Кіріспе. Психология міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері



бет31/32
Дата28.09.2022
өлшемі0.58 Mb.
#461537
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Кіріспе. Психология міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әді-dereksiz.org

Акционерлік қоғам. Өзінің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғамды бір адамның құруы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып та кездеседі. Ашық АҚ қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз өз акцияларын басқа біреулерге сата алады. Бұндай АҚ өздерінің шығарып жатқан акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдық есеп беруде, бухгалтерлік баланста пайда мен шығын есептерін жариялап отыруға міндетті.

Жабық АҚ шығарылатын акциялар тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала белгіленген тұлғалар арасында бөлінеді. Бұндай қоғамның шығарылатын акциялары көпшілікке жарияланбайды.
Жабық акционерлік қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерінің акцияларын сатып алудағы мүмкіндіктері жоғары. АҚ-ның құрылтайшы құжаты – қатысушылар бекіткен жарғы болып табылады. Оның ішінде жалпы мәліметпен бірге қоғамның шығаратын акцияларының категориялық жағдайы, оның номиналдық бағасы және саны көрсетілуі керек, қоғамның жарғылық капиталының мөлшері акционерлердің құқығы, басқарушы органдардың құрамы мен міндеті және олардың шешім қабылдау тәртібі болуы тиіс.


Кооператив - өндірістік және басқа да іспен бірлесіп айналысу үшін тұлғалардың тобы бірігіп құрған кәсіпорын. Кооперативте оның мүшелері еңбек етуі немесе басқа іспен айналысуы шарт. Сонымен қатар олар мүліктік, үлестік жарналарын біріктіруі шарт.
Кәсіпкерлік істің негізгі ұйымдастыру-экономикалық формаларына концерндерді, ассоциацияларды, косорциумдарды, синдикаттарды, картельдерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.


Концерн – кәсіпорынға қатысу жүйесі арқылы бақылау жасайтын көп салалы АҚ, кәсіпорындардың неғұрлым дамыған бірлестігі. Концерн өзінің бөлімшесі болып табылатын әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциациялар – экономикалық тұрғыда дербес кәсіпорындардың, ұйымдардың ерікті бірлестігі., қауымдастығы.
Ассоциация құрамына әдетте анықталған жерлерде орналасқан біртекті мамандандырылған кәсіпорындар кіреді. Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа мақсаттарды бірлеспі шешу.


Консорциум – ірі қаржылық операцияларды бірлесіп өткізу мақсатымен құрылған кәсіпкерлердің бірлестігі, шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалардың уақытша одағы. (Мысалы, ірі өндірістік жобаға елеулі инвистициялауды жүзеге асыру). Кәсіпкерлердің бір бірлестігі құралдарды ірі жобаға салым жасауға мүмкіндік береді, бұл жерде ірі салым кезінде пайда болатын қауіп деңгейі елеулі төмендейді, өйткені жауапкершілік көптеген қатынасушыларға бөлінеді. Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет