Жұмыстың мақсаты — шикі және қайнатылған көкөністер мен бұршақ дақылдарының тіндерінің құрылымын зерттеу, жасушалардың кейбір құрылымдық элементтерінде-жасуша қабырғаларында, цитоплазмада, мембраналарда және т.б. өнімдерді механикалық және термиялық аспаздық өңдеу процесінде пайда болатын өзгерістерді анықтау.
Зерттеу объектілері - пияз, картоп, суға салып қойылған бұршақ дақылдары, картоп үлпектері.
Аспаптар, жабдықтар мен ыдыстар. Микроскоп (микрофотокамерамен); қауіпсіз ұстараның жүзі; препараттау инесі; заттық және жабын шынылар; сүзгіш қағаз; сыйымдылығы 100 мл төрт химиялық стақан; тамшылатқыш; келі мен келсап; фарфор шыныаяқ; термометр; сағаттық шынылар; шыны таяқша.
Реактивтер. 3%-дық йодты калийдің сулы ерітіндісіндегі 1%-дық йод ерітіндісі; 10%-дық ас тұзының ерітіндісі; 0,5%-дық поташтың сулы ерітіндісіндегі сафраниннің қаныққан ерітіндісі.
Оқытушының тапсырмасы бойынша қызылша, сәбіз, ақжелкен, үлпек түріндегі құрғақ картоп езбесі, сондай-ақ басқа да өсімдік өнімдерін зерттеуге болады. Шикі және қайнатылған өнімдерден алынған препараттарды зерттеу керек.
Жұмысты орындау техникасы
Микроскопты жұмысқа дайындау керек.
Көкөністерден препарат алу үшін әр данадан жұмсағының бір бөлігін бөліп, оны екіге бөлу керек. Бір жартысын қима алғанға дейін суық суға салып қою керек, екіншісін дайындығына дейін пісіру керек. Нәтижелерді салыстыру үшін микрокоптау үшін кесектерді пісірер алдында бір біріне жанасқан жерлерінен кесіп алу керек. Суға салып қойған үрмебұршақты екі жарғаққа бөліп, біреуін пісіреді.
Микроскоптау үшін әрбір заттық шынысыеа екі препаратты салады: сол жағында — шикі өнімдерден, оң жағында — қайнатылған өнімдерден алынған; оларға бір тамшы су қосып, жабын шынымен жабу керек. Артық суды сүзгі қағазымен алып тастау керек. Әрбір препараты боялмаған және боялған түрінде қарастыру керек.
Көкөніс препараттарына арналған бояғыштар ретінде сафранин қолданылады, ол пектинді заттарды қызыл-сары түске бояйды, ал жасұнық пен денатуратталған ақуыздарды— шие қызылға бояйды, құрамында крахмал бар көкөністер үшін йод қолданылады. Бұршақ препараттарын бояу тек йодпен жасалады, ол крахмал дәндерін көк-қара түске, ақуыз матрицасы мен жасуша қабырғаларын алтын сары түске бояйды.
Препараттарды бояу кезінде олардан артық суды сүзгіш қағазбен алып тастайды, бірттамшы тамызып, 2 мин тұрғызады. Содан кейін препараттардан артық бояу алынады, оларға бір тамшы су тамызып, жабын шынымен жабады.
Препараттарды микроскоптау алдымен аз ұлғайтумен, содан кейін үлкен ұлғайтумен жүргізілуі керек. Прпараттардың суретін салып алады немесе суретке түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |