Кіріспе зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі


Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын – алу жолдары



бет6/10
Дата04.03.2024
өлшемі367 Kb.
#494137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Негізгі бөлім

2.2 Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез – құлықтың алдын – алу жолдары

Девианттылық тұтасымен алғанда Қазақстанда күннен – күнге жасарып келе жатыр. Сондықтан жасөспірмдердің жат мінез – құлықтармен күресу мәселесі жас мемлекетіміздің алдында тұрған кұрделі мәселе болып табылады. Зерттеушілердің мақсаты – қоғамды уландырып жүрген осы аурумен күресудің түбегейлі ұсыныстарын жасау, оның себептерін бөліп көрсету.


Өткен ғасырдың көптеген ойшылдары қылмыскердің қара түнек бойынан жақсы бір қасиеттерін табуға тырысқан, сонда ол жақсы адам болар еді деген. П.Сорокин өзінің еңбектерінде адамның діни – этикалық мүмкүндіктерін жаңа идеяларды мәдени түрде қабылдау және қалыптастыру арқылы көрсеткен.Материалдық уақытша мәдени сезімдердің орнын руханилық пен шынайылық идеалдары толықтырады.
Яғни девианттылық бұл бұрыннан келе жатқан адамдардың бір әрекеті, оны ешбір қоғамда да түп – тамырымен жойып тастай алмаған. Бірақ оның өсу деңгейін минималды дәрежеге дейін төмендету және қалыпты деңгейде ұстап тұрудың нақты тапсырмаларын анықтап алуымыз керек. Яғни Жасөспірімдердің мінез – құлқындағы девианттылықты қарастыратын құқық бұзушылықпен күресудің заңдары мен құқықтар бекітілген жалпы мемлекеттік программа өңделуі және қабылдануы тиіс.
Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің тұлғасын қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар жүйесінің екі бағыты қарастырылды:
1.Тұлға дамитын ортадағы материалдық жағдайды қамтамасыз ету ;
2.Жасөспірімдерді тәрбиелеу
Бұл екі бағыт өзара тығыз байланысты болғандықтан оларды кең көлемде қарастырайық.
Отто Рюле “аштық тек адамның ағзасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның моральдық тұрақтылығына да әсер етеді. Аштықтың нәтижесінде физикалық және моральдық тұрғыдан құлдыраған адам тұлғасын елестету өте қиын. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеу адамдарды ессіздендіреді, ұят деген сезімнің жоғалуына итермелейді, ар мен адамдық сезімнің жоғалуына әкеледі Американдық ғалым Гербарт Антекер: “Кедей адамдар белгілі себептерге байланысты қатігездік жасауға бейім болады” – деген.
Сонымен жоқшылық адамдағы адами қасиеттердің жоғалуына әкеп соғады. Сондықтан материалдық жағдайды жақсарту керек. Бірақ сонымен қатар рухани белгілерді де бөліп алып тастауға болмайды. Көптеген ғалымдардың дәлелдеулеріне қарағанда қазіргі жастардың ең бір кемшілігі олар алдына саналы мақсат қойып және кездескен қиындықтарды жеңіп, оған жетуді ұмытқан. Шынында да экономикалық және руханилық факторларды тұтас байланыстыра қарастырған жөн. Девиантты мінез – құлықты Жасөспірімдердің мәселесіне бұл екеуін бөліп қолданған жағдайда күрделі нәтижеге алып келуі мүмкін. Ал оның тәрбиесіне келетін болсақ мінез – құлықты және қатерді ынталандыру әлеуметтендірумен басқарылатын процесс қарастырылады.
Жасөспірімдерді тәрбиелеу процесінде өзінің әрбір іс - әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін өзін - өзі ұстау жүйесі өңделеді. С.Ф.Анисимованың пікірінше “Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек”деген.
Тәрбиені тек оқу мекмесінде ғана емес, сонымен қатар басқа мекемелерде де тұлғаны ұжымда тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлді. Себебі жсаөспірімдер жат қылықтарды өзі мүше ұжымдарда жасайды. Ұжымда ондаған, жүздеген ары таза адамдардың арасынан девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді уақытында ажыратып алуға болады. Ал ондағы жақсы үлгілердің күші көп болса онда тәрбие тиімдірек болады.
Сорокин өзінің “Преступление и кара”, “Подвиг и награда” деген еңбектерінде дәлелдемелерге сүйене отырып нақты жауап береді. Мінез – құлықтың қажетті емес шаблондары бір уақыттың ішінде көп адамдарды қамти отырып терең және кең көлемде таралады. Басқалай қарастырғанда әлеуметтік қажетті акті өзінің интенсивтілігімен дамиды. Тарихтың дәлелдеуі бойынша олар көп жағдайда қайталанады және тұрақтырақ болады. Басқа процесс былай қорытындалады: шаблондардың ауысуының жылдамдығының өсуіне байланысты әлеуметтік жағымсыз шаблондар әлсіреп үлгере алмайды. Өзгерудің жылдамдығына байланысты жат әрекеттерді жоюдың күшті импульстарын жасауға мүмкүндік болмай қалады. Уақыт өте келе бұл импульстар әлсірей береді және соңында тіпті жойылып та кетуі мүмкүн . Осы жоғарыда айтылғандарды талқылай келе қоғамдағы негативті көріністерді толығымен жою мүмкін емес деген толықтырақ . “Кімде – кім өзіне жағымсыз қасиеттерді жоюға мақсат қойса, осының өзі алға қарай жылжу болып табылады. Дәл осы жағымсыз жақтар күресуді тудыра отырып, тарихта қалатын қозғалыс тудырады.
Сонымен девиантты мінез – құлық адамның руханилық және құндылық бағыттары түзелмейінше өмір сүреді. Әрбір адамның құндылығы қаншалықты барлығында емес, сол адамның барлық құндылықтарды қаншалықты игергендігіне байланысты. Діни идеалдың ғылымилығының әлсіреуіне байланысты және патриоттық идеалдың қалыптасуына байланысты қазіргі ұрпақ бойында сенімсіздік қалыптасты. Ол тығырықты жағдайда және осы тығырықты жағдайға байланысты барлық рухани емес және девианттылық бейімділіктер еркін дамуда .
Неге кейбір мемлекетте девиантты мінез – құлықтың деңгейі жоғары дәрежеде, ал кейбір мемлекеттерде оның деңгейі айтарлықтай төменгі дәрежеде деген сұрақ туындайды. Біріншіге Қазақстан, Россия т.б мемлекеттер жатады. Ал екіншіге – мысалы, Швейцария, Япония т. б мемлекеттер жатады . Мұның түпкі себептері екінші мемлекеттер қалыптасу жолында басқаларын қарағанда әлеумметтік теңсіздікті жеңе білді . Олар бұл мәселені қалай шешті?
Біріншіден япондықтардың тәжірибелерін қарастырып көрейік, себебі бұл мемлекеттерде девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге әсер ету жүйесі өте қызықты. Қызықты өйткені олар девиантты мінез – құлықпен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын идеалды дәрежеге дейін жеткізді десе де болады. Олардың девиатты мінез – құлыққа әсер ету жұмысының бір элементі оларда прокурорларға егер де девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге қылмыстық іс қозғамай - ақ әсер етуге болатындай күйді сезсе, онда оларға басқандай шаралар қолдануға мүмкүндік берілген.
Судиялар мұндай жағдайда жасөспірімге жаза қолдануды кейінге қалдырады немесе бас бостандығынан айырудың ең төменгі жылдарын тағайындайды. Ең көп таралған жазалардың бірі штраф төлеу болып табылады.
Девиантты мінез – құлықты іс - әрекетке япондық жүйеде әсер етудің келесі фундаменталды факторлар арқылы анықталды :

  • дәстүрді ұстанушылық , нақты қалыптасқан мінез – құлық ережелерін қатал ұстануға деген дайындықтары ;

  • некедегі адамдардың ажырасу деңгейінің төмендігі ;

  • мемлекетте жұмыссыздық деңгейі аз, халықтың жұмыс алуға деген құқықтары және әлеуметтік статустары қамтамасыз етілген.

Ал, Швейцарияға келетін болсақ, онда ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей жастар арасындағы девиантты мінез – құлықтың төмен болуының себептеріне төмендегілер жатады :

  • көмек көрсетудің орталықтануы және оның адамдардың қызығушылығына бағытталуы ;

  • Швейцарияда тұрмыс құрған әйелдер кәсіптік еңбекпен көп айналыспайды, осыдан мемлекетте жастар арасындағы қылмыстың деңгейі төмендейді ;

  • мектептік тәрбие жан – жақты қамтамасыз етілген, оқушыларға көптеген тыйымдар салынған, сонымен қатар мұғалім онда үлкен әлеуметтік статусқа ие Сонымен қатар бұл жерге қосатын нәрсе Швейцарияда жастар арасында жұмыссыздық көп емес.

Егер осы жоғарыда аталғандармен девиантты мінез – құлықтың төмендеуінің сапалы факторларын Қазақстандағы құқық бұзушылыққа әкелетін себептермен салыстырсақ, онда Қазақстандықтардың көңілсіз жағдайын көруге болады. Жұмыссыздардың жартысынан көбін әйелдер мен жастар құрайды, сонымен қатар республикамызда жұмыссыздық күннен – күнге жасарып келе жатыр.
Осының барлығы және басқа да көптеген факторлар жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез – құлықтың өсуіне жанама әсерлерін тигізеді .
Девиантты мінез – құлықтан жасөспірімдерді арылту үшін ата – аналар мен педагогтар мынадай үш бағытты ескерген жөн:

  1. Отбасындағы бала тәрбиесіне өзгертулер енгізу.

  • ата – ананың педагогикалық, психологииялық білімділік деңгейін, өзара қарым – қатынас мәдениетін көтеру;

  • отбасында тәрбиеленуші жағдайды туғызу;

  • ата – анаға баланың бойындағы кері сапаларды жоюға және жағымдыларын тәрбиелеуге көмектесу, жеке кеңес беру;

  • бала үшін нақты тәртіптің ұйымдастырылуын бақылау, баланың қараусыз қалуын жою;

  • баланың саналы әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), оның отбасы қарым – қатынасын ұйымдастыру;

  1. Сыныптағы тәрбие және білім беру жұмыстарын жан – жақты ету.

  • педагогикалық процестегі оқытушы мен ата – ананың біріккен әрекеттестігі;

  • сыныптағы тәрбие мен білім беру жұмыстарының іске асырылуы;

  • оқушылар арасындағы тұлғааралық қарым – қатынасты адамгершілікті ету, баланың өзін эмоционалды жақсы ұстауы үшін жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру.

  1. Баланың тұлғалық өсуіне көмектесу.

  • балаға қажетті психологиялық көмек көрсету;

  • интеллектуалды, рухани, эмоционалды – еріктік саласындағы кемшіліктерді жою үшін индивидуалды жұмыстар жүргізу;

  • балалардың жағымды қызығушылықтары мен білімділіктерін ескере отырып, белсенді әрекетке араластыру;

  • баланың мектеп бағдарламасын меңгерудегі жетістіктерін ұйымдастыру;

  • жетістіктер мотивациясын қалыптастырудағы жұмыстар.

Заңды өрескіл бұзып, қылмыс жасаушы жасөспірімдерге дер кезінде шара қолданбаса, оның тағы да қылмыс жасап, теріс жолға өзгелерді де тартуы мүмкін. Сонда не істеу керек? Барлық жағдайда қылмыскерді жазалап, бас бостандығынан айыру керек пе? Жоқ. Біздің ойымызша қылмысты жазалау арқылы тоқтатуға болмайды. Жазалау – мәжбүр етудің бір түрі .
А.С.Макаренко: “Менің мынаған көзім жетті”, - деп жазады ол, - жазылмайтын жерінде педагогтың жазаламай қалуға қақысы жоқ . Жазалау – бұл құқықтық шара ғана емес , сонымен қатар міндет те. Жазалау да басқа шаралар тәрізді табиғи қарапайым және логикалық орынды шара ретінде қолданылуы тиіс”.
Асылы девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен жұмыс істегенде жазалау шарасын аса сақтықпен қараған дұрыс . Олардың ақыл - кеңестің қай түріне де құлағы үйреніп қалғанын және бойында оны қабылдауға қарсы өзінше бір иммунитет пайда болғанын есте ұстаған дұрыс. Сондықтан бұл салада жан – жақты ұйымдастырылған тәрбие қажет. Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін ұйымшыл да тату ұжым қажет . “Берік ұйымдасқан ұжымда “қиын” бала өте қысқа мерзім ішінде жарасымды әлеуметтік байланысын қайта құрады”, - деген емес пе еді А.С.Макаренко .
Осы ретте әлеуметтік педагогтар мен девиантты мінез – құлықты оқушылардың арасындағы қарым – қатынасты дұрыс қалыптастыру – ең қажетті шарт “Білікті” ұстаз қандай “бұзылған” баламен де тіл тауып сөйлесе алады. Девиантты мінез – құлықты оқушының қоршаған ортамен байланысын кеңейту, оны мектептің қоғамдық өміріне тарту – қайта тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Сондықтан әрбір девиантты мінез – құлықты жасөспірімге қоғамдық жұмыстар жүктеу қажет. Мектеп тәрбие жүйесіндегі девиантты мінез – құлықтың алдын алу жұмысы – оқушыға ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту негізінде, олардың тұлғалық болмысының, санасы мен мінез – құлқының қоғамдық, әлеуметтік, мораль талаптарына сай мақсатты және жүйелі түрде қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогикалық, психологиялық процесс .
Мектеп тәрбие жүйесіндегі адамгершілік тәрбие мәселесін зерттеген ғалым педагогтар :

  1. оқушылар бойында адамгершілік сананы қалыптастыруды;

  2. адамгершілік сезімді тәрбиелеу және дамыту;

  3. адамгершілік мінез – құлықтық біліктер мен дағдыларды тәрбиелеуді бұл саладағы тәрбие жұмысының басты бағытын негізгі міндеттері ретінде белгілейді . Сонымен бірге зерттеушілер бұл процесс оқушылардың жас және психикалық даму ерекшеліктеріне қарай бірізділікпен, мәндік, мазмұндық, сабақта төмендегідей танымдық, білімділік, тәрбиелік мәселелерді шешу арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген педагогикалық нұсқауларды ұсынады. Олар:

  • жеке тұлғаның түрлі қатынастарға ену арқылы қоғамдық құбылыстарға арақатынасын, қоғамдық өмірмен жан – жақты байланыста болатынын және оған тәуелділігін, сондықтан қоғамдық мүдделерге сәйкес мінез – құлық тәртібін үйлестірудің қажеттігін;

  • адамгершілік мұраттармен, қоғамдық талаптармен, заңдылықтармен және олардың ақылға қонымдылығымен;

  • адамгершілік білімдерді адамгершілік сезімдерге айналдыруды көздеумен, сенімдердің жүйесін жасаудың қажеттілігін ;

  • тұрақты адамгершілік сезімдер мен адамгершілік сапаларды қалыптастыруды;

  • ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерту және өз тәжірибесінде пайдалана білу дағдыларды қалыптастыруды ұсынады.

Мектеп өмірінде оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне араластыру, шығармашылық істерге бағытталған сыныптан тыс үйірме жұмыстарын тарту, сол арқылы жинақталған білімді еңбек үрдісінде пайдалануға бағытталған іс – шаралардың, әсіресе ауыл мектептерінде жүзеге асырылмауы, баланың өзіндік бос уақытын мақсатсыз өткізуіне әкеп соғады. Олардың рухани, мәдени, эстетикалық, дүниетанымдық еңбектерінің мәні мен адам, қоғам өміріндегі маңызы туралы түсініктерінің қалыптасуына нұқсан келтіреді. Нәтижесінде олардың бейресми топтарға қосылуына, бірігіп жат мінез – құлыққа, тәртіпсіздікке ұрынуы мүмкін.
Девиантты мінез – құлықтан арылтуда тек қана бақылау – шек қоюмен ғана мәселені түп тамырымен жою мүмкін емес. Жасөспірімдерді нашақорлық пен ішімдіктен және т.с.с жат қылықтардан аластата отырып оларға осы жат қылықтар мен салауатты өмір салтының арасындағы өзіне керектісін саналы таңдауға мүмкүндік беру керек. Сонымен қатар тәрбие жұмысын айтқанда оларда біліктіліктің қалыптасуын, өзінің бос уақытын тиімді пайдалануын, салауатты өмір салтын қалыптастыру, осы мәселелерге байланысты диспут ұйымдастыру сияқты мәселелерді қалыптастыру қажет .
Әлеуметтік психологтар девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің тәрбиелік жұмыс арқылы алдын алуда оның рухани денсаулық әлеміне сүйене білу керек деген. С.Л.Рубинштейн өз еңбектерінде “Кімде – кім адамның кемшіліктерін жойғысы келсе оның бойындағы жақсы қасиеттерді іздестіру керек, тым болмағанда потенциалды қасиеттерді. Ең бірінші мәселе жасөспірімдердің энергиясын, біліктілігін қажетті нәрсеге қарай бағыттау, өзі таңдауға, шешім қабылдауға, өзі үшін жауап беруге, өзі жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету керек” – деген .
Орта мектептер мен мектептен тыс мекемелерде жат қылықтарға тәуелді болудың алдын – алу жөнінде әртүрлі деңгейде және әртүрлі мазмұнда іс – шаралар (дәрістер, сынып сағаты, нарколог мамандармен кездесу т.б ) өтеді. Өкінішке орай, мұндай шараларда жүйесіздік, мектеп жасындағы баланың жас ерекшеліктері ескерілмей, тек қорқыныш ұялтатын ақпараттар ғана орын алған. Бұл бағдарламалар үлкенге сеніммен қарайтын жасөспірімдер үшін ерекше роль атқарады, қауіпті қадамнан сақтандыратын ескертулердің жеткілікті болғаны жөн. Егер жасөспірімдермен жұмыс туралы жалпылай айтсақ, мұндай тәсілдің тиімділігі жеткіліксіз, себебі баланың жасерекшелігіне сай, орта мектеп сатысында үлкендердің беделін түсіруге икемді, олардың тікелей тыйым салуына және ұйғарымдарына кері мінез көрсетеді. Әсіресе, балаларды кінәлай айтылған ескертулерге, сын мен орынсыз сақтандыруға ерекше қарайды.
Жасөспірімдердің жат әрекеттерді қолданудың бірнеше себебі бар. Олар бір керемет ләззат алу үшін емес, өз мүмкүндіктерін анықтау немесе өз құрбыларының алдында беделінің басымдылығын, олардан едәуір ересек екендігін және ешкімге де тәуелді еместігін көрсету үшін қолданып көргісі келеді. Олар үшін өз құрбылар тобындағы қарым – қатынас ерекше. Топқа мүше болу мақсатында олар қауіпті іске өз денсаулығын қатерге тіге отырып барады. Жасөспірімдер – жоғары сынып оқушылары есірткіні, ішімдікті, темекіні жаңа әсер алуға, өзінің ішкі дүниесінің беймәлім жақтарын зерттеп білуге ұмтылу үшін қолданады. Осы жат әрекеттерді қарым – қатынас барысында туындайтын қиындықтардан құтылу, ауырғанды басу, сонымен қатар, сенімнен айырылған немесе жоғалтқан сәтте қарым – қатынас кедергілерін жеңу үшін де пайдаланады.
Егер біз жасөспірімдерді жат қылықтарға итермелеген мүмкін себептерді дұрыстап қарастырсақ, жат қылықтарға жасөспірімдердің жақындауы сезім әлсіздігі, жанұямен немесе өз құрбыларымен керіскен, ашу – ыза күйінде, жалғыздықтан, қарым – қатынас дағдысының, ыңғайлы өмір сүру ортасының болмауы, өзін жұмсай алатын және дара сыйластықтың дамуынан көреміз. Әдетте, дағдылардың ақпараттарды талдай алуы, іс - әрекеттерде табысқа жететін, тәуелсіздік және қауіпсіздікті сезетін, ұжымға қатысты және үлкендер қолдауына ие, жасөспірімдердің сеніміне лайық – олардың бәрі сақтанудың едәуір тиімді факторлары бола алады, бұл жат қылықтардың зияны туралы “жантүршігерлік” ақпараттардан гөрі тиімдірек.
Демек, қазіргі таңда жат қылықтарға тәуелді болудың алдын – алу үшін ең алдымен балалар мен жасөспірімдерді ішкі және өз ортасында кездесетін проблемалар мен тоқыраулардан шығуға көмектесетін өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталғаны жөн. Балалар мен жасөспірімдерде салмақты, дұрыс шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, қарым – қатынас дағдыларын жетілдіру, өз беделін кез – келген топта бекітуге көмектесу, салауатты өмір салтын ұстануды дамыту қажет.
Сонымен, білім беру ұйымдары алдына мынадай мақсат қояды – бүгінгі қоғамда белсенді өмірге дайын жас адамның өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайтын бірыңғай жүйе жасау. Бұл жүйе есірткі қолдану, спирттік ішімдік ішу, темекі шегу және басқа да жат қылықтардың алдын – алуы әлеуметтік – құқықтық құндылықтарға бағыттап тәрбиелеуде жауапкершілікті дамытуды басшылыққа алады.
Баланың тәрбиеленуі, білім алуы тек қана бүгінгі күнгі жағдайға ғана бағынуы мүмкін емес. Ол бала ертең өмір сүреді және бала жаңа өмір жағдайына дайын болуы қажет деген талаптан шығуы қажет .
Жасөспірімдерге әлеуметтік көмек көрсету өзіне көптеген бағыттарды қосады. Біздің ойымызша оның негізгі бағыттары болып төмендегілер саналады:
- жасөспірімдермен жұмыс әлеуметтік көмектің объектісі ретінде ;
- тәрбие агенттігіне көмек көрсету (оған ата – аналарды, мектептен тыс мекемелердегі тәрбиеленушілерді, білім беру мекемелеріндегі оқытушыларды және т.б қосқанда );
- қазіргі заман талабына сай балалардың өмір сүру ортасын қалыптастыру;
Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез – құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек:
- Жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
- оқушылардың жеке дара ерекшеліктері мен өзін - өзі анықтау құқықтарын сақтау;
- әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;
- оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
-аскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке бейім балаларға үлкендер тарапынан қатал жаза қолдану;
Осы жағдайдан шығудың ең тиімді жолы алдын алу жұмыстарына орта мектепке және басқа да білім беру мекемелеріне әлеуметтік педагог пен психологтарды көптеп араластыру. Шынында да ата – анасынан және басқа да мамандардан күдерін үзген балалармен тиімді жұмысты үнемі балалармен жұмыс істеп жүрген, мінез – құлқын түсіне алатын адам ғана жұмыс жасай алады. Сонымен қатар мектепте девиантты мінез – құлықтың алдын алу үшін оқу процесінде ақпараттандырылуы қажет:
1.Қандай да болмасын ағартушылық жұмыстары мектепте жұмыс істейтін арнайы оқытылған маман арқылы ғана жүргізілуі керек;
2.Ағартушылық жұмыстары бастауыш сыныптан бастап, оқу бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс. Осы жұмыстардың жүргізілуі барысында оқушыларға (оның психологиясына, әлеуметтік және экономикалық жағдайына әсер ететін) девиантты мінез – құлық туралы нақты және толық ақпарат берілуі керек;
3.Ақпарат аудиториядағы адамдардың ерекшелігіне қарай берілуі керек (жынысы , жасы және сеніміне );
4.Ата – аналар мен басқа да бала өмірінде үлкен беделге ие адамдар осы жат қылықтардың алдын алумен және ақпараттандырумен айналысуы керек.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет