Кіріспе Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі



бет4/14
Дата17.04.2022
өлшемі332 Kb.
#456710
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дип.-Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту (2)

Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Сөйлеу адамзатқа тән құбылыс болғанымен, ол даралық қасиетке ие. Даралық адамның қарым-қатынаста тілді пайдалануымен көрінеді (сөздік қорынан, грамматикасы мен лексикасынан т.б.). Сөйлеудің даралық қасиеті оның құрылысы мен айтылуынан т.б. байқалады. Кейбір адам тіл дыбыстарын анық, түсінікті, көтеріңкі айтса, екіншілері түсініксіз, сылбыр сөйлейді, үшіншілері тез абыржып баяндаса, төртіншілері асықпай, ойланып барып пікірін білдіреді. Кейбір тұтықса, кейбірі сақауланып сөйлейді. Сөйлеу адам ойлауының негізгі және жеке тұлғаның ойлау әрекетін сыртқа шығару құралы болып туады. Адам сөз арқылы өз ойы мен эмоциялық күйін білдіреді. Сөз басқа кісілердің белгілі бір сезімі мен эмоцияларын тудырады. Сөз – екінші сигнал жүйесі, адамның қиял, ес, процестерін ерік қуаттары мен мінез бітістерін реттеуші болып табылады. Сөйлеу процесі іс жүзіне асу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы жақ қатысуы тиіс. Сөйлеуші өз пікірін сөздерді грамматикалық байланысқа түсіре отырып, тыңдаушыға жеткізеді.
Тыңдаушы сөйлеушінің айтқан ойын қабылдайды, нәтижеде өз әрекетін ұйымдастырады. Пікір алысу үшін қарым-қатынасқа түсушілер арасында ортақ объект болуы тиіс. Екі жаққа бірдей қажеттерін өтейтін құрал – қалыптасқан тіл мен сөйлеу ережелері.
Сөз белгілі хабарды жеткізу мақсатында зат не құбылыс атауын, қимылды, сапа-белгіні, қалыпты, санды т.б. білдіруі қажет. Сөйлеудің бұл функциясын сигнафикативтік деп атайды. Қарым-қатынас процесінде адамдардың бірін-бірі түсінуі сигнафикацияның бірлігіне негізделген. Бұл процестің іске асуын сөйлеуді үйретудің алғашқы кезеңінде оңай аңғартуға болады. Тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиге заттың не құбылыстың өзін не суретін көрсетіп тұрып айтсаңыз сөз мағынасының нені білдіретінін ұғады.
Жалпылау сөйлеудің екінші функциясы сөз және затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді.Сөздің бұл функциясы ойлау процесімен тығыз байланысты. Сөйлеу – абстрактылы-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың өмір сүру формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет