Кіріспе зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ ЖОЛДАРЫ



бет5/10
Дата04.03.2024
өлшемі367 Kb.
#494137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Негізгі бөлім

2 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ ЖОЛДАРЫ


2.1Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлықтың алдын – алу барысындағы мектеп тәжірибесі

Жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие беру – псхологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптастыру компоненттерін қамтитын күрделі процесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік іс - әрекеттер барысында, олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп – салдарын анықтап алуды талап етеді.


Девиантты мінез-құлық – бұл балалар мен Жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамдық қауіпті әрекеттер жасауы.
Демек жасөспірімдердің бойын девиантты мінез – құлық нышандарынан арылту арқылы, олардың бойына орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылық бағдарларды, соның ішінде әсіресе, ең алдымен, ұлтжандылықты, азаматтылықты, жоғары моральдық және адамгершілік қадір – қасиеттер мен мұраттарды, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру орта мектептердегі оқу- тәрбие процестерінің негізгі міндеттерінің бірінен саналады.
Себебі қазіргі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтып отырған әлеуметтік дағдарыс (күнкөріс көзінен айырылып , жұмыссыз жүрген, сөйтіп кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік), жасөспірімдер бойында моралдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда. Мысалы, ішкі істер министрлігінің жергілікті бөлімшелері тарапынан жинақталып, сұрыпталған мәліметтерді екшелеп қарасақ, кәмелетке толмағандар тарапынан соңғы жылдары жасалған қылмыс пен заң бұзушылықтың өте жоғары деңгейде әр түрлі сипатта екенін байқауға болады. 2005 жылы Республика бойынша 135151 қылмыс жасалса, оның 6563 - ін жасағандар мектеп, гимназия, лицей оқушылары болып отыр.
Көптеген мысалдарға жүгінсек жасы кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың көп бөлігінің басты себебі, олардың спирттік ішімдіктеріне салынуы және есірткіге әуестіктері болып отыр.
Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс - әрекеттерін, ақпарат құралдардан (теледидар, түрлі – түсті ресми журналдар т.б) көргендерінің бәрін тез қабылдайды, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне жан дүниесіне қатігездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде, социолог Э.Дюркгеймнің тілімен айтқанда “тобырлық тұрпайылыққа” айналдыруда. Кешегі күні, кеңес дәуірінде жалпы одақ немесе республика немесе аймақ пен облыс, немесе аудан мен ауыл шеңберінде болған кез – келген қылмыстық әрекет баспасөзде жарияланып, терең мәнді тәрбиелік маңызы бар ашу – ызалы пікір таласын туғызатын. Осындай өткір қоғамдық пікірден қаймыққан құқық қорғау органдары қызметкерлері әлгі қылмысты тез ашуға ұмтылып, жан – жақты іздестіру жұмыстарын жандандырып жіберетін.
Ал, бұл күндері қанша ауыр қылмыстар жасалып, ол қоғамдық пікірді дүрліктіргенімен баспасөз бетінде қоғамдық, жалпы – халықтық деңгейде талқыланбайды. Өткен ғасырдың 80-жылдарықандай бір қылмыс түріне қатыстықтары болмаса да, қоғамдық, әсіресе, айқай – шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзғандары үшін үлкендерді жиі – жиі дүрліктіретін “хиппилер”, “панктер”, “металлистер”, “жылтырбастылар”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жөн – жосықсыз қылықтары баспасөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни жағымсыз қылықтарға үйір жасөспірімдердің тәртібі, мінез – құлқы тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті қатты ойландыратын. Көп болып олардың жаман жолға түсіп кетпеулеріне ат салысатын.
Қоғамдық тәртіптен ауытқушылық қоғамымызға жат қылық ретінде қарастырылатын. Ал, қазір адамгершілік сезімге жат, жаман пиғыл, жаман ниет адамдар арасында жиі кездесіп, әлеуметтік құбылысқа айналуда. Қылмыс – бұл “қылмыскердің мемлекеттік немесе қоғамдық құрылысқа, қандай да болмасын меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамға қауіпті іс - әрекеттер, сондай – ақ қылмыстық заңда көзделген құқықтық тәртіпке қиянат жасайтын қоғамға қауіпті іс - әрекеті. Осы тұрғыдан алып қарағанда қылмыс – қылмыскердің саналы әрекеті, яғни еркін әрекеті, алға қойған мақсатын іс жүзіне асыру үшін белгілі бір мақсат тұрғысынан оны іске асыратын құрал сайман әзірлеп, жоспар түзіп, қиянатты іс – қимыл жасауы.
Жасөспірімдердің тарапынан жасалып тіркелген қылмыстық істердің статистикалық мәліметтерін талдағанымызда, жастары өте төмен, тіпті жас балалардың қылмыстық істерге араласуы алаңдатушылық туғызады. Жылдан – жылға қылмыс жасаушылардың жасы жасарып келе жатыр. Қыз балалардың да қылмыс жасауы күрт өсіп отыр. Олардан жасөспірімдер арасында қылмыстық жауапқа тартылғандары 13% ке жетті. Қ.Р. Оңтүстік Қазақстан облысы тәртіп сақтау басқармасының насихат бөлімі Шымкент қаласында қылмыстық топтарға қатысушы немесе оларға еліктеуші жасөспірімдер арасында социолгиялық зерттеулер жүргізген.
Зерттеу сауалнама, интервью, салыстырмалы талдаулар сияқты тәсілдер арқылы өткізген. Бұл зерттеудің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның оңтүстік аймағында заң бұзушы жасөспірімдер 1,5% ұрлықты апиын шегіп алып жасаған. Жасалған барлық ұрлықтың 2/3 топталып жасалған. Ал, ұрлық жасап жауапқа тартылған жас қылмыскерлердің 39,6 % бір рет ұрлық жасап жауапқа тартылса, қалғандары, яғни 1/3 – і бұрындары бірнеше рет қылмыс жасап үлгерген. Егер бір аптада 3 – 4 ұрлық жасалса, оның 7,5% жасөспірімдер жасаған болып шығады. Ал, бір айда 8 – 9 ұрлық жасалса, оның 17% жасөспірімдер үлесіне тиесілі болып келеді, ал 3 айда 10 ұрлық жасалса оның 20,7% жасөспірімдер үлесінде. Жасөспірімдерден құралған қылмыстық топ жетекшілерінің 40% дене құрылымдары мығым, күшті, шымыр содырлар болып келсе, 20% қылмыстық заңды жақсы игергендер, 17% қару қолдана біледі, ал 13% ұрлық жасарда оның орындалу жоспарын дұрыс құруға ұста болып келеді.
Жоғарыда айтылған тәртіп сақтау басқармасымен бірлікте, оқушы жастар тарапынан жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің ішкі түрткілік механизмін анықтау мақсатында арнайы сауалнамалық зерттеу жүргізілген. Сауалнама сұрақтары жасөспірімдер көп жүретін дискотека, клубтар, кафе – барларда таратылған. Сауалнамаға 345 респонденттен жауап алынған. Олардың 38 % қыздар, 62% ер балалар. Олардың 31% мектеп оқушылары, 25% мектепті бітіргендер, бірақ не оқымайды, не жұмыс істемейді, 10% колледж оқушылары, 28% жоғарғы оқу орнының студенттері, жұмыссыздар, әр жерде уақытша жұмыс істейтін жастар, оралмандар.Сауалнаманың адамгершіліктік құқықтық сұрақтарына берілген жауаптарында қарама – қайшы пікірлер көп. Сауалнамаға жауап қайтарғандардың ақшаның қайдан келетініне мән бермей, әйтеуір болса болды дейтіндері – 44% құраған, екінші орынды адамгершілікті өз пікірлеріне, аз да болса арқау еткендер, “өзіңе ыңғайсыз жағдайды екінші адамға жасама” дегендер 41% құраса, үшінші орынды “әркім өз қалауынша өмір сүруге тиіс” – деген пікірді мансұқ тұтқандар 39 % дауыс жинақтаған. “Бідің заманымызда күшің болмаса, ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес” деп есептейтін қол күші мықтылар төртінші орынды қанағат тұтқан (33%), ішімдік ішу өмірдің ең қызығы деп санайтындар бесінші орында қалды (28 % ). Тұтас алғанда барлық сұралғандардың 17% заңды білу және құрметтеу, өз құқығыңды қорғау үшін қажет деген пікір ұстанып, сезімін білдірген. 31% заң талаптарына қызықпаймыз десе, ал 47% тәртіптілік пен заң талаптарын орындауға асықпаймыз деген пікірлер айтқан. Жасөспірімдердің арасында қылмыстық кодекспен істеген залалды істері үшін жауап беруі керектігін түсінетіндері де шамалы болған. Олардың 44% қылмыстық кодекс баптарынан аз – маз хабардармыз десе, 38% ешнәрсе білмейміз деп жауап қайтарған.
Тұтас алғанда сауалнама сұрағына жауап бергендердің 39% кез – келген қылмыстық істі жасауға дайын екендіктерін білдірсе, 21% ондай қылықтардан бас тарту керек деп есептейді, ал қалған 35% қылмыстық әрекеттерге бармауға тырысады. “Апиын, есірткі немесе организмге залалды заттар қолдандың ба? – деген сұраққа жауап бергендердің 35% жоқ” деп жауап берсе, қолданғандары туралы сұралғандардың 60% мойындаған.
Сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптардан байқап отырғанымыздай ішімдік ішуге немесе есірткі шегуге үйір жасөспірімдер қылмыс жасауға бір табан болса да жақын тұрады. Жасөспірімдер арасында орныққан келесі бір маңызды фактор олардың өз құрбы – құрдастарының арасында зорлық – зомбылық жасауға әзір тұратындықтары. Сауалнама сұрағына жауап бергендердің 33% - ң пікіріне қарағанда қазіргі кезде күш көрсетпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес болса, сұралғандардың 14% адамгершілік жасау әлсіздік белгісі деп санайды. Мысалы, сұралғандардың ішінен “Топтың көсемі болу үшін қандай ерекшелік қажет ?” - деген сұраққа 42% жақсы төбелеса алу керек десе, 53% өз артықшылығымен, ал 20% басқалай жауаптар қайтарған. Өз намысына тигендерге күшпен жауап қайтаруға сұралғандардың 45% дайын тұрса, 12% байқамаған сыңай таныту керек дейді, 16% басқаша әрекет жасайды, бірақ айтқанды түсінбесе, күш қолдануға мәжбүр боламын деген жауаптар берген.
Жасаған қылмысына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктірі төмендегідей болып келеді: 14 – жастағылар - 11%, 15 жастағылар - 7%, 16 – 17 аралығындағылар - 42%, көбіне 14 жасар балалар қылмысты топтасып жасайды.
Зерттеуге қатысқан жас респонденттердің пікірінше жалаң еліктеушілік жасөспірімдердің 29,4% есірткі шегуге итермелеуде. Жалаң еліктеушілік қасиеттер баспасөзде, теледидарда, бейнефильмдерде наркомандар туралы материалдар мен хабарлардың көп берілуіне қызығушылықтан туындайтындығын жас респонденттердің 15,3% мойындаса, 22,5% модадан қалмас үшін үйрендік деген, 25% азғындаған топтарға ілесіп, думанды күн кешулерде, дискоклубтарға барып жүріп үйір болғандарын мойындаса, 17% - аулада үйір болған, 8% көпшілік жатақханада үйірленген. Ең қорқыныштысы кейбір жасөспірімдер үшін апиынға үйірлік өмірлік мәнге айналып үлгерген. Ал, апиын шегілген жердің бәрінде қылмыс жасалатыны сөзсіз.
Алынған мәліметтер жасөспірімдер арасында кеңінен тараған қылмыстық істердің, жасалған ұрлықтың, зорлық – зомбылықтың, бұзақылықтың, күш көрсетулердің, жезөкшеліктің, т.с.с. пайда болуы мен дамуы себебін анықтауға мүмкүндік береді.
Сонымен бірге, бұл көрсеткіштер жасөспірімдер тәлім – тәрбиесі мен олардың қоршаған өмірдегі әлеуметтік педагогикалық өзекті мәселе екенін анықтай түседі. Бұл мәселенің өзектілігі, оны шешудің бағдарламалық нысандары, 1997 жылғы елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтің “Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” атты халыққа жолдауында жастар, соның ішінде әсресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесі, оларды салауатты өмір салтын насихаттайтын пәрменді іс – шаралар жүргізілуі тиіс” деп нақтылаған және бұл іс – шаралардың:

  • нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес;

  • темекі мен ішімдікті тұтынуды қысқарту;

  • әйел мен баланың денсаулығын жақсарту сияқты негізгі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылған.

Бұл мәліметтер Қазақстанның әр аймағында мектеп оқушылары арасында орын алып отырған келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз мінез – құлықтық қылықтарды ауыздықтауды, мектептегі тәрбие іс – шаралары мен тәлімдік насихатты істердің, қоғамдық талаптарға сай, ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды жасөспірімдірдің бойына сіңіру мәнінде жүргізілуін қамтамасыз ететін дәрежеде болуын талап етеді.
Жоғарыда талданған статистикалық зерттеу мәліметінің қорытындысы, біздің алдағы мектеп оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық зерттеу жұмысымыздың стратегиясын, әдіс – тәсілдерін анықтап алуымызға мүмкүндік туғызды. Эксперимент барысында төмендегідей әдіс – тәсілдер қолданылды:

  1. Оқушының тақырып мазмұны бойынша өз бетінше және нұсқауларға сүйене отырып пайымдау қабілеттілігін жетілдіруге бағытталған әдістер;

  2. Оқушылардың логикалық жүйелі ойлауына ықпал ететін тапсырмалар арқылы, тақырып мазмұнына сәйкес қажетті құндылық нысандарын таңдауға, талдауға үйрететін әдістер;

  3. Адамгершілік құндылықтарды қамтитын түрлі тәлім тәрбиелік нысандардың мәнін, маңызын меңгертуге бағытталған және әлеуметтендіру мәселелрін қамтитын тәрбие сағаты, диспуттар, сыныптан тыс тәрбие ұжымдары мен тікелей байланысқа құрылған іс – шараларды эксперименттік жұмыстар барысында қолдану көзделді.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары “ Жасөспірімдерді нашақорлықтан сақтандыруды зерттеудің теориялық мәселелері» атты тақырып аясында мақсатты түрде дайындалған 8 сұрақты қамтитын сауалнама арқылы жүргізілді.
Зерттеу тәжірибеміздің мақсатының бірі ретінде жүргізілген сауалнама сұрақтарында, ең алдымен бүгінгі таңда оқушылар арасында орын алған жағымсыз әдеттер сарапқа салынды. Сонымен бірге, сауалнама арқылы оқушының зерттеу проблемаларына, оны шешуге деген көзқарастарын білу, олардың адамгершілік құндылықтар туралы жалпы түсінік деңгейлерін, зерттеу нәтижелері арқылы Қ.А.Яссауи атындағы 123 мектептің тәрбие жұмысының мазмұнын анықтап көрсек.
Мектептегі сауалнамалық зерттеу нәтижелері төмендегідей:
“Оқушылардың арасында әртүрлі жағымсыз, керітартпа әдеттердің көбейіп кетуінің басты себебі неде?” – деген сауалнаманың сұрағына оқушылардың: 30% күнкөріс, тұрмыс ауыртпалықтары, жұмыссыздық, жоқшылық, кедейшілік т.с.с деген жауаптар қайтарса, 25% отбасындағы әртүрлі күрделі проблемаларға жөн сілтеген, 28% басқаларға еліктеулерден туған деген пікір білдірсе, ал 17% өмір қиыншылығынан деп көрсеткен.
“Осы керітартпа әдеттердің қоғамымызда қалыптасқан ұлтаралық келісім мен тұрақтылыққа, қоғамдық тәртіпке кері әсері болады ма?” – деген сұраққа 88% “иә, әрине болады”, деп жауап берсе, 12% “орта деңгейде кері әсері болуы мүмкін” деген пікір білдірген.
Жасөспірімдер мен балалар арасындағы ішімдікке әуестікті жою үшін қандай шаралар жасалу қажет деп ойлайсыз? – деген сұраққа сұралғандардың 65% алкогольдік ішімдіктерді өндіруге және сатуға тыйым салу қажет; 15% оны жою мүмкүн емес; 10% маскүнемді жазалау керек; 10% жауап беруге қиналамын дегн жауаптар қайтарған.
Осы сұраққа жауапты өз беттерінше толықтырып қайтарғандар “маскүнемдіктің” салдары адамдарды күтпеген қылмысқа, жан – жақты азғындап кетуге итермелейді.Сондықтан алкоголь ішімдіктерді өндіруді азайту, көп мөлшерде саудалауға тыйым салу және оны жарнамаламау керек. Маскүнемдікке салынушылықты тек негативті тұрғыдан сынап, баспасөзде үнемі жариялап отыру қажет. Сонда ғана бұл кеселге қарсы қоғамдық пікір қалыптасады,” – деп нақтылай түскен.
“Оқушылар арасында нашаға әуестенушілік жиі байқалады ма? – деген сауалнама сұрағына төмендегідей жауаптар қайтарылған. Сұралғандардың 25% “иә, жиі байқалады”, 50% “жоқ, көп көріне бермейді”, 25% “мүлдем байқамаймыз” деп нақтылап жауап қайтарған. Ал, осы оқушылар арасында аз да болса орын алып отырған нашақорлыққа қарсы күресті қалай жүргізген дұрыс болар еді? деген сауалға сұралғандардың 65% қарсы күрес медициналық және құқықтық жолмен жүргізілгені дұрыс деп жауап берсе, 25% тек құқықтық жолмен жүргізілгені дұрыс деген, ал 10% медициналық тұрғыдан емдеу арқылы күресуге болады деген жауаптар қайтарған. Ал біздің пікірімізше бұл кеселмен оған қарсы барлық шараларды қолдана отырып, көзін мүлдем жойған дұрыс сияқты.
Бүгінгі таңда, қоғамда орын алып отырған жағымсыз қылықтардың қатарына кісінің өзіне - өзі қол жұмсауы, өзін - өзі өлтіру фактілері жиі кездесуде. Біраз біреулер болған өмірдегі сәтсіздіктер, қысқа жіптің күрмеуге келмеуі, жоқшылық, кедейшілік, жұмыссыздық, т.с.с. себептер болып отыр деп дұрыс санайды. Бұл жайында оқушы жастар мен сұралған ұстаздар мен тәрбиешілер де өз пікірлерін білдірген. Олардың 90% жоғарыда мысал ретінде келтірген проблемамен бұл мәселені байланыстыра қарастырса, тек 10% ғана жүйке ауруы себепші деген ой айтқан. Әрине қазіргі таңда өзіне - өзі қол жұмсауға, өзін - өзін өлтіруге себеп болатын фактілер көп. Әсіресе дамушы елдерде әртүрлі тіршілік, тұрмыс ауыртпалықтарына, қиындыққа шыдай алмай өзіне - өзі қол жұмсайтындар баршылық. Дегенмен, бұл кеселдің біздің еліміздің халқының, соның ішінде, әсіресе жастар арасында жиі ұшырасатындығы жанға батады.“Қыздардың темекі шегуге үйірлігін керітартпа әдет ретінде санайсыз ба? – деген сауалға сұралғандардың барлығы (100% ) “иә, санаймыз” деп жауап қайтарған.
Жас қыздар арасында жезөкшеліктің көбеюін қалай түсіндіресіз? – деген сұраққа сұралғандардың 55% жұмыссыздық пен жоқшылық айыпты деген, ал қалған 10% қаражат табудың оңай жолы деп көрсеткен. Дамушы елдерде жезөкшеліктің көптеп етек жаюы қоғамдық дерт ретінде есептеледі.“Оқушылрадың сабаққа қатысуға, оқуға, өнерге енжарлығын жағымсыз мінез – құлық санатына жатқызасыз ба? – деген сауалға сұралғандардың 57% “иә, жатқызамыз”; 43% “жоқ жатқыза алмаймыз” деген қысқа жауаптар қайтарған.
Сонымен, жүргізілген сауалнамалық зерттеу нәтижелерін талдай салыстырмалы түрде негіздей отырып мынадай қорытынды жасауға болады.
1.Жоғарыда келтірілген сауалнама жауаптарының нәтижелерінен көріп отырғанымыздай моральдық және адамгершілік қадір – қасиеттерді аяққа таптап, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормаларды белден басып қайсыбір жасөспірім оқушылар тарапынан жасалып жатқан бұзақылық, бүгінгі таңда қоғамымызда орын алып отырған экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік дағдарыстың жемісі.
2.Алынған мәліметтер жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алу үшін жалпы білім беретін мектептерде адамгершілік құндылықтар негізінде этникалық, құқықтық тәрбие беруге баса көңіл бөлінуі қажеттігін, ал іс – шараларды 11 – 12 жастан бастап мақсатты түрде жүргізудің тиімділігін нақтылайды. Осы жас арасында балалардың өмірге шынайы көзқарастары қалыптаса бастайды. Бұл мақсатта арнайы оқу құралдарын шығарып насихаттау жұмыстарымен барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес білім, тәрбие, тәртіп сақтау, құқық қорғау институттары айналысуы шарт.
3.Сонымен қатар ірі елді мекендерде, әсіресе ауылда тұратын кәмелетке толмағандарды мектептен тыс немесе жазғы демалыс кезінде уақытша еңбекпен қамту мәселесі де өз көкейкестілігін жоғалтпай отыр. Бұл проблеманы шешудің бір жолы, бізің ойымызша балаларды жұмыспен қамтимын деген шаруашылық субъектілеріне нақты салық жеңілдіктерін енгізу қажеттігі болып табылады.
4.Жалпы өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың қайсібір ерік – жігері төмен бөлігінің көңіл – күйі мен сана – сезіміне кері ықпал етіп, оларды жағымсыз қылықтар жасауға итермелейтін факторлар көп. Олардың жасөспірімдер мен жастардың девиантты мінез – құлқының қалыптасуына қаншалықты дәрежеде ықпал ететінін, қоғамдық талаптар негізінде асқақты түрде айқындау әлеуметтік тұрғыда зерттеуді талап етеді.
Зеріттеуіміз көрсеткендей, біз осы жағымсыз әдеттер мен қылықтардың жасөспірімдер арасында кең тарағандарын ғана анықтауға тырыстық. Ал, енді оқушы жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарын батырлыққа, ерлікке бағалап, олардың сондай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауларына ықпалдары көбірек болып отырғаны ақпарат көздері, мемлекеттік емес газет – журналдар, тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер мен қылмыстық мазмұндағы кинофильмдер көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған тәуелсіз телеарналар.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ұлттық болмысымызға тән тәлім – тәрбиелік құндылықтарды игеруіне мүмкүндік жасайтын балалардың танымдық ерекшеліктрін ескерген арнайы көркем эстетикалық сапалы бағдарламалардың ақпарат көздерінен орын алуы тиіс деп санаймыз.
Сонымен қатар зерттеуіміздің мақсат міндеттерін негізге ала отырып 123 мектепте “Қоғамдағы жат қылықтардан арылту” атты тақырыпта өткізілген тәрбие сағатының мазмұнын мысалға алуды жөн көрдік.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыға қоғамдағы күннен – күнге көбейіп келе жатқан жат қылықтардың адам өмірі мен қоғам жағдайына тигізетін кері әсері туралы мәліметтердің негізін аша отырып, жасөспірімдерді жат қылықтардан аулақ болуға баулу, адамгершілік құндылықтардың маңызын тереңдете игерту.
Оқушы бойындағы адамгершілік қадір – қасиеттер оны қоршаған ортада: отбасында, мектепте, бейресми балалар ұжымында, басқалармен, соның ішінде ұстаздарымен, сыныптас құрбыларымен қарым – қатынаста, әр жасқа өткен сайын, түрлі сапада көрініс береді. Міне, сол бірде жағымды, бірде жағымсыз қасиеттердің ара жігін аша отырып оқушылардың тұлғалық болмысын, моральдық санасын, мінез – құлық сапаларын, қоғамдық өркениеттілік талаптарымен ұштастырылған ұлттық, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың негізінде әлеуметтендірудің маңыздылығын, тәрбие нысандарын, жолдарын анықтау, эксперименттік жұмыстарымыздың түрлі іс – шараларының негізгі міндеттері болып белгіленген.
Эксперименттік жұмыстардың қиындық туғызған мәселелері, аралық тексеру нәтижелерін талқылап, қорытындыларды жинақтап отырдық. Тәжірибелік іс – шаралардың аралық нәтижелілік сапалылығын тексеру мақсатында, экспериментпен қамтылған сыныптардың оқушыларымен “дөңгелек үстел” түріндегі сұрақ – жауаптық әңгімелесу, пікір – таластар өткізіліп тұрды. Бұл іс–шаралар барысы төмендегідей мазмұндағы мәселелерді анықтау сұрақтар аясында өткізілді:

  • адамның мінез – құлқының тәртібінің жағымды, жағымсыз белгілерін, олардың оқушылардың өз бойында көрініс табуының басты себептері мен ықпал ететін факторларын анықтай білу деңгейлерін;

  • еліміздің өркениетті дамуын қамтамасыз етуде, оқушыларға қойылар, бүгінгі қоғамның, әлеуметтік ортаның басты талаптарын түсіне білу мектеп өмірімен байланыстыра пайымдау деңгейлерін;

  • ұлттық рухани, мәдени, адамгершілк құндылықтардың мазмұнын танып білуге деге оқушылардың ықыластылығын;

  • “Девиантты мінез – құлық” түсінігінің мәні негізінде оқушылардың қоғам өмірімен, әлеуметтік ортамен түрлі салада (экономикалық, мәдени – ғылыми, діни, саяси, еңбек саласында т.б.) қарым – қатынастарға даярлықтың қажеттігін түсіне білу сапасын тексеру.

Көпшілік оқушылар жауаптарының мәнінен, тәжірибе жұмысы негізінде, оқушылармен өткізіліп жатқан тәрбиелік іс – шаралардың мақсатты жоспарлануы, ондағы мазмұнның белгілі мәндегі тәрбие міндеттерін шешуге тікелей бағытталуы, тәрбие жұмыстарын жүргізгенде балалардың игеруі тиіс тәлімдік білім мәселелерінің айқындалуы, олардың экспериментке дейінгі тәрбиелік білім деңгейлерінің өскенін аңғардық.
Шағын топпен “лабораториялық” мәнде жүргізілген бұл сұрақ – жауап барысында, оқушыларға сұрақтар мәніне қарай ойлана, саналы түрде талдау арқылы жауап беруге жетеледік. Олар тарапынан кейбір мәселелерді нақтылы мәнде түсініп, игеріп алғысы келген танымдық сезімдердің ашық көрініс тапқанын байқалды. Бұл құбылыс тәжірибеге қатысушы мұғалімдерге қандайда бір тақырыптағы тәрбие жұмысын өткізуде, оқушыларға тікелей мазмұнды, мәнді ғана қабылдату немесе ойдың, құбылыстың сыртқы пішінін танып білумен шектелмей, олардың сол мазмұн – мәнінің құрылу себеп – салдарын, олардың ішкі логикалық байланысын жеткізе білуге аса көңіл бөлу керектігін түсіндіруге мүмкүндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет