2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу
Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығын зерттеу мақсатында, Ленгір қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы № 4 – ші қазақ орта мектебінің 3- б сыныбында анкета және бақылау әдістері қолданылды.
Оқушыларға келесі сұрақ қойылды: ” Анкетаны аяғына дейін оқып, тізімдегі пәндердің ішінен сені қызықтырытынын ата”
1. Ана тілі
2. Қазақ тілі
3. Матеиатика
4.Орыс тілі
5.Дүниетану
6.Дене шынықтыру
7.Бейнелеу өнері
8.Еңбек
9.Музыка
Оқушылардың берген жауаптарын анализдей отырып, олардың қызығуларының бағытын, кеңдігін, қызығудың пайда болу себептерін және де қызығудың оқушылардың үлгеріміне қалайша әсер ететінін анықтадық.
Зерттеу нәтижелерін қортындылай отырып, келесі жағдайлар анықталады: 1. Сыныпта өтілетін пәндердің ішінен оқу – танымдық қызығушылықты тудыратын пәндер келесі математика 52% себебі түрлі қызығатын есептер шығарамыз. Ана тілі 54% себебі сабақта ертегілер, жұмбақтар,жаңылпаштар оқылады...
2. Оқушылардың пәнге қызығушылығының кеңдігі былайша көрініс береді:
2. сабаққа қызығады- 5 оқушы.
3. сабаққа - 5 оқушы.
4.сабаққа – 2.оқушы.
5. сабаққа - 4. оқушы.
6. сабаққа – 3 оқушы
7. сабаққа - 3 оқушы.
8. сабаққа - ------
9. сабаққа – 3 оқушы.
3. Оқушылардың арасынан 54% - ті ана тілі, 52% -ті математика пәндеріне белсенді қызығушылықты көрсетеді, себебі олардың осы пәндердің үлгірімі де жоғары.
4. 3-б сыныбында жақсы оқитын балалар: Шертаева.П. Ауесова.А. Жүнісов.Ә.Оларға сабақтар ұнайды, олар ізденеді,өздерінің бойында қызығушылықты көрсетеді.Үлгерімі төмен оқушылар: Бөтенбаев Д, Алдабергенова.Н, Ділдабаев С. Үлгерімі төмен оқушылар тек жеке әрекеттерді орындауға ғана бағыталады. Олар механикалық түрде ғана мұғалімнің іс – әрекетін қайталайды, оқу процесінің мазмұнына назарды аз аударады. Қорыта айтқанда,бастауыш мектепте қандай да болмасын пәнге терең қызығушылық сирек кездеседі. Жақсы оқитын оқушыларды түрлі пәндер қызықтырады, яғни олардың мазмұны. Түрлі сабақтарда түрлі тақырыптарды өткенде, оқушыларда интеллектуальды белсенділік пайда болып,қызығушылық көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |