Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет4/4
Дата24.04.2016
өлшемі0.6 Mb.
#78662
1   2   3   4

«Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық роман ғана емес, Қабдеш Жұмаділов шығармашылығының тұтас зертханасы деп айтуға әбден болатын туынды. Балалық шақтан басталып баяндалатын оқиғалар тізбегі жазушының алпысты алқымдаған кезеңін тұтас қамтитын өмірдің өзінен тұрады. Алғаш рет өмірге деген түсінік танымы боз биенің сойылу сәтінен басталса, шығармашылыққа деген құмарлық нағыз қазақы ортадағы аңыз әдебиеті үлгілерінің озық үлгілерінен дастан, қисса, жырлар мен толғаулар, айтыстар мен ертегі, аңыздар тыңдаудан басталғаны анық [24, 410].

«Шыңжаң газетінде» ай сайын басылып жатады. Қашан да қатардан қалғысы келмейтін намысқой жас Қ. Жұмаділов әрі барлық сабақты беске оқып, қатарының алды болған озат оқушы енді ақындық өнерді игеруге бар ықыласымен кіріседі.

Алғашқы қадамымның бірден жақсы стартпен басталуы көңіліме зор сенім ұялатты. Өлеңді енді өндірте жазатын болдым. Сол алғашқы өлеңнен кейін, мен үшін газеттердің есігі айқара ашылды. Аймақтық, «Тарбағатай газеті» мен өлкелік «Шыңжаң газеті», жаңадан шыға бастаған «Шұғыла» журналдарына үзбей жазып тұрдым. Бірақ бұл кездегі өлеңдер уақыт талабынан, газет сұранысынан көп ұзамайтын, болсақ дүниелер еді», – деп еске алады қаламгер.

Жалпы, қаламгердің гимназияда білім алған жылы алғашқы шығармашылық жолының осы ортадан бастау алған үлкен өсу мектебі болады. Негізінен, жас ақынның прозаға келуіне даңқты жазушы Қажығұмар Шабданұлымен кездесіп, жақын танысып білісуіне «Бақыт жолында» деген әйгілі көркем повесін оқуы әсер етіп, ендігі жерде жаңа бір серпіліс, яғни прозалық шығарма жазуға деген ойға жетелейді. Бұл турасында жазушы ғұмырнамасында былай дейді:

«Қожығұмырдың жазда айтқан кеңесі әсер ете ме, маған енді проза жанрында да қалам тербеп көрсем деген ой келді. Басында ойға оралған тақырыпты қалай жазарымды білмей қиналып жүрдім. Оқиғаны суреттеп жазып та көрдім Бірақ, оларым өзіме ұнамайды бәрі өтірік сияқты болып көрінген соң, жыртып тастадым. Өлең деген ешқандай дайындықсыз-ақ, ойдан туа беруші еді, проза дегеніміз оңай көрінбейді екен. Көркем проза мен өлеңнің айырмашылығына енді ғана шындап ой жүгірте бастадым» [24, 411].

Роман – тұтас дәуірдің көркем бейнесі, көкжиекті елде болса, әңгіме сол көркемдік әлемнің бір бөлігі десек, өмірді әбден зерттеп танымай тұрып, кейіпкеріңді көз алдыңа айқын елестетудің өзі, қолға қалам алу мүмкін емес.

Әңгіме «Жамал» деген атпен 1956 жылы «Шұғыла» журналының бірінші санында жарық көрді. Бұдан кейін жазушы прозалық шығарма жазуға асықпағаным, себебі алғашқы осы шағын әңгіменің өзі қаламгерге үлкен дайындық керек екендігі туралы ойлады.

Мұнан кейін жазушының шығармашылық жолы өзінің туған жері Қазақстанда жалғасады. Қазақтың Ұлттық Университетінде білім алып жүрген жас жігіт әдебиетінің небір майталман ғалымдары мен қаламгерлерінен білімнің нәріне қанығып, шығармашылықтың әдіс-тәсілін, жанрлық ерекшеліктерін терең танып біледі.

Алғашқы шығармалар жинағы «Тұңғыш кітап» деген сериямен «Жас дәурен» деген өлеңдер топтамасында жарық көрсе, кейінгі әңгімелер жинағы «Қаздар қайтып барады» деген атпен басылып шығады. Мінекей, осылай жазушының арманы үлкен ағыстың өзін табады. Бірақ, Ә. Нұршайықов,
М. Мағауин көрген шығармашылықтың шырғалаң жолы Қ. Жұмаділовті де айналып өтпейді. Өз кезегі келгенде Қ. Жұмаділов те себепті де себепсіз, оңды-солды сын мен кедергіге көп ұшырайды [39, 56].

1968 жылы әңгімелер жинағы, 1969 жылы «Көкейтесті» романы жарық көрген қаламгердің дарыны әдеби қауым мен оқырманнан жақсы бағасын алады.Өмірдің өзінен аталып алынған бұл шығарма жазушының өзі жақсы білетін бір жігіттің өмірінің шындығы, шыралаң тақырыбы бейнеленеді.

1970 жылы жазушы үш үлкен үміт пен арманның мәресіне жеткен кезі болады. Себебі сол жылы өз өмірін өзек еткен «Соңғы көш» романын жазса, жазушылар одағы мен Компартия мүшесіне берілген құжат қолына тиеді.

Цензураның қырағы көзіне Қытай Республикасынан келгендігі мен ұлтшылдық идеясын анық білдіретіндіктен, Қ. Жұмаділов ерекше бақылауға алынады. Орталық Комитеттегі қырағы көз, әсіресе, коммунистер Есет Әукебаев және бас директор Әбілмәжін Жұмабаевтар жан-жақтан қысым жасаса, әрине редактордың орынбасарлығын атқарып жүрген Қ. Жұмаділовке роман жазу оңай шаруа болмайды. Ендігі жерде жазушы уақыт пен ортаның ыңғайына қарай еңбектенеді.

«Таңғажайып дүние» романының «Самғау» деген тарауы Қабдеш Жұмаділовтің тек шығармашылық зертханасының ерекшелігін ғана емес, жалпы жазушының шығармашылық өнер, психология, философиялық жақтарына деген өзіндік қалам ұстанған тәжірибесінің де қорытынды түйіндерін айтады, жан-жақты талдап, мысалдармен дәлелді көрсетеді [24, 623]. Жазушының өнерді жан-жақты меңгерген, білімділігі мен біліктілігін арттырып, көп жылғы тәжірибенің нәтижесінде, мұнан кейінде «Тағдыр», «Атамекен» романдарды жазады. Көптен бері қаламгердің көкейінде жүрген үлкен бір тақырып – тарихи шығарма болатын.Жазудың қиындығын оңайлатқан бір жайларды да жазушы шаттана сөз етеді. Ол дегеніңіз қоғамда да, саясатта да жаңа бір жариялылықтың лебі келіп, ақ дақтардың ашылып, тарихи тақырыпқа кең жол ашылған кезең еді. Ештеңеден жасқанбай, көсіле жазуға мүмкіндік туады. Материалдан да тапшылық көрмеген жазушының роман оқиғасын өмірі із түспеген тұтас бір дәуірден ойып алуына тура келеді. Мүмкіндіктің бәрін сәтті пайдаланған жазушы шығарманың мазмұны ғана емес, форма, стиль жағынан да кемелдікке ұмтылады. Прозадағы табиғи үйлесім, формалық тепе-теңдік дегендер де толық ескеріледі. Роман төрт бөлімнен, қырық тараудан тұрады. Әр бөлім – он тарау. Сөйтіп, «Тағдыр» романы қай жағынан алсаң да ешкім дау айта алмайтын дәрежеге жетеді.

Қабдеш Жұмаділовтің суреткерлік қалыбындағы атап айтарлық тағы бір ерекшелік, оқырмандарын өзі алдын-ала психологиялық тұрғыдан дайындап алуына тура келеді. Мәселен, Қытай мемлекетінде қазақтар барын, онда өзгеше өмір қалыптасқанын біле бермейтін қалың жұртшылықты көшпенділердің соңғы ұрпақтарының тыныс-тіршілігіне бойлай ендіруіне тура келеді.

Қазақ әдебиетінің тарихында үлкен орны бар, тарихи тақырыпты игеруде шығармашылықтың өзіндік мектебін қалыптастырған Қабдеш Жұмаділовтің жазушылық өнер туралы айтқан ой толғаныстары да қаламгерлік өнердің пәлсафалық негізін біліп, тануға септігін тигізетін ғылыми-теориялық маңызы зор еңбек болып табылады.

«...бодан елдің жазушысы арқалаған жүк-басқа жұрттың жазушыларынан әлде қайда ауыр деген сөз. Ұлт азаттығы үшін, оның тілі мен ділі үшін күресетін де, қуғын-сүргін, репрессия бола қалса, алдымен құрбандыққа шалынып, басын беретін де – сол жазушылар. Ал, адамдар соны біле тұра, осы бір қатерлі жолды неге таңдайды? Біздіңше, оның әр түрлі себебі бар. Біріншісі – бойға біткен талант ырық бермей, осы жолға еріксіз итермелейді. Екінші себеп – өз халқына деген шексіз сүйіспеншілік. Ұлтын шын сүйген адам ғана осындай құрбандыққа бара алады» [24, 143].




2.2 Ғұмырнамалық романдардағы өмірлік деректен туындаған пәлсафалық ой- тұжырымдарының көркемдік сипаты
Қазақстанның халық жазушылары, әдебиет – сөз өнерінің майталман білгірлері Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің шығармашылық зертханасына ерекше назар салып, олардың өзіндік ерекшеліктері мен шығармашылық тәжірибелеріне зерттеу жүргізгенде, шығатын қорытынды біреу ғана екеніне көз жеткіземіз.

Жазушылық о баста табиғат берген, туа біткен қасиет болғанымен, шын шеберлікке азапты ауыр еңбекпен, мол тәжірибе, машықпен жетесің. Бірақ ол тәжірибе артқан сайын шығарма жазу оңайлай береді деген аз емес. Жазушылық өнердің және бір ерекшелігі, ол – жалғыздың кәсібі. Гомер заманынан бері уақытқа бағынбаған, еңбек құралы өзгермеген, бірден – бір көне кәсіп те – осы жазушылық. Қазіргі техника дамыған, өркениеттің уақытында да жазушының құралы қалам мен қағаз. Жазу өнерінің өзге кәсіп секілді оқып, дайындап үйрететін мектебі жоқ, әлде кімге мұраға қалдыратын қолмен ұстап, көзбен көретіндей қасиеті де жоқ, тылсым өнер.

Шын суреткер әдебиетке өз өмірбаянымен келетіні, өмірбаянына орай төл тақырыбын ала келетіні белгілі. Жазушының концепциясы, стилі, қолтаңбасы дегендер осы тақырыбы ерекшелігінен туындайды. Алайда, сол тақырыпты игерудің өзі біркелкі болмайды. Кейде болашақ шығарманың материалын тынымсыз ізденіс үстінде, тарих қойнауын ақтарып жүріп табатын болсаң, енді бірде тағдырдың асау толқыны сені өзімен бірге дөңгелетіп алып кетеді де, біз қарастырған шығармашылық иелері Ә. Нұршайықов, М. Мағауин,
Қ. Жұмаділовтердің ғұмырнамалараның шығармашылық зертханасының бір – біріне өте ұқсас болумен қатар, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екенін көреміз. Бұл үш ғұмырнаманыңда бас идеялары – автор – кейіпкердің көтерген тақырыптарына орай беріледі. Зерттеу нысанамыздың негізгі мақсаты дерек пен көркемдік шешімнің арасындағы суреткерлікпен шеберліктің берілуінің мәнін ашу болатын. Ғұмырнамалық шығармаларда «мен» ұғымын, яғни бірінші жақтан баяндауды жоққа шығара алмаймыз. Себебі, мұнда баяндалар барлығы автордың тікелей басынан кешірген немесе автор қатысып, басы – қасында оқиғаның болған деректерден алынады. Орыс әдебиетінде мемуарлық жанрға үлкен үлес қосқан М. Горькийдің өмірде ұшырасатын әр түрлі адам типтерінің ғұмырнамада болуы орынды екендігі туралы айтқаны: «Адамдардың түрлі – түрлі болатынын білеміз, мынаусы – мылжың, анаусы – сөзге сараң, мынаусы – мазасыз әрі дандайсыған, анаусы – өзіне – өзі сенбейтін, ұялшақ, әдебиетші сараңдардың, пысықтардың, энтузиастардың, мансапқорлардың, қиялшылдардың, дөң мінездің, еңбексүйгіштердің, жалқаулардың, ақкөңілділердің, қаскүнемдердің, бүкіл дүниеге селсоқтардың т.т. осындайлардың бас қосқан, алқа – қотан ортасында өмір сүретін сияқты», – дейді [30, 89].

Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмырнамасындағы автор-кейіпкерлер де шарлаған өмір торабының барлығында да осындай алуан мінезді адамдармен қатысты болып, соларды көреді, жазушы тек саяси идеологиялық жағынан емес, өз өмірлерінде аса бір маңызды мәселелер кезінде біліктілік пен адамгершілік танытқандарымен қатар, күншіл, кекшіл, қиқар мінезді жандардың тіршілігін толығымен танытады. Авторлардың шығармаларының тақырыбы, жанры, концепциялары ортақ болғанымен, өмірлік жолдары, шығармашылық танымдары әр түрлі болуы себепті өмірлік деректі көркем бейнеге айналдыруларында да белгілі бір дәрежеде айырмашылықтары кездеседі.

Ә. Нұршайықов, Қ. Жұмаділовтер ғұмырнамасында шығармашылық жолды баяндаудан гөрі өмір жолын бейнелеу жағы басым келеді. Мәселен, бұл туралы ойын Ә. Нұршайықов былай деп тұжырымдайды: «Менің замандастарым» өмірбаяндық романы үш кітаптан тұрып, өзімнің отыз жылдық өмірімді қамтуға тиіс еді. Бүгін,ауруханада жатып, аяғын қасымдағы әйелім Халимаға ауызша айтып, (диктовать) етіп, екінші кітаптың соңына нүкте қойдым. Бұл екі кітапта алпысыншы, жетпісінші жылдар оқиғалары қамтылды. Үшінші кітап сексенінші жылдарға арналып,менің роман-диалогым «Ақиқат пен аңыздың» бас кейіпкері Бауыржан Момышұлына 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілу салтанатымен және менің Қазақстанның халық жазушысы атағын алуымен аяқталуға тиіс еді. Ол мақсаттың орындалу, орындалмауы денсаулыққа байланысты. Осы ақпанның төрті мен жиырма бірі арасында тура он рет өліп, тірілгендей болдым. Әйтеуір, дәрігерлер аман-есен алып қалды. Ар жағын бір тағдырдың өзі біледі. Әзілхан Нұршайықов. 23.02.1994 жыл [38, 332].

М. Мағауинде бұл ұстаным мүлде басқаша, жазушы оқырманына шығармашылық өнердің қиындығы мен жүзеге асу процесінен мол мағлұмат беруді көздесе керек. Сондықтан авторлардың бейнелер объектісінің


Ә. Нұршайықов пен Қ. Жұмаділов топтасып келу жағы басым болса,
М. Мағауинде даралап көрсету басым.

Бұл бір жағынан тағдырлары талай тығырыққа тірелген дүрбелең кезеңге өмірлері тап келген Ә. Нұршайықов пен Қ. Жұмаділовтің ғұмырлық жолдарына сай алынса керек. Жазушылар сол кезеңдегі деректерді оқиғалар көлемінде алып, өздеріне қатысты жағдайларды жан-жақты бейнелейді. Мемуарлық шығармада образдарды ұлттық характерімен жетілдіріп, келтіріп отырған жазушылардың өздері де, өз халқының ұлттық кескінін өзі арқылы да көрсетеді.

Осы арада мемуар авторларының ұлттық характермен көрінуі де жай шығарма жазушылардан басқаша бояулылау. Олар – біріншіден жазушы ретінде көзге түссе, енді, екіншіден, кейіпкер қатарында байқалады.

Жазушылар өмірде болған адамдарға типтік келбет бергенде, оның мазмұнына белгілі идея ұсынады. Ол идеяның өмірде болған жайлардан туындағанына сөз жоқ. Әрине, жазушы кейіпкерлерін басынан кешірген өмірлік ситуацияларға бейім қалпында суреттеп алып келеді. Зерттеушілер


Ю.Опелянский мен К.А.Федин: «Алайда, тіпті өмірбаяндық туындылар мен құжаттың тарихи романдарда уақыттық жылжуларға, әр түрлі адамдарға тән қасиеттердің бір ғана кейіпкердің бойына жинақтауға жол беріледі [40, 93], – дегені осы ойларымызға дәл келетіндей.

Образға айналған өмірдің қарапайым адамдары енді бір жағынан, автордың идеясын алған, алып барушы да болады. Автор ол бейнелерге еш те селқос қарай алмайды; енді әр бейне автор өмірі мен қоғам, әдебиет, мәдениет ісіне қосқан үлесімен суреткерге тікелей қарым-қатынасы арқылы бейнеленіп, баяндалмақ. Осы контексте өмірдегі жан ойлауы мен мемуардағы бейне ақыл–парасаты автор идеясымен қабысып та қалатыны фалсапа емес.

Мемуарлық шығарма кейіпкерлерінен де авторды көреміз. Шығармада жазушы кейіпкерін шығармаға енгізуші ғана емес, олардың әр қайсысына өз бағасын, үкім парасатын айтушы ғана емес, әр қаһарманның өмірін өз басынан өткеруші, соларша сөйлеп, соларша өмір кешуші де. Және жазушы кейіпкерлері арқылы бүкіл қоғам жөнінде ой толғаушы да. Осы жайлар авторды атшыл да, бейнешіл деп те танытады. Сондықтан да «Идея кейіпкерге айналуының өзі – нағыз искусство» деген Бальзактың сөзін келтіреді.

Тарихи тақырыпта, деректі, документті шығарма жазудың ерекшелігі, өз амалы тәсілі, бары айтпаса да белгілі кезеңде,нақтылы дәуірде өмір сүріп, ғұмыр кешкен адамды қалай көрсету қажет? Мұнда, ең алдымен айтылар жай сол кесіп-пішіп қойған, тұп-тура мына үлгіде болу керек деген шартты нұсқа, өлшем жоқ. Әрине, тарихшы жазса, ол өзі алған белгілі адам өмірін бүге-шегесіне дейін қалдырмай, ай-күнін, жылын көрсете отырып баяндайды. Ал, нақ сол адамды жазушы жаза қалса, ол ең алдымен өзіне кірген, өзі жазбақ, көрсетпек болған бағыт-бағдарына лайықтап, ерендеп, екшеп, талдап, там- тұмдап алады.

Біз қарастырып отырған ғұмырнамалық роман жанарындағы өмірлік деректің көркем шешім табуы көбіне жазушының суреткерлік шеберлігінен гөрі оның негізгі идеясынан, қаламгерлік мақсат-мүддесінен туындайтын болса керек. Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтер ғұмырнамалық роман жазуда бұл жанрдың ерекшеліктерін жан-жақты ескерген. Сол себепті де олар өмірлік деректің бәрінің ізімен бірыңғай жүріп отырмайды. Бірақ олар одан оғаш, мүлде алшақ кете алмайды. Сол өзі жазып отырған тарихи адам өткен орта, уақыт, адамдар, замана көлемінде, соның шеңберінде жүріп, өзі алдына қойған мақсатты бетке ұстап, тек өзі бетке алған нысанға қарай жүреді. Демек, жазушылар жалған жазбайды, жанынан ештеңе қоспауы да мүмкін, сондай-ақ, ол адам өмірін жіпке тізгендей, байқашағына дейін шағып көрсетуді міндет етіп алдарына қоймайды. Олар өздеріне керек деректі алады. Сол алған деректің өзін идеясына, алған мақсат-мұратына бағындырып алады, соған үйлестіреді. Мемуарлық шығармалардағы бір ерекшелік – оның негізгі сюжет жемісінің құрылымы сондағы бейнелер адамдар мен олардың іс-әрекетінен түзілмей, олардың бәрінің куәсі болған, сол сан уақиғаның нағыз ортасында сезінген жазушының автор – кейіпкерлік өмір жолының болуында. Негізгі сюжеттен таралатын ірілі-уақты көп сюжеттердің де болуы – мемуарлардың баршасында да дерлік біткен жай. Негізге шырмала өскен сюжеттер бір емес, әлденеше болады. Сан сюжеттердің шекарасы көзге айқын – ақ турады. Олардың бәрі өз шегіне жетіп, аяқталса, енді бірі сол аяқталған оқиғалардан бастау алып, өрбіп жатады. Бірінен соң келесісі басталатын ұзақ сюжеттер көшін өрбітіп отыратын бір ойлы ұзақ ырғағы бар. Ол жазушы кейіпкер өткерген жол ізі және оның бет алысы. Бас сюжет деп отырған негізгінің өзі де осы мемуардағы ұзын жоталы өрлеулік «лирикалық сюжет». Әрине, ол – «адамдар арасындағы арақатынастардың, байланыстардың, қайшылықтардың, тартымдылық пен көріксіздіктің, әрбір қаракеттердің өсуі мен жасалуының тарихы да» [23,14]. Мемуардағы бас сюжет көп жайда шығарманың композициясына теңесе келеді.

Сюжет көпшілігі, композиция көлеміндегі кейіпкер жолына шарттас, бұнда да «...сюжет қаһармандардың характерлерінен туып, қалыптасады» [40, 347], – деген жазушы К. Фединнің ойымен орайласады.

Мемуарда автор – кейіпкер жолы сюжетке айналып отыруы да кездесетін жай. Мемуардағы образдар мен уақиғалардан автордың стилі, білім, гуманистік ой бағдары байқалады. Бүкіл болмысы мен жазушылық жолды айтып, өткенмен үйретіп, кеңесіп қана тынбайды, ол сол көне ішінен бүгінгі, келешекті аңғартады; жазушының оқытушылық тәлімін жоғары ұстай отырып, тарихи және әдеби материалдарды оқырманына бірдей жеткізеді, ол ғасыр шежіресі де.

Автор кейіпкердің ортаға қажет жайы сюжет түрін белгілейтін негізгі нүкте. Осыған сәйкес мемуар сюжеті үш жікте қарауға болар еді:

Біріншіден, оқиғаға араласа жүрген автор кейіпкердің өмір жасынан қорытылар логикалық сюжет; екіншіден, мемуар автор атынан сөйлеуші есімді кейіпкері бар, сол қаһарман өткен жолдан алынар «баяндау» сюжеті, үшіншіден осы екі түрдің араласа келуінен жасалар – аралас сюжет. Автобиографиясында өзін кейіпкер етіп ұсынушы жазушылар бір уақыт ішінде екі процесті бастан өткерді, бірі автор-жазушы қалпындағы суретшілік болса, келесісі автор-кейіпкерлік, қоғамдық өмірдегі қайраткер тұлғасы. Міне, осы қайраткер тұлғасы кейіпкермен мемуардың басынан аяғына дейін қатар жол шегер екінші бір басқа бейне – көркемдік автор ойы.

Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтар мемуар жазуда өз өмірлерінде үлкен әсер ізін қалдырған кездердің қоғам мен адам үшін бір пайдасы бар мәнді тұстарынан алып бейнелейді. Алдарына айқын мақсат қойып, өздері өткерген биографиялық жолдары, не өмірдің белгілі бір биліктерін суреттеуді нысана етіп, қаламдарын дұрыс деректерге түзейді. Өмірді бастан аяқ баяндау үш жазушының да ұстанымдарында кездеспейді. Егер бір тұтас өмірдің әр күнін әңгімелеумен шектелген болса, ұлы сыншы


В.Т. Белинский айтқандай, «...фактілерді тек жалаң эрудиция арқылы нақтылы жеткізу мүмкін емес...» [31, 551].

Хронологиялық принципті бірізділікте сақтамаса да, өзге де композициялық құрылымдарды жүзеге асырған, автор-кейіпкер өзінің өмірінің қиын, шырғалаң шақтарын арқау етуі Ә. Нұршайықов, М. Мағауин,


Қ. Жұмаділовтердің үшеуіне де тән жағдай. Ғұмырнамалық романдарды зерттегенде, алдымыздан шығатын ең үлкен сұрақ ол өмірлік деректердің көркем шығармаға айналуындағы мәселелер. Мұндағы басты мәселені дерек пен көркем қиялдың шығарманың құрылымында үйлесім тауып қолдануында автордың шеберлік сырларын ашып көрсету де мақсатқа кірмек. Өмірде болған адамның өмірінен жазылған көркем ғұмырнамалық романдағы, шындық пен деректің бір біріне ықпалын қарастыру да біздің зерттеудің басты ұстанымы. Мемуар – жазушы – бұл сөзсіз зертеуші, талдаушы. Себебі ол өзі баян еткелі отырған тағдырдың әр бір дерегін білуге тиіс. Ол тек сыртқы жағдайда ғана емес, ішкі себептерді де түгелімен білуге міндетті. Сондықтанда автор – кейіпкерге қойылар талап мұнан ары да ауырлай түспек. Ол ғылыми танымы, әдеби қаблеті, таланты тоғымға бай жан болуы тиіс. Теориялық талаптың бірінші бөлімі зертеліп отырған прозаның – «көркемдеуіне» – байланысты оның талаптарының эстетикалық мәні және де көркем әдеби болсақ, ғұмырнамалық романдарда көркем болжам мен қиялдың болуы кездейсоқ емес. Керісінше, аса қажетті компонеттің бірі болмақ. Олай болса, екі кезең аса қажетті болып табылады. Бір жағынан, деректілік көркем-ғұмырнамалық роман үшін ақиқат айтудың құралы болса, екінші жағынан, шығарманың көркем қасиетін танытатын негізгі ой болып табылады. Бұлардың біз зерттеп отырған жазушылар шығармаларында бейнеленуі қаншалықты дәреже де қарайтын болсақ, қиямет жүзеге асқандығына көз жеткіземіз.

Бұл тұрғыдан келер болсақ, біздің зерттеу нысанына айналып отырған ғұмырнамалық романдарының өздеріне тән ерекшеліктері айтарлықтай қомақты болып табылады. Жазушы Ә. Нұршайықовтың өмірбаяндық романындағы өмірде болған оқиғаларды санада қайта жаңғырту үшін негізгі дерек көзі қаламгердің естелік хаттары,сыр шертетін суреттері, ширек ғасырға жуық жазған күнделігінің мән маңызы зор [37, 160]. Өткенге қысқа шегініс жасасақ, күнделік – әдеби туындының басты дерек көзі болып табылады. Әлем әдебиетіне, алыс – жақын елдердің руханият, үлгілеріне ден қойсақ, күнделік жазу тәжірибесі көптен қалыптасып, дұрыс бағыт, жолға қойылған. Поляк А. Янушкевичтің хат жазбалары, декабристердің мемуарлық мұралары, А.С. Пушкин, Ф.М. Достоевский, М. Пришвин және т.б. күнделіктеріде аталмыш жанрдың қалыптасуына кең өріс, мол мүмкіндіктер ашты. Мінекей, қазақ әдебиетіндегі күнделіктердің де ұзын-сонар саны жетерлік. Әрбір жазылып аяқталған күнделіктің өзі бір бүтін көркем шығарма.

Жазушы Ә. Нұршайықов шығармашылығында естелік, күнделік, хат үлгілері кеңінен қолданылады. Автор әдеби портреттерде, әскери жазбаларда, журналистік толғам-толғаныстарында, кездесу-сұхбаттарда шығармашылық шеберхана, әдіс-тәсілдер тұсында да естелік, күнделік, хат жазбаларға кең орын береді. Сол арқылы жазушы еңбегі, шығармашылық хақында кеңінен ой толғайды.

Ә. Нұршайықов шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі – естелік, күнделік, хат үлгілері: «Автопортрет» (1977), «Өмір өрнектері» (1987, 2000), «Қаламгер және оның достары» (2000) т.б. кітаптарының басты арқауын құрайды.

Ә. Нұршайықовтың журналистік «Қойын дәптерден» басталған жазбалары әдеби және тұрмыстық күнделіктерге ұласты («Өмір өрнектері» т.т.). жастарға арналған маслихат сөздер, газет-журналдарға берген сұхбаттар, ұл-қыздарға арналған ақыл-кеңестер, оқырмандарға жауап т.с. жазушы шығармашылығының қыр-сырынан мол деректер береді. Академик-жазушы
М. Әуезов сөзін еске түсірсек: «Естелік әдебиеттің ең керекті жанрларының бірі. Оны бағалауды орыс әдебиетінен үйренуіміз керек. Естелік орыс әдебиетінің ең бір құнды және жұрт құныға, құмарлана оқитың саласы. Естеліктер арқылы елдің ардагер ұлдары өз халқымен қоса өмір сүреді. Алаңдарға ардақты адамдардың тастан қашалған мүсіндері қойылады. Естелік те сол сияқты. Бірақ бұл сөзден соғылған әдеби мүсін, жанды бейне...» [32,
317].

Демек, естелік-күнделік, хат үлгілері-ұлтқа керек, әдебиетке қанат, келешекке аманат қазыналардың бірі.

Ә. Нұршайықовтың әдеби күнделіктері – «Өмір өрнектері» деген атпен екі рет жарық көрді (1987, 2000 ж.ж.).

Әдеби күнделіктер кітабының алғашқы басылымы көлем жағынан шағын (448 бет) болса, екінші жарық көрінуінде естелік-эсселермен толыққан (608 бет, қосымша суреттер берілген), оқырманға хат және түсініктер орын алған. Автордың өз сөзімен айтсақ: «30 жылдан аса қойын дәптерге түрткен «өмір өрнектері» кірді».

Екі басылымның да алғашқы беттері – «Автордан» деген алғы сөз іспеттес шағын жазбадан тұрады: «Өмір өрнектері» автордың үстел басында отырып жазған кітабы емес. Жолаушы шыққанда зулаған поезд вагонында, зымыраған машина ішінде, самғаған самолет бортында отырып, қалада жүргенде көшеде келе жатып жазған кітабы. Дәлірек айтқанда, бұл менің замандастарымның сырт пішінін, «іс-әрекетін, жүріс-тұрысын және мінез-құлқын көргенде, әр түрлі адамдармен етене танысып, олардың бастарынан өткен оқиғаларды білгенде туған ойларымның ұшқындары: теңеулер, түйінділер, тұжырымдар, диалогтар, мөлтек әңгімелер. Бұл кітапта мен әр жылда әр блакноттың бетіне түскен осы ұшқындарды жинақтап, бір жүйеге келтірдім...[41, 301].

Кітапты тұтас алғанда оның жанрын әдеби күнделік деп атау орынды. Автор ай сайын, жыл сайын қойын дәптеріне әдеби ойлар өрнегін түсіріп отырады. Әдеби күнделікке күн сайын бір жол жазылмай қалмайды. Тіпті науқастанып, ауруханада жатқан кездердің өзінде де ол «Аурухана әңгімелері» деген тақырыппен әркімдерден естіген өмір оқиғаларын тынбастан дәптеріне түрте береді. Былай қарағанда, бұл кітап автордың творчестволық зертханасына, әдеби-философиялық және әлеуметтік көзқарасына да ұқсайды. «Осы сюжетсіз жазбалармен де оқырманға ой салып, ғибрат ұсынсам, әсіресе, жас адамдарға, жаңа талап жас қаламгерлерге бұл еңбек пайдасыз болмас» деп үміттенеді [41, 305-306].

Мұның бәрінен байқалар жайт, жазушы Ә. Нұршайықов әдеби күнделіктерін жазу арқылы қоғам-кезең көріністерінен өзге, адам мен оның еңбегін, болмыс-бітімін, достық пен махаббат сезімін ардақ тұтады. Ерлік пен еңбек тақырыбын кеңінен қозғайды. Жақсы-жаман, жастық-кәрілік, әйел-еркек, қыз-жігіт, әке-бала, аға-жеңге, әже-немере, ұстаз-шәкірт, ар-ұят, намыс-нысап, бата тілек, ай-күн, жыл аттары, жан сұлулығы, өмір-уақыт сырлары, журналист т.с. әр алуан қырынан көрсетіледі. Ең негізгісі, әдеби күнделіктердің авторы

Абай айтқан:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз, –

деген даналық ойлар мәйегін жадында берік ұстап, сол арқылы Отан, патриотизм, адам әлемі мен оның асыл қасиеттері, еңбек, білім, ғылым, ата-ана, ұстаз-шәкірт, жастық, махаббат, денсаулық, дін, тәртіп т.т. зор маңыз береді. Қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы орын үлесіне, сыр-сипаттарына ерекше ден қояды.

«Әдеби күнделіктерден» орын алған адалдық, әділдік, әдет, бата, байлық, ақын-жазушы, жастар, әйел, неке, отбасы, нысап, сезім, сыр, талант, тәрбие, тәртіп, ұстаз, шәкірт т.т. тақырыптардағы шағын көлемді жазбалар – адам мен оның өмірін, еңбегін кең көлемде көрсетуге арналған. Автор әрбір тақырып, мәселелерге зор маңыз беріп, артық-кем тұстарды байыпты саралап, соның негізінде ұлттық құндылықтарға, адам мен өмір, еңбек мұраттарына, жастық, достық, махаббат ғаламаттарына зор маңыз береді.

«Әдеби күнделіктердің» кейбір үлгі-өрнектері – «Автопортрет», «Сөзстан», «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақстан әйелдері», «Жас Алаш» т.т. баспасөз беттерінде, жекелеген кітап, жинақтарға енгенімен, «Өмір өрнектерінде» жүйелі сипат алған.

Асылы, «Өмір өрнектері» – Ә. Нұршайықовтың әр жылдары жүйелі түрде жүргізіліп келген әдеби күнделіктерінің көрсеткіші, жиынтығы.

Әдеби күнделіктердің тұтас табиғатынан өмір-тұрмыстың, адам мұратының, адамгершілік пен азаматтықтың, болмыс-бедерінің алуан өрнек, үлгілері бар.

Автор күнделік табиғаты туралы: «Мен әдеби күнделіктен басқа тұрмыс күнделігі деген екінші бір күнделікті қоса жүргіземін. Қазір оның 124-ші бетін жазып жүрмін. Оларды роман деп атаса да боларлық. Бірақ романға арналып ықшамдалып құрылған белгілі сюжет жоқ. Сондықтан мен оларды «Күнделік. Сюжетсіз роман» деп атағым келеді» деп жауап бергені бар [41, 310].

Ал әдеби күнделіктер кітабы туралы былай деп жазады: «Бұл – «Өмір өрнектерінің» бірінші кітабы. Мұнда 1953-1986 жылдар аралығындағы өмір өрнектері қамтылады. 1987 жылдан күні бүгінге дейінгі «2000 жылдың шілдесіне дейін» «Өмір өрнектерінің» екінші және үшінші кітаптары баспаға және әзір тұр. Егер Нұртай тәрізді ер көңілді азаматтар табылып, демеушілік қолын созса ол кітаптар жарыққа шығып, оқырман қолына тиюі ықтимал. Олар өзім барда жарыққа шыға ма, жоқ па – білмеймін. Өйткені өзім де өмір көмбесіне жақындап келе жатқан «жүйріктердің» бірімін ғой. Егер көзім тірісінде жарық көрмесе, онда ұрпағым, жора-жолдастарым ол қолжазбадан да менің мінез-құлық, ой өрісімді көріп, мен туралы түсініктерін толтырып, ұғымдарын ұлғайтар деп үміттенемін.

Ал бұл кітаптың аяғы бар ма деген сұраққа келсек, бұл ешқашан аяқталмайтын, жалғасы жоқ кітап. Өйткені өмір ұдайы ілгері ұмтылып, оның өрнектері ұласа береді. Оның өрнектерін бір жазушы емес, бір миллион қаламгер қағазға түртіп, тауыса алмайды. Өйткені өмірдің аяғына ешкімнің ғұмыры жетпейді. Сондықтан өмір өрнектері әр ұрпақтың өз ұғымымен әшекейленіп, алмаса береді» [41, 605].

Мұның ақиқатын ұстаз-ғалым Ә. Ыдырысовтың: «Өмір өрнектері» – эпопея! Эпопея болғанда – күнделік эпопея! Эпопеяның жаңа күнделік түрі!» деген салмақты, тағылымды ойларымен түйіндеуге әбден болады [42, 11].

Жалпы алғанда, «Өмір өрнектері»-уақыт ұсынған тақырыптарды автордың көңіл күнделігіне түсіріп, жүрек таразысына салып, жан шуағы арқылы жеткізген қымбат қазына, рухани олжаларының бірі.

Негізінен алғанда, Ә. Нұршайықовтың әдеби күнделіктері («Өмір өрнектері», «Қаламгер және оның достары» т.б.) өмірден өрбіген, көзбен көрген шындық жайттардың көрінісі болса, ондағы достық, махаббат мәселелері – адам, өмір мұратын, еңбек рахатын, азаматтық-адамгершілік қасиеттерді, жастық, сыр-сезімдерді ардақтау мен аялаудан тұрады. Басты ерекшелік: жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберханасынан, оның ішінде эпистолярлық мұрасынан адамның асыл қасиеттері – адамгершілік пен азаматтық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, адалдық пен шыншылдық, ақыл-парасат пен білім-ғылым нұры, достық пен махаббат мерейі, еңбек мұраты мен тәлім-тәрбие иірімдері кеңінен көрініс табады. Асылы,
Ә. Нұршайықов шығармашылығында бұл мәселелердің бәрі-баршасы – Адам факторы, оның өмірі мен еңбегі төңірегінде кең өріс алып отырады.

Кешеден бүгінге жеткен дәстүр тағылымы, өмір мұраттарының үздік үлгі, өрнектері осыған келіп саяды.

Күнделіктің шығармагер өмірінде ерекше рөл атқарғанын халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің «Мен» ғұмырнамалық хамсасынан анық көріп білеміз. Жазушының «Алтын дәптер» деп аталған күнделік дәптері осыған айғақ. «Сүрлеу – соқпақ» деп аталған алғашқы кітабында жазушы осы «Алтын дәптерге» 25 роман, 40 повесть, жүзден астам әңгіме жоспарларын жазады.
М. Мағауиннің «Мен» ғұмырнамалық романының композициялық құрылысы мен сюжеттік желісінде бір ізділік байқалады. Қаламгер романы оның 1960 жылдардан басталған студенттік өмірдің шығармашылыққа, «Халық жазушысы» мәртебесіне ие болған аралықты қамтиды. Романда көркемдік қиял, көркемдік болжам жоқтың қасы. Тек жазушының белгілі шығармалары жазылғанда қолданылатын өмірлік деректердің көркем шығармаға айналу жолындағы кейбір суреткерлік шығармашылықты баяндауында кездесетін ерекшеліктері бар. Авторлық ниет, шығармашылық нысана ғұмырнаманың композициясына ерекше ықпал жасаған. Шағын ортадағы аз уақыттың ішіндегі тартысқа мол мерзімді қамтитын әрекет шығарманың көркемдік бітіміне хроникалық сипат берген. Жазушы басынан өткерген жайларды, қандай күйлер кешкенін, ұтқан-ұтылған жайларын өзі ортаға салады. Реалистік әдісте жазылған ғұмырбаянға қойылатын ең үлкен талап – автор-кейіпкер мен өзге де өмірлік тұлғалардың тілінің табиғи арнадан, өмірдегі қалпынан шығуы. Халық әдебиетіндегі асыл маржандарды үнемі шығармашылықпен жаңғырта, өзгерте, құлпырта пайдаланудың үлгісі, шыншыл, принципшіл қасиеттің иесі
М. Мағауин шығармашылық жолда кейбір қиындықты көрсе де, осы жолынан таймайды. Ғұмырнамадағы шағын орта, қысаң аудан емес, өмір құбылыстарының кең шебері қамтылған. Қаһармандар ішінде сол кездегі және көзі тірі қазіргі зиялы қауымның, жазушылардың негізгі өкілдері түгел бар. Әр заман, әр дәуір сол кезеңдегі өнерден өз келбетін, өз рухын, өз жүрегінің дүрсіл танысып, қан тамырының бүлкілді ағысын көруге құштар. Өмір мен өнер орайындағы бұл сабақтастықты ешбір суреткер аттап өткен емес. Тарихтың жабылып кеткен көне беттерін ақтарып, соларды шығармасына тиек қылған жазушының өзінің мақамынан, ұқтырмақ, ұсынбақ мұратынан оның дәуірімен қаншалықты ет бауырлықта, үндестікте екенін аңғару қиынға соқпайды.
М. Мағауиннің «Мен» ғұмырнама шартына жауап берерлік, хроника ізін қуып отыратын фактілер сәйкестігін ғана құнттайтын дүние емес, әлеуметтік тартыс арнасында ашылған характерлер жасау мақсаты да ескерілген. Өршіл рухты сипаттағы жанды, ғибратты ғұмыр кешкен күрескер қаламгер өз өмірі туралы роман жазарда, фактілерді сұрыптап, деректерді екшеп, оларға авторлық идеал тұрғысынан баға берудің мәнін күшейте түспек. Жеке құбылыстардың арасындағы байланыстарды ашу, заңдылықтарды табу, сырт көзге түсініксіз жайттарды ұғу жазушының ең алдымен зерттеуші ретінде басын ашып алатын істері. Бұдан кейін өмір шындығында қиянат жасамай, бірақ әсте фактография, схематизм, штамп, жетегінде кетіп қалмай, көркемдік заңдарына лайықтап бейне жасау қамы басталмақ.

Ғұмырнама тарихи тақырыпқа барған жазушының суреткерлік концепциясы жоқ жерде хронологиялық фактілер жетегінде кетіп қалуы қиын емес. Заңды, тарихи белгілі есімнің өзгеше сипаты, даралық қасиеті үлкен бір ісімен, аршынды қимылымен көрінсе керек. Осы талапты қатаң ескерген


М. Мағауин ғұмырнама жазудағы басты мақсатын былайша жеткізеді. «Ғұмырбаяндық сипаттағы осы кітапты жазудағы негізгі мақсат та өткенді қайта тірілту емес, өзімді мақтау емес, ақталу, тәңірі берген талаптың тасқа кетілгенін айта отырып, тағдыр-талайым арқалатқан уәжіп-парыздың біразы өтелмей қалғанына себеп сылтау табу, Алла тағалам бұдан ары азды-көпті ғұмыр сайласа, қаламымды, қатқыл санамды ашық қылсын деген тілек нәтижесі. Адам алдындағы емес, аруақ, құдай алдындағы есеп» [27, 402].

Жазушы үшін шығармашылықтағы ең керекті нәрсе, басты шарт – көзбен көріп, құлақпен есту, қолмен ұстау, факті жетегінде кету емес, материалды эстетикалық тұрғыдан сараптау екенін біз қарастырып отырған жазушылар


Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмырнамалық романдарының басты ерекшеліктері ретінде атап көрсетуге тиістіміз:

1) Бұл романдар авторлардың өз өмірлерінен жаралған;

2) Хронологиялық жүйеде бірізділік кездеспейді, себебі, автор-кейіпкерлер ғұмырларының барша кезеңін бейнелеуді мақсат тұтпаған;

3) Авторлардың дерек көзі ретінде пайдаланған материалдарында біркелкілік сақталмайды. Мәселен, М. Мағауин өзінің шығармашылық күнделігіне сүйенсе, Ә. Нұршайықов күнделік пен ретроспективалық тәсілді қолданса, Қ. Жұмаділов тікелей авторлық сананы арқау етеді;

4) Өмірлік шындық, деректілік, тарихи, қоғамдық, әдеби ақиқат қатаң сақтаған.

Міне, көріп отырғанымыздай авторлардың жеке өмірінен жазылған ғұмырнамалық романдардың тек өздеріне ғана тән осындай ерекшеліктері жан- жақты ескерілген.

М. Мағауиннің «Мен» ғұмырбаяндық хамсасын оқығанда жазушының қаяусыз шындықты танытуды бірден-бір мақсат еткеніне көзі жетеді. Ол өз өмірін, бастан кешіргендерін сылап-сипап көрсетуден аулақ. Өмірінің қиындығы мен қызығы қатар жүрген М. Мағауиннің өз ісіне адал, мақсатына берік жан екенін шығармашылық еңбектен анық аңғаруға болады. Автор – кейіпкер шығарманы этикалық шығарма мақамына сай оқиғалардан бастайды. Романның өзін автор бірде хамса, бірде өмірбаян деп атап отырады.
Ә. Нұршайықов пен Қ. Жұмаділов ғұмырбаяндық романдарындағы ерекше бір өзгешелік, М. Мағауиннің «Мен» деп атаған ғұмырбаян романында өзінің шығармашылық жолын арқау етуімен айрықшаланады. Романның жазылу стиліндегі бастапқы ерекшелік автордың таңдап алынған оқиғасының дені дерлік тек автор шығармашылығының процесіне арналғандықтан, ол бірінші жақтан және – «Мен» жіктік жалғауынан болып келеді. Ғұмырбаян заманның көкейкесті ойлары, адамның қат-қабат тағдыры, уақыт алдындағы жауапкершілік жайлы шығармашылық өнердің пәлсафасын толғайды. Романдағы қаламгердің оқырманы мен жас жазушыларға айтар ойы символдық мәнге ие, жинақтаушы күші бар көркем деталь. Шығармадағы стиль даралығы және дерек көздерінің көркем шешімі туралы бір-бірінен бөліп айтуға әсте келе бермейді. Жазушы өзінің халық құрметіне бөленіп, әдебиетте ұлы істер тындырғанын да паш етеді. Кешегі советтік империяның сайтан саясатының астында ұлттық әдеби шығармалар жазу кімге болса да оңай тимегені анық. Бұл ойымызға орай екі ғұмырнамалық шығармадан да жазушылардың жан сығалап мына жайттарға көңіл аударғанын қарастыру керек.

«Біз жер – әлем тарихындағы ең былғаныш, ең қылмыскер қоғамда күн кештік. Былықпай, шылықпай, түзу жүріп, жай ғана тіршілік жасаудың өзі артық күш тілеген заманда, өнер жолынан айнымай еңбек ету шектен тыс қиындыққа түсетін еді» [27, 540] деп, М. Мағауин еске алса, сол кезде қоғамның аталған шындық бейнесін Қабдеш Жұмаділов «Таңғажайып дүние» ғұмырнамасында әсерлеп көрсетеді. «Біздің бертінге дейін «Қазақ совет әдебиеті» деп дабырлатып келген бодан елдің әдебиеті болатын Қазақстанға келіп, қайыс ноқтаның орнына темір ноқта кигеннен кейінде, ешкім менің маңдайымнан сипаған жоқ. Екі империя тұсында да саяси жақтан сенімсіз, үкіметке қадірсіз жағдайда ғұмыр кештім» [24, 505].

Екі жазушы, екі көркем-эстетикалық әлем болғанымен, бір қоғам да, бір саясатының астында, бір тарихи кезеңде өмір сүріп келеді. Міне сол себепті де олардың тағдырлары ұқсас. Екі ғұмырнама автор кейіпкерінің тақырыптары әр түрлі болғанымен, идеялары көп жерде ұқсас келеді. Әсіресе, бұл айтылған пікірлер М. Мағауин мен Қ. Жұмаділов ғұмырбаяндарының әдеби шығармашылық туралы өмірлік тәжірибеден көрген білген, көңілге түйген ғылыми-теориялық маңызы зор пікірлер айту тұсында тоғысады.

«Демек, бодан елдің жазушысы арқалаған жүк» – басқа жұрттың жазушыларынан әлдеқайда ауыр деген сөз. Ұлт азаматтығы үшін, оның тілі мен діні үшін күресетін де, қуғын-сүргін, репрессия бола қалса, алдымен құрбандыққа шалынып, басын беретін де – сол жазушылар деген» жолдар Қабдеш Жұмаділовтің кешегі және бүгінгі қазақ әдебиетінің басынан кешірген халі. Ал, бұл концепцияға осы тұрғыдан келетін М. Мағауин күрделі де ақиқат айтып, оқырманы мен жас ұрпақты ізгі бастамаларға бағыттайды.

«Таңғажайып дүние» романының «Мен және менің замандастарым» және «Мен» ғұмырнамасынан ерекшеленер тағы бір тұсы, «мемуардағы автор- кейіпкердің өмірлік жолының өзі де зор конфликтілер, қақтығыстар майданы» [43, 321]. Оны тек сыртқы дүниенің әсеріне ғана айтып қоймай, жазушы сол автор-кейіпкерлердің өзімен-өзі тартысынан да жазады. Сонда автор-кейіпкердің әр қадамы, оның ой қорытуының жаңаланып отыруы, барша заманалық түлеуі-қоғамнан келіп шығатын саналық өзгерістердің нәтижесінен туындаған. Романда автордың кейіпкерлер образын сомдауы, өмірдің өзінен алынған, естіген, көрген, бастан өткерген жағдайларына байланысты болғанынан туындайды. Мемуардағы образдардың типтік бейнесі ретінде автордың өзі бірге Қытайда оқып білім алған, кейін қазақ жерінде өнер шыңдаған: Серік, Аманжан, Жабайыл, Нүкіштердің өмірлік өткелдері шығармаға оқиғалық мән мен қатар деректік негіз болып та қалған. Дегенмен, жазушы бұдан 30-40 жылдай өткен оқиғаларды қағаз бетінде қайта тірілтуде, толықтыру материалы ретінде көркемдік болжалды шындыққа жанасымды бейнелеу жағы басым келеді. Өйткені, мысалы, жазушы Ахмет, Дәуди, Мақсұтқалы Тергемес, Оразхан Жақыпбай, Сейіт Сейдахмет, Жабайыл Бейсен, Қизамеден Құрмандарды ойдан шығарып отырған жоқ, оларды сол өзі кездестірген қалпымен, өз түсінігінің сонау жылдардағы болмысымен сипаттап беріп отыр. Осында ол, мәселен, гимназиядағы жасөспірім шақтағы оқиғалардың, өмірлік деректердің сол өткен шақтағы қалпымен ұстанып отыр. Бұл жерде тек деректер емес, өткенге деген көркемдік болжалдар үлкен мәнге ие. Типтік болжалдың қалай болуы керек екендігі туралы В.Г. Белинский типтік характердің «... шаштың түсінен бастап беттегі меңіне дейін, дауыстың үнінен бастап, киімнің үлгісіне дейін-барлық өздеріне тән белгілерімен бейнеленуі керектігін» [31, 613], – айтқан болатын.

Жалпы, Қ. Жұмаділов ғұмырнамасын зерделегенде, жазушының өмірдегі болған оқиғаларының шағын бөлшегінің өзінен үлкен ой қорытып, кішкене оқиғаның өзіне зор мән беріп, суреткершілік құралдарды ұтымды қолдану арқылы ғұмырнаманың деректілік, тарихылық жағынан гөрі көркемдік танымының көкжиегін кеңейтуге күш салғанын көреміз.

Қорыта келгенде, үш автордың, халық жазушылары Ә. Нұршайықов,
М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмырнамалық романдарының жанрлық ерекшелік пен өмірлік деректілік жағы басым келді. Әр бейнеленген көркемдік болмыс өмірдің нақты өзінен алынған, деректілігі мен тарихындағы ақиқат, шындық тұрмысынан сомдалған. Жазушылар жеке кейіпкерді емес, ортаны не уақытты типтікке алып келуде де нақты ұстанымды бағдар еткен. Сондықтан да олар шығармадағы әр адамды суреттеуді жеткізуден гөрі, алға қойған мақсатына деген талаптылықты күшейтіңкіреуді ойластырады. Мәселен, әр ғұмырнамадағы тарихи тұлғалар мен қайраткерлер, тарихи мекендерді баяндағанда, оларды образбен беруді ұстанбай, типтік көріністер мен суреттеуде кездеседі. Бұлар образдардың көркемдік бейнелеуіне нұсқан келтірмеген, керісінше жазушы-кейіпкердің оларды көрген, кездестірген шақтарынан айнытпай жасалынған типтік көріністер, «Мемуарлық фотолар». Әйтсе де көркемдіктің бұл құралын қаламгерлер үлкен сақтықпен қолданған.

Мемуарлық фотоларда сол тарихи тұлғалардың өмірі түгел алынбай, жеке бір типтік бейнелері ғана алынған. Автор-кейіпкерлер өздері куәсі болмаған оқиғаларға жоламайды. Бұл-ғұмырнамалық жанрдың басты заңдылығын сақтау болса керек, екінші бір жағынан, қаламгерлік ожданға адалдық болса керек. Көркемдік шығармалардан мемуарлық «меннің» айырмасы да тағы, міне, осында. Типтік образдар ғұмырнамалық «Менге» бағыныңқылығы туралы бейнелер алуандығынан да сол «меннің» баяндалуынан – объективті шындықтың адам санасында сәулеленуі мен онан туындаған көркемдікте жатса керек.

Романдардағы автор-кейіпкерлер зерттеуші мен мемуар қаһармандары арасындағы дәнекер сипатты. Бірақ, автор-кейіпкерлер өздерін өз қолдарымен жасап, талдауға куәсі ретінде бейнеленіп отырады. Ғұмырнамадағы кейіпкерлер авторлардың қиялдауы негізінде туған ойдағы әдеби бейнелер емес, өмірдегі бар, болған адамдар образы. Олар авторлар кездескенде тілдескен, не автор-кейіпкерімен бірге өсіп, мұң шағысқан, иә тіпті автор қарсы күресіп өткен жандар.

«Мен және менің замандастарым», «Мен» және «Таңғажайып дүние», ғұмырнамаларында бір басты бейне, идея бар да, оны толықтырар басқа көмекші бейнелер мен көмекші идеялар бар. Үлкен тақырыптан өрбіткен сан тақырыптар да жеке атауларымен келіп, тарауларды біріктіріп отырады, барша тараулар романнан романға өссе, автордың жалпы биографиясын бере, қоғамдық өмір жасаған адам арқылы белгілі бір дәуір суретін тарта келеді. Бұл романдардың ғұмырнамалық жанры анық болуы себепті де автор-кейікерлердің тек достық өмірі де қамтылып келуі бар. Бірақ оларды жалпы жанұялық, қоғамдық жайттардан туындап, дәуірмен үйлесім тауып жатады. Алайда, романға енген нақты деректердің қайсысы да өзінің жалпы нұсқасын сақтай отырып, автордың идеялық нысанасына сәйкес, кейде көлемді, кейде ықшамдалып алынған, көркем өңдеуден өткен. Бұл тарауда өмірлік деректердің ғұмырнамалардағы көркемдік шешімнің эстетикалық талғам-талабынан табылуына жазушылардың ерен еңбек сіңіріп, өздерінің қаламгерлік шеберлігінің үрдісінен шыға білгендігін ерекше атап айтуға болады. Айрықша атап айтатын болсақ, суреткерлер ұсынған концепция жазушылық мақсатына жеткен. Шеберліктің әр түрлі әдіс-тәсілін қолданған. Қаламгерлер тарихи фактілерді тізбектеуді мақсат етпеген, өмірлік мазмұнды оқиғаларды ғана көркемдікпен сомдап, ғұмырнама жанрындағы шығармалардың көкжиегін кеңейтті [43,390].



«Қазақ мемуарлық романдарының көркемдік әлемі» атты екінші тарауда үш жазушының шығармашылық зертханасына кеңінен тоқталып, даралық пен ортақ ұқсастықтарын ашуға тырыстым. Суреткерлер ғұмырындағы шығармашылық процестің мән-маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталдым. Шығармашылық зертханасының қыр-сырының көркемдік сипатын одан ары дамыта, жан-жақты көрсету үшін, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов ғұмырнамаларында деректердің көркемдік шешім табуындағы мәселелерді осы шығармалардан мысал келтіре отырып, теориялық таңдаулар, саралаулар жасалынды.

Жалпы, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмыр намаларының композицияларда айтарлықтай айырмашылықтар барын көреміз. Ә. Нұршайықов әр жылдары түртіп отырған қойын дәптеріне сүйене отырып, өткенді еске алады.Автор-кейіпкер қоғаммен адамның арасындағы рухани, тарихи шындықтың, өткеннің болашаққа қажет деген тұстарын алады. Бұл турасында Ә. Нұршайықов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, және т.б. сынды тарихи тұлғалар араларындағы қарым-қатынастың тарихы мен ғылымы үшін керекті естеліктердің деректі негізгі баяндауы басым келеді. Автор-кейіпкер қолданған бұл әдіс ғұмырнама жанрына үйлесімді. Негізінен, автор-кейіпкердің айғақ ретінде сүйенері өзі жазған күнделіктер мен өлеңдері, ғылыми мақалалары болып келеді. Автор оларды кейде тұтас, кейде бөліп алып қолданады. Сондай-ақ, кейбір оқиғаларға ретроспективалық тәсілдерді қолдану арқылы өткенді көз алдынан өткізе отырып, кешегі шындықты бүгінгі күн тұрғысынан бейнелеу де кездеседі.

Халық жазушысы М. Мағауин «Мен» ғұмырнамасында өмірде болған оқиғаларды түгел тізбейді, керісінше автор-кейіпкер романның ең алғашқы беттерінен өзін таныстырудан бастайды да, келе-келе өз өміріндегі сүрлеу-соқпақ, қиян жолдарға ойысып отырады. Бейнеленген оқиғалардың бәріне жазушы өткен күн дерегі ретінде «Алтын дәптер» күнделік тізбесіне оралып отырады. Жазушы мақсатының өзінен басқа екі автордан ерекшелігі, ол негізінен ғұмырнамадағы өз жеке басындағы өмірді емес, ғаламдық өмірдің шындығын баяндаумен ерекшеленеді. Сол мақсатта суреткер өзі мен әдеби-ғылыми ортасы ғана білетін деректі көркем дүниеге айналдырады. Автор-кейіпкер құрған сюжетте күнделікті тіршіліктің баяндалуы шығарманы деректік жағынан ғана емес, оқырман үшін әдеби мәнін де аша түскен. Қырық жылға жуық шығармашылыққа өмірін арнаған М. Мағауиннің қоғамдық болмысы мен шығармашылық өнер туралы пәлсафалар мен терең тұжырымды ғылыми маңызы жоғары түйінді пікірлер, болжамдар айтуы ғұмырнамалық шығарманың танымдық қасиетін арттыра түскен. Ғұмырнамалық әдебиетте алуан жанр қоспасы бола беретінін жоғарыда айттық. Мемуар да солай. Қаламгер түрлі дерек-документті түрлі ыңғайда пайдалана береді. Ол шығармаға белгілі дәрежеде көркемдік форма сыйлайды. Мемуарлық шығарма негізінен автор өмірбаяны ізімен жазылатын дүние. Сөйте тұра, ол өзі өмір сүрген қоғам шындығын оқиға, образ арқылы бергенде жеке өмірден шығандап, шығып кетушілік те кездеседі. Діндар философ В.Н. Бердяев өзінің «Самопознание» аталатын философиялық мемуарында, «мемуар жанрын ұнатпайтынын», – жазады. Өйткені – дейді ол, автор өзі туралы айтып отырып, өзгелер туралы айтады. Өзі мақтанады, өзгелерге баға береді. Өзін осындай мінезден сақтандырған Бердяев философиялық мемуарында мемуар бола тұра, «өмірбаян ізімен жүріп отырушылық жоқ» – деген пікір айтушылық бар. Айталық В.Н.Бердяев: «Көбіне бірегей жанр-философиялық автобиографияның қисынымен бой түзеу «Өзін-өзі тануда» автобиографиялық (жалпы алғанда, мемуарлық) элементтің әлсіреуіне әкеледі» [43, 445], – деп жазады. Олай болса мемуарды-тек өмірбаян ізімен жүріп отыру деп қарамау керек. Кейіпкер (ол әрі автор) қатысатын орта, ол өмір сүретін қоғам, адамдар бәрі-бәрі әңгіме өзегіне енгенде мемуарлық шығарма кең тынысты дүниеге айналып кете барады. Уақытында Филипп де Коммин «Мемуары» аталатын шығармасын Сент-Бебі «Францияда саяси тарих осы жерден басталады», – деп өтеді [44, 436].

Н. Ақыштың «Қазақ мемуарлық романы» атты диссертациялық зерттеу жұмысында «Мемуарлық романның өмірбаяндық сипаты күшті болып келеді, бірақ кез келген өмірбаяндық шығарма, соның ішінде естеліктер де мемуарлық роман бола алмайды. Осы аталған еңбекті жазу барысында ұсынатын теориялық қорытындының бірі осындай болуға тиісті», – деп тұжырымдайды [45, 32].



Тап осылай тәжірибелік ой-пікірлермен бөлісу Қ. Жұмаділов шығармасының соңғы беттерінде бедерлі бейнеленді. Қ. Жұмаділов ғұмырнама жазуда алдыңғы екі жазушы сияқты нақты дерек ретінде күнделікті ізбен жүріп отырмайды. Негізінен, жазушы өзінің сан жылдарғы сарабдал санасына сүйенді. Шығармасының тарихилығы басым болып келетін жазушы өмірінің ең бір қилы кезеңдерін бейнелеуге күш салды. Бірыңғай хронологиялық жүйемен жүрмесе де, жазушы сәбилік, жастық, ағалық шақтарында бастан кешірген ғұмырды өз атынан дәлелді оқиғалар келтірумен сомдайды. Қытай жеріндегі қуғын-сүргін басталған өмір жолының қазақ жеріндегі жалғасын тұтас таныту үшін, қаламгер ғұмырнамасында көркемдікті игеру жағы басым түсіп жатады. Ол кейде Қытай еншісінде кеткен Шығыс Түркістан табиғатын әсем пейзажбен бейнелеп, баяндалар оқиғаға экспозиция ретінде ұсынса, адам бейнесін тура әлі көркем етіп жеткізу үшін портретті беру арқылы мінездік тұлғаларға ұластырып отырады. Бұлайша оқиғаны айғақты, деректі сомдау автор-кейіпкердің суреткерлік шеберлігін анық танытады. Қазақ қауымына аса таныс емес, Қытай жерінде өмір кешкен тарихи тұлғаның өмірін де осы Қ. Жұмаділов ғұмырнамасынан танып біледі. Барынша өмірлік материалдар негізінде жазылған шығармалар қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық жанрдың табиғаты мен болмыс бітімін таныту да озық үлгілердің қатарынан санауға келердей. Автор – кейіпкерлер өмірлік деректер негізінен жүріп отырғанымен, олар жалпы бұл деректерді сомдалар шақтың негізгі көзі ретінде пайдаланады. Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалар көбіне жеке тарихи тұлғаның өткен өмірін бейнелейтіндіктен, олардың, орыс ғалымы Г. Винокур айтқандай, «тарихи мәтіні» басым болып келуі кездесуі заңды да. Дегенмен, көркем-ғұмырнамада бейнеленетін тарихи оқиғаларда автор – кейіпкерлердің көркем әрі шынайы характерін ашатын тұстары ғана бөлініп алынады. Зерттеліп отырған прозаның тағы бір ерекшелігі кейіпкерлер нақты өмірде болған, тұлғалы жан болуы себепті бұл шығармалардың деректілік, құжаттық айғақтары негізді болып келеді. Автор – кейіпкер үшін ең басты мәселе, бұл тұрғыда, шығармашылық процестің материалдарын жинау, еске түсіру, сұрыптау. Онан ары да қаламгер жұмысы ауырлай түседі. Ендігі жерде шығарманың жүзеге асуы процесінде қажетті эстетикалық таным тұрады. Өмірде білу, көру, бастан өткеру, бұл ғұмырнаманың бір жағы болса, сол дайын айтылған, деректі дүниені көркемдік танымға айналдыру – ең күрделі тұсы. Ғұмырбаяндық шығармалар айғақтықты, дәлдікті, өмірлікті талап етеді, бұл шығарманың құжаттылығын жоққа шығармайды. Осы тұрғыдан келсек, ғұмырнамалар тек әдеби көркем туынды ғана емес, деректі көркем дүние де болып табылады. Олай болған күнде ғұмырнамалық көркем шығарманы деректі көркем шығармадан бөліп тұратын басты құрылым бұл екеуінің арасындағы танымдық және эстетикалық мүмкіндіктерге байланысты болса керек. Нақты өмірдің өзінен алынғандықтан, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов ғұмырнамалық шығармаларында көркем қиял жоғары мәнге ие емес. Жазушылардың кейбір өткен оқиғаларды бейнелеуде айтылар пікір, ойларына қарай көркем-шынайы болжамдардың ара-кідік кездесуі заңды да. Тарих және тарихи тұлғалар мен оқиғалардың автор-кейіпкерлер ғұмырларына қатысты тұстары ғана алынып отырғандықтан, қаламгерлер бұл мәселерге аса сақтық және ыждағаттылықпен қарайды. Көркем туындылар стилінде баяндаудың қызметі жоғары болып келеді. Себебі, оқиғаны бастан өткерген автор-кейіпкерлер бірінші жақта өз атынан баяндаса, кейде сол оқиғаның ортасында жүріп бейнелеуі де ұшырасады. Біз қарастырған ғұмырнамаларда өмірлік шындықтың көркемдік шешімін беруде авторлар психологиялық талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы кездеседі. Өмірде болған тарихи тұлғалар бейнесінің көркемдік бейнесіне бару үшін, олар кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіне енуге ұмытылады. Өздері бастан кешірген оқиғаларға қатысты кейіпкердің портреттік сөйлеу, іс-әрекеттері арқылы бейнелеп, деректіктен арылып, көркемдікке үйлестіреді [45, 35].

Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтер ғұмырбаяндық шығарма жазуда қазақ ұлттық мемуары мен Еуропа, Ресей шығармагерлерінің дәстүрлі жолдарынан зор хабарлары бар екенін танытты, және өздері жазған шығармаларында осы игі дәстүрді онан әрі жалғастыра түсті. Әрқайсысы, мәселен, Ә. Нұршайықов «Мен және менің замандастарым» арқылы естелік айтудың ғұмырнама үшін көркемдік маңыздылығын көрсетсе, М. Мағауин өз ғұмырын арқау ете отырып, жазушылық таланттың көркемдік танымының пәлсафасы мен болмысының ерекшеліктерін өз тәжірибесімен танытса,


Қ. Жұмаділов ғұмырнама үшін тарихи танымның көркемдікпен игерілуіндегі қаламгерлік идея мен тақырыптың мән-маңызын ашты. Зерттей келе зерделегеніміз, ғұмырнамалық роман тәуелсіз ұлттық әдебиетіміздің көркем-эстетикалық әлемінің көкжиегін кеңейтіп, тарихи танымымызды тереңдетіп, әдеби көзқарасымыздың біліктілігін дамытуға зор үлес қосып, әдебиеттану ғылымындағы жанрлық өсуге мол мүмкіндік алып келеді [45, 38].

Қорытынды
Мемуарлық шығармалардың басты нысанасы ретінде тарихи тұлға ғұмыры алынып, өмірлік шындықтың көркем бейнесін сомдаудағы нақты деректердің игерілу тәсілдері қарастырылып, бұл еңбекте ғұмырнама жанрының қазақ әдебиетінде даму бағытына тоқталдық. Зерттеу объектісі ретінде алынған
Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым», М. Мағауиннің «Мен», Қ. Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романдарындағы өмірлік деректің жанр талабына сай сомдалудағы ерекшеліктерін саралап өту мақсатында, оны екі тарауға бөліп қарастырдық.

«Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман жанры» атты бірінші тарауда қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық формада жазылған шығармалардың түрлік, жанрлық ерекшелігінің пайда болу тарихы мен алғашқы осы жанрда жазылған шығармалардың әдеби негізіне тоқталдық.

Ұлттық әдебиетімізде ғұмырнамалық (мемуарлық) жанрға жол салған
С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өмір мектебі»,
Ғ. Мұстафиннің «Көз көрген» романдары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі қазақ мемуаристикасын қалыптастырған іргелі туындылар. Әдебиеттану ғылымында аталған шығармалардың жанрлық табиғаты, образдар жасау ерекшеліктері, стильдік сипаттары, психологизм проблемалары жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар пікіріне ден қойсақ, бұл шығармалар бір жағынан қазақ әдебиетіндегі мемуаристика жанрын қалыптастырса, екінші жағынан өзінің көркем болмысымен жалпы қазақ романының өсу, өркендеу, көркемдік шебін алуға да ерекше ықпал еткен туындылар. Әдебиетте жаңа жанр туды, қалыптасты. Енді ол дәстүр түзбекке керек. Аталған шығармалардың дәстүрін іздегенде Ә. Нұршайықовтың, М. Мағауиннің, Қ. Жұмаділовтің ғұмырнамалық, яғни автобиографиялық романдарына ден қоямыз. Сол тұрғыда қазіргі қазақ әдебиетінде осы жанрдың бүгінгі жаңаша қалпын ғылыми-әдеби, теориялық тұрғыдан сараптау үшін, Ә. Нұршайықов, М. Мағуин, Қ. Жұмаділовтердің мемуарлық романдарын алдындағы мемуарлық шығармалармен салыстыра отырып талдау жасадық.

Мемуарлық шығарма автор өмір сүріп отырған қоғамда іргелі өзгеріс, тіпті саяси төңкеріс болып өткен соң, соның соңын ала туындайды екен. Айталық


С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өмір мектебі»,
Ғ. Мұстафиннің «Көз көрген» мемуарлық шығармаларының тууына ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси жағдай – 1917 жылғы Қазан төңкерісі, төңкерістен кейінгі қоғамдық өзгерістер, ел өміріндегі әлеуметтік жағдайдың басқа арнада дамуы ықпал еткен. «Тар жол, тайғақ кешу» – саяси күрес-көтерілістер ізі суымай тұрып, іле-шала жазылса, «Өмір мектебі», «Көз көрген» араға біраз уақыт салып барып жазылған. Ал, Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым», М. Мағауиннің «Мен», Қ. Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» аталатын ғұмырнамалық романдарының тууына 1986 жылғы жағдай, қазақ елінің тәуелсіздігін алуы, жаңа қоғамның «өтпелі кезеңнен» сараланып өтуі ықпал еткен-деп білеміз. Әрбір жазушы бір қоғамдық формациядан екінші қоғамдық формацияға елімен бірге өткенде екі дүниені өзара салыстырып ойланады, толғанады, көргендері мен көңілге түйгендерін елеп-екшеп, көркемдік жинақтауға түсіріп шығармада бейнелеуді ойлайды. Өзге көркем туындылар секілді мемуар да солай өмірге келеді.

Зерттеу объектіміздегі үш романның да ғұмырнамалық бағдары айқын. Автор-кейіпкерлері өз аузынан баяндалатын оқиғалар тізбесінен, өз өмірі мен өзі өмір сүрген қоғам шындығын өзара сабақтастырып, өзара байланыстырып суреттейді. Алайда, романда бейнеленген өмірлік материалдарының бастау арналары, даму, өрістеу, шарықтау, түюілуі әр түрлі болып келеді. Мәселен,


Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» шығармасын өзінің баянсыз балалық шағынан басталмайды, көз көрген ұлы жазушылармен болған қарым-қатынасы туралы жазады. М. Мағауиннің бұл тұрғыдағы ұстанымы тіптен басқаша. Жазушы өз өмірінен гөрі, қоғам ғылым, шығармашылық мәселелерінің тек жеке басына қатысты тұстарын атап, өмірдің өзінен алып бейнелейді. Суреткер Қ. Жұмаділовтің өміріндегі алып екі империяның тұсындағы аламан өмірдің шындығын көркемдікпен игеруге дәйекті, деректі бұрын-соңды әдебиетте аз көрінген сюжетті қызықты баяндаумен ерекшеленеді.

Ғұмырнамалық жанрдың үрдіс алып дамуын зерттеудегі маңызды факторларды анықтаған соң, мемуарлық шығармалардағы кейіпкер танымы мен тағдыры арақатынасын біз осылай анықтадық.

Жалпы, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмыр намаларының композицияларда айтарлықтай айырмашылықтар барын көреміз. Ә. Нұршайықов әр жылдары түртіп отырған қойын дәптеріне сүйене отырып, өткенді еске алады. Автор-кейіпкер қоғаммен адамның арасындағы рухани, тарихи шындықтың, өткеннің болашаққа қажет деген тұстарын алады. Бұл турасында Ә. Нұршайықов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, және т.б. сынды тарихи тұлғалар араларындағы қарым-қатынастың тарихы мен ғылымы үшін керекті естеліктердің деректі негізгі баяндауы басым келеді. Автор-кейіпкер қолданған бұл әдіс ғұмырнама жанрына үйлесімді. Негізінен, автор-кейіпкердің айғақ ретінде сүйенері-өзі жазған күнделіктер мен өлеңдері, ғылыми мақалалары болып келеді. Автор оларды кейде тұтас, кейде бөліп алып қолданады. Сондай-ақ, кейбір оқиғаларға ретроспективалық тәсілдерді қолдану арқылы өткенді көз алдынан өткізе отырып, кешегі шындықты бүгінгі күн тұрғысынан бейнелеу де кездеседі.

Тап осылай тәжірибелік ой-пікірлермен бөлісу Қ. Жұмаділов шығармасының соңғы беттерінде бедерлі бейнеленді. Қ. Жұмаділов ғұмырнама жазуда алдыңғы екі жазушы сияқты нақты дерек ретінде күнделікті ізбен жүріп отырмайды. Негізінен, жазушы өзінің сан жылдарғы сарабдал санасына сүйенді. Шығармасының тарихылығы басым болып келетін жазушы өмірінің ең бір қилы кезеңдерін бейнелеуге күш салды. Бірыңғай хронологиялық жүйемен жүрмесе де, жазушы сәбилік, жастық, ағалық шақтарында бастан кешірген ғұмырды өз атынан дәлелді оқиғалар келтірумен сомдайды. Қытай жеріндегі қуғын-сүргін басталған өмір жолының қазақ жеріндегі жалғасын тұтас таныту үшін, қаламгер ғұмырнамасында көркемдікті игеру жағы басым түсіп жатады. Ол кейде Қытай еншісінде кеткен Шығыс Түркістан табиғатын әсем пейзажбен бейнелеп, баяндалар оқиғаға экспозиция ретінде ұсынса, адам бейнесін тура әлі көркем етіп жеткізу үшін портретті беру арқылы мінездік тұлғаларға ұластырып отырады. Бұлайша оқиғаны айғақты, деректі сомдау автор-кейіпкердің суреткерлік шеберлігін анық танытады. Қазақ қауымына аса таныс емес, Қытай жерінде өмір кешкен тарихи тұлғаның өмірін де осы


Қ. Жұмаділов ғұмырнамасынан танып біледі. Барынша өмірлік материалдар негізінде жазылған шығармалар қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық жанрдың табиғаты мен болмыс бітімін таныту да озық үлгілердің қатарынан санауға келердей. Автор-кейіпкерлер өмірлік деректер негізінен жүріп отырғанымен, олар жалпы бұл деректерді сомдалар шақтың негізгі көзі ретінде пайдаланады. Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалар көбіне жеке тарихи тұлғаның өткен өмірін бейнелейтіндіктен, олардың, орыс ғалымы Г. Винокур айтқандай, «тарихи мәтіні» басым болып келуі кездесуі заңды да. Дегенмен, көркем-ғұмырнамада бейнеленетін тарихи оқиғаларда автор-кейіпкерлердің көркем әрі шынайы характерін ашатын тұстары ғана бөлініп алынады. Зерттеліп отырған прозаның тағы бір ерекшелігі кейіпкерлер нақты өмірде болған, тұлғалы жан болуы себепті бұл шығармалардың деректілік, құжаттық айғақтары негізді болып келеді. Автор-кейіпкер үшін ең басты мәселе, бұл тұрғыда, шығармашылық процестің материалдарын жинау, еске түсіру, сұрыптау. Онан ары да қаламгер жұмысы ауырлай түседі. Ендігі жерде шығарманың жүзеге асуы процесінде қажетті эстетикалық таным тұрады. Өмірде білу, көру, бастан өткеру бұл ғұмырнаманың бір жағы болса, сол дайын айтылған, деректі дүниені көркемдік танымға айналдыру-ең күрделі тұсы. Ғұмырбаяндық шығармалар айғақтықты, дәлдікті, өмірлікті талап етеді, бұл шығарманың құжаттылығын жоққа шығармайды. Осы тұрғыдан келсек, ғұмырнамалар тек әдеби көркем туынды ғана емес, деректі көркем дүние де болып табылады. Олай болған күнде ғұмырнамалық көркем шығарманы деректі көркем шығармадан бөліп тұратын басты құрылым бұл екеуінің арасындағы танымдық және эстетикалық мүмкіндіктерге байланысты болса керек. Нақты өмірдің өзінен алынғандықтан, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов шығармаларында көркем қиял жоғары мәнге ие емес. Жазушылардың кейбір өткен оқиғаларды бейнелеуде айтылар пікір, ойларына қарай көркем-шынайы болжамдардың ара-кідік кездесуі заңды да. Тарих және тарихи тұлғалар мен оқиғалардың автор-кейіпкерлер ғұмырларына қатысты тұстары ғана алынып отырғандықтан, қаламгерлер бұл мәселерге аса сақтық және ыждағаттылықпен қарайды. Көркем туындылар стилінде баяндаудың қызметі жоғары болып келеді. Себебі оқиғаны бастан өткерген автор-кейіпкерлер бірінші жақта өз атынан баяндаса, кейде сол оқиғаның ортасында жүріп бейнелеуі де ұшырасады. Біз қарастырған ғұмырнамаларда өмірлік шындықтың көркемдік шешімін беруде авторлар психологиялық талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы кездеседі. Өмірде болған тарихи тұлғалар бейнесінің көркемдік бейнесіне бару үшін, олар кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіне енуге ұмытылады. Өздері бастан кешірген оқиғаларға қатысты кейіпкердің портреттік сөйлеу, іс-әрекеттері арқылы бейнелеп, деректіктен арылып, көркемдікке үйлестіреді.

Қолданылатын тәсілдер көркем ғұмырнамада авторға жекелей жүк артады, автордың стилі, шығармашылық ұстанымы, таланты да тікелей соған қатысты.

Алғы тарауларда нысандағы үш ғұмырнамалық шығарманы жанрына, табиғатына қарай талдай келе:

– ғұмырнамалық шығармалар қоғам өмірінде белгілі бір дүмпулер болып өткен соң, сол қоғамдық өзгерістерді талдау ниетімен жазылады.

– өмір шындығы ғұмырнамалық шығармада жанр табиғатына орай көбінекей шыншыл қалпында беріледі. Бірақ, оған қарап ғұмырнамалық шығармада автор көркемдік жинақтауға бармайды деген ұғым тумасқа керек.

– ғұмырнамалық шығармада кейіпкер мен автор өмірінің параллелі бар. Алайда, мемуарист автор өз туындысында өз өмірінің басынан түсіп аяғына дейін өзгеріссіз сипаттай береді деген ұғым тумауы керек. Ғұмырнамалық шығарма әдебиетте жасалатын образ да алып-қосуларды қажетсінеді. «Ойдан шығарусыз – образ жоқ» (З. Қабдол.);

– ғұмырнамалық шығарма автор өмірі шындығына бейімделгенімен онда қоғамдық құбылыстар, әлеуметтік-саяси құйылыстар көрініс табады;

–  ғұмырнамалық туындыда автор-кейіпкер паралелді жүретіндіктен, ғұмырнамалық шығарма жазушының (автордың) шығармашылық шеберханасы ретінде де көрінеді. Ғұмырнама-жазушының шығармашылық құпиясының кілті;

Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтер ғұмырбаяндық шығарма жазуда қазақ ұлттық мемуары мен Еуропа, Ресей шығармагерлерінің дәстүрлі жолдарынан зор хабарлары бар екенін танытты және өздері жазған шығармаларында осы игі дәстүрді онан әрі жалғастыра түсті. Әрқайсысы, мәселен, Ә. Нұршайықов «Мен және менің замандастарым» арқылы естелік айтудың ғұмырнама үшін көркемдік маңыздылығын көрсетсе, М. Мағауин өз ғұмырын арқау ете отырып, жазушылық таланттың көркемдік танымының пәлсафасы мен болмысының ерекшеліктерін өз тәжірибесімен танытса,
Қ. Жұмаділов ғұмырнама үшін тарихи танымның көркемдікпен игерілуіндегі қаламгерлік идея мен тақырыптың мән-маңызын ашты. Зерттей келе зерделегеніміз, ғұмырнамалық роман тәуелсіз ұлттық әдебиетіміздің көркем-эстетикалық әлемінің көкжиегін кеңейтіп, тарихи танымымызды тереңдетіп, әдеби көзқарасымыздың біліктілігін дамытуға зор үлес қосып, әдебиеттану ғылымындағы жанрлық өсуге мол мүмкіндік беретінін көреміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Толстой Л.Н. Пол. соб. соч. Ясной поляны. – СПБ: Гослитиздат, 1949. – Вып. 8. – 544 с.

2. Нұршайықов Ә. Өткелдер // Жұлдыз. – 1997. – №2. – Б.27-63.

3. Данелян К.А. Дневники и мемуары. – М.: Гослитиздат, 1959. –


450 с.

4. Банк Н. Нить времени. – Ленинград: Советский писатель, 1978. – 248 с.

5. Моминский С. Мемуарлық автобиография. – Алматы: Жазушы, 1986. –262 б.

6. Григорьев А. Воспоминания. АН СССР. Литературные памятники / Изд. Подготовил Б.Ф. Егоров – Ленинград: Наука, 1980. – 354 с.

7. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. – Алматы: Жазушы, 1983. – 184 б.

8. Шындалиева М.Б. Қазақ очеркінің қалыптасуы, дамуы. – Алматы, 2005. – 276 б.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Қазақпарат, 2005. – 8 т. – 993 б.

10. Серғалиев М. Жанр сыры. – Алматы: Жазушы, 1975. – 180 б.

11. Бердібаев Р. Тарихи роман. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.

12.  Бердібаев Р. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. – Алматы: Қазақстан, 1968. – 86 б.

13. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар, 3 томдық. – Алматы: Жазушы, 1974. – 2 т. – 392 б.

14. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002. – 360 б.

15. Уразбаев Қ.М. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы ұлттық

дәстүрлер көрінісі: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Түркістан, 2007. –


26 б.

16. Белинский В.Г. Полн. собр. соч. – М.: АНССР, 1955. – Т.18. – 420 с.

17. Улуг-Зоде С. Поездка с Айни С. // Коммунист Таджикистана. – 1957. –10 февраля. – 338 б.

18. Фучик Ю. О Средней Азии. – ГИХНЛ: Ташкент, 1960. – 128 с.

19. Чернышевский Н.Г. Избранные произведения в 2-х томах // Пол. собр. соч. – М.: Госпоштиздат, 1949. – Т.2. – 305 с.

20. Горький М. Избранные произведения в 30-х томах // Собр. соч. – М.: Госпошиздат, 1953. – Т.27. – 254 с.

21. Чернышевский Н.Г. Избранные произведения в 3-х томах // Пол. собр. соч. – М.: Худ. литературы, 1947. – 313 с.

22. Бабырнама. – Алматы: Жалын, 1990. – 320 б.

23. Десять не забываемых дней. Декада Казахского искуства и литературы в Москве. – Алматы: КГИХЛ, 1961. – 175 с.

24. Жұмаділов Қ. «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық роман. – Алматы: Тамыр, 1999. – 624 б.

25. Нұршайықов Ә. Мен және менің замандастарым. – Алматы: Таңдамалы шығармалар жинағы 10 томдық. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 8 т. – 472 б.

26. Абай. Қара сөздер. – Алматы: Өнер, 2006. – 124 б.

27. Мағауин М. «Мен» ғұмырбаяндық хамса. – Алматы: Гаухар, 1998. –
590 б.

28. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 312 б.

29. Добролюбов Н. Полн. собр. соч. ГИХНЛ: – М., 1934. – Т.1. – 523 с.

30. Горький М. Әдебиет туралы. – Алматы: Жазушы. – 1964. – 125 б.

31. Белинский В.Г. Собр.соч.в 3 томах. – М.: ГИХНЛ, 1934. – Т.2. – 803 с.

32. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 398 б.

33. Толстой Л.Н. Избранные произведения в 2-х томах. – Л.: Лениздат, 1964. – Т.1. – 667 с.

34. Гинзбург Н.Я. Семейные беседы. – Ленинград: Советский писатель, 1982. – 482 с.

35. Асылбекұлы С. Заман шындығының айнасы // Парасат. – 1997. – № 1. – 15 б.

36. Нұршайықов Ә. Мен және менің замандастарым. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 9 т. – 344 б.

37. Қалқабаева С. Ә. Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер: филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1995. – 163 б.

38. Нұршайықов Ә. Мен және менің замандастарым. Таңдамалы шығармалар жинағы 10 том. – Алматы: Қазығұрт, 2005. – 10 т. – 352 б.

39. Учебно-методическое пособие для студентов. – М.: Издательство Казанского университета, 1970. – 150 с.

40. Опелянский Ю. К.А. Федин. – М.: Моладая гвардия, 1986. – 351 с.

41. Нұршайықов Ә. Өмір өрнектері. – Алматы: Өлке, 2000. – 605 б.

42. Ыдырысов Ә. Зерделей оқырлық қос туынды // Ақиқат. – 2001. – №11. 43. Бердяев В.Н., Вадимов А.В. Самопознание / За приделами, Самопознание. – М.: Книга, 1991. – 518 с.

44. Малинин Ю.П. Филипп де Коммин и его Мемуары // Филипп де Коммин «Мемуары» – М.: Наука, 1986. – 436 с.

45. Ақыш Н.Б. Қазақ мемуарлық романы: филол. ғыл. докт. ... автореф. –


Алматы, 2009. – 38 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет