда анық белгілі мүшелерінде ғана болады, мысалы, кейбір Pelargoniom жапырақтары мен сабақтарында эфир майы болады, ал бірақ гүлдерінде ол мүлде болмайды. Əдетте майды барлық мүшелерден табуға болады, бірақ оның сандық мөлшері біркелкі емес: жеміс беру мүшеле- рінің – гүлдерінде, жемістерінде, ұсақ жапырақтарында, сабақтарында май көп болса, ал тамырында əдетте аз ғана сандық мөлшердегі май болады. Кейбір өсім- діктерде иісті заттар бос күйінде болмай глюкозамен немесе басқа да заттармен байланысқан түрде болады, сонда олар өздерінің бөлінуіне алдын ала ажырауды талап етеді.
Алғаш рет эфир майларын қай кезде бөліп ала бастағанын дəл айту мүмкін емес, бірақ олар өте ерте кезде белгілі болған. Мысалы, раушан (роза) майы туралы мəлімдеме лемонграсов (Andropgon) майы (Acoris calamus) жайлы ерте кездегі санскриттік жазбаларда көрсетілген, бірақ жазу уақыты көрсетілмеген. Дəл осылай ерте кездегі персидтік жəне египеттік материалдардан ароматты заттарды бөлу мен айдау əдістері адамзат баласына біздің эрамызға дейінгі бірнеше мың жылдықтарда белгілі болғанын көруге болады.
Ежелгі Римде шығыстан арнайы əкелінген татымдылар мен хош иісті заттар кеңінен қолданылды. ІХ ғасырдан бастап алдымен арабтар, кейін еуропалықтар хош иістер туралы трактаттарды пайдалана бастады. Алынған майлар медицианада қолданылды. Дегенмен олардың құрамы туралы мəліметтер əлі де жеткіліксіз еді.
Тек XIX ғасырда ғана Валлах, Вагнер, Бейер, Земмлер, Перкин, Шарабо жəне т.б. көптеген ғалымдардың жұмыстарының арқасында эфир майларының құрамы, құрылысы мен оларды құрайтын компоненттер қасиеттері толықтай
Г. Ш. Бурашева, Б. Қ. Есқалиева, А. К. Умбетова
белгілі бола бастады. Аталған ғалымдардың тамаша жұмыстарына қарамастан қазіргі уақытта эфир майларын зерттеу, кең ауқымға ие, өйткені əлі де зерттел- меген өсімдіктер мөлшері зор. Сондықтан олардың құрамынан құрылымы əлі күнге дейін анықталмаған майлар алынады.
Құрамында эфир майы бар өсімдіктердің үш мыңдай түрі белгілі, соның ішіндегі мың шақтысы біздің еліміздің флорасынан табылған. Əсіресе ерінгүл- ділер тұқымдасы (жалбыз, лаванда, сəлбен, шатыраш (шалфей), розмарин, пачули, базилик (насыбайгүл) жəне т.б) жəне шатырлы тұқымдас (анис, ажгон, базилик, зере, кориандр) эфир майына бай.
Эфир майлары халық шаруашылық өндірісінде кең қолданылады. Олардың көп бөлігі əтірлер, иіс сабындар, кремдер жəне т.б. өнімдер алынатын парфюме- рия – косметикалық өнеркəсібінің қажеттіліктеріне жұмсалады.
Тамақ өнеркəсібінде аскөк (укроп), анис, зере, кориандр, бұрыш, қалампыр (гвоздика) жəне т.б. қолданылады. Медицинада эфир майы май ретінде жəне жеке компоненттер ретінде де қолданылады.
Қазақстандық Марева тұқымдас кейбір өсімдіктердегі эфир майларының құрамы зерттелген. Мысалы: А. Д. Дембицкий, Г. Б. Рустенбекова Chenopodium botrys L. (Марь душистая) өсімдігінің эфир майларын терең зерттеген. 1-кестеде осы өсімдіктен алынған эфир майлары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |