Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Әсер ету мәселесінің гендерлік аспектісі және жарнаманы қабылдаудағы гендерлік ерекшеліктер



бет2/6
Дата03.07.2016
өлшемі1.55 Mb.
#173710
1   2   3   4   5   6

1.2 Әсер ету мәселесінің гендерлік аспектісі және жарнаманы қабылдаудағы гендерлік ерекшеліктер


Жыныстық дифференцация процессінің талдауы жыныстар арасындағы психологиялық ерекшеліктер мәселесіне алып келеді. Бұл жерде жыныстар арасында қандай психологиялық ерекшеліктер ғылыми негізделген, ол ерекшеліктердің деңгейі қандай деген секілді мәселелер туындайды.

Әйелдер мен ерлер арасындағы психологиялық ерекшеліктердің бар болуы ешкімде күдік тудырмайды. Алайда бұл жөніндегі эмпирикалық мағлұматтар бойынша зерттеулердің көп екендігіне қарамастан жеткіліксіз және жиі қарама-қайшы келеді.

Э. Маккоби мен К. Джеклин қабылдау, ес, интеллект, танымдық стиль, мотивация, өзіндік сана, темперамент, белсенділік пен эмоциялықлық деңгейлеріндегі және т.б. жыныстық ерекшеліктер туралы америкалық және батыс еуропалық зерттеулерге сын көзбен қарап талдады. Дұрыс орнатылған факттер күткеннен аз болды. Маккоби мен Джеклиндердің ойларынша қыздар ұл балалрға қарағанда вербалды қабілеттер бойынша алда келеді; ұлдар қыздарға қарағанда визуалды-кеңістікті қабілеттер бойынша жақсырақ; ұлдарда математикалық қабілеттер жоғарырақ; еркектер агрессиялырақ. Керісінше, қыздар «әлеуметтік» түрде тез сендіруге болатын; қыздарда өзін өзі құрметтеу төменірек болатыны; қыздар жеңіл жұмыстарды тез орындап шығатыны; ұлдарға орта, ал қыздарға тұқым қуалаушылық әсер ететіні туралы; қыздарда есту, ал ұлдарда көру қабылдауы жақсырақ дамығаны туралы ойлар орынсыз [16].

Алайда қазіргі кезде барлық зерттеулер жыныс факторын есепке алады, сондықтан ерлер мен әйелдер арасындағы психологиялық сипаттамалардың ерекшеліктері туралы біраз мағлұматтар бар. Осылайша, қабілеттер ауданында вариациялар белшіленеді. А. Гезелл ұлдарда қыздарға қарағанда ірі моторика дамыған, ал қыздарда - ұсақ моторика дамыған деп айтады. Интеллект пен қабілеттерді салыстыру, әйелдер ерлерге қарағанда сөдік қорларының үлкен екенін, сөйлеуінің нақтылығы мен шапшаңдығын көрсетеді. Алайда еркектерде интеллекттің жалпы көрсеткіші біраз жоғарырақ, бірақ бұл жерде қосымша өзгермелі бар: бұл көрсеткіш таңдау тобында фемининді жыныстық сәйкестігі бар ерлерге байланысты жоғары, ал маскулинді ерлерде интеллект әйелдер интеллектісінен айырмашылығы жоқ.

Жеке бөлшектердің өзгеруіне деген қабылдау мен зейін әдетте әйелдерде жақсырақ дамыған, бірақ олар кеңістікті қатынастарды бағалағанда қателесіп және жалған кеңістікті стимулдарға пікір береді. Техникалық қабілеттер ұлдарда ертерек дамып және жақсыраұ болады. Вербалды қабілеттер қыздарда жоғарырақ және олар оқуды тез қабылдайды.

Өнерге деген қабілеттерге қатысты, қыздар ұлдарға қарағанда сурет салуды ертерек және қызыға бастайды. Музыкалық қабілеттер бойынша айырмашылық табылмаған.

Темперамент құрылымында да ерекшеліктер бақыланады. Осылай, В.М. Русаловтың 8 шкалалы сұрақнамасының көмегімен алынған нәтижелер бойынша 6 шкала бойынша ерекшеліктерді көрсетеді. Әйелдерде әлеуметтік иілгіштік, эмоциялықлық, әлеуметтік эмоциялықлық бойынша көрсеткіштер жоғарырақ, ал еркектерде эргидтілік, иілгіштік және индивидуалды темп бойынша көрсеткіштер жоғарырақ болған. Әлеуметтік эргидтілік пен әлеуметтік индивидуалды темптің жыныспен мүлдем байланысы жоқ десе болады [17].

Сонымен еркектер іс-әрекет ауданының кеңдігімен, ойлау иілгіштігімен, еңбекке ұмтылыс, заттық іс-әрекетті жүзеге асыруда операцияларды орындау жылдамдығымен сипатталады. Ал әйелдер әлеуметтік байланыстарға жеңіл және тез кіріп кетумен, жұмыста және қарым-қатынастағы сәтсіздіктерге деген жоғары сезімталдық, сенімсіздік, мазасызданумен ерекшеленеді.

Эмоциялық аясының ерекшеліктерін қарастыра отырып, көптеген зерттеушілер ұлдармен салыстырғанда қыздардағы жоғары сезгіштікті көрсетеді, ол бір жағынан, ұлдар мен қыздардағы невроздың ерекшеліктерін шарттайды, ал басқа жағынан - заңға қайшы мінез-құлық әсіресе жасөспірім шақта ұлдарда жиі көрінеді. Қыздардың невротикалық ауытқулары қорқыныш, мазасыздық, аутоагрессиялы этиологияға ие жағымсыз әдеттерден көрінеді. Құндылықтар жүйесіндегі айырмашылықтар жасөспірімдік шаққа дейінгі балаларда табылады да, ересектер арасында жойылып кетеді. Осылай, қыздар жеке тартымдылық, үй ішінің амандығын, ал кәсіптік аясында - қарым-қатынасын кеңейту мен жаңа қызықты тәжірибе алу құндылықтарына көбірек бейімделген, ал ұлдар тағы да негізінен «үлкен социуммен» өзара іс-әрекетке қарайды, билік, тәуелсіздік, пайдаға ұмтылысты көрсетеді [18].

Қабылдау және қабылдаудағы гендерлік ерекшеліктер. Б.И. Белый Роршахтың тестінде 8-12жастағы балаларда фигураны қабылдауда жыныстық айырмашылықтар бар екенін айтады. Қыздар ұлдарға қарағанда аз жауап береді және оларда уақыттық көрсеткіш жоғарырақ. Олар дақтардың формаларын жақсы қабылдап, белгілі жауаптардың меншікті салмағы жоғары. Ал ұлдарда, керісінше, ақ фондағы фрагменттерге және ұсақ бөлшектерге жауаптар көбірек.

Керісінше заңдылық мектепке дейінгі балаларда адамның графикалық бейнесі бойынша көрінеді. Қыздар көпетеген түрлі элементтерге көңіл аударып, көбірек тәсілдер қолданады, ал ұлдар адамның жалпы бейнесін көрсетеді. Бірақ бұл барлық элементтеріне қатысты емес. Ұлдар көздерін, бет әлпетін, мойын, денесін көп түрлі қылып бейнелейді.

Л.Н. Иванская зерттелінушілерге еркектің фотографиялық бейнесін көрсете отырып, содан кейін әрқайсысына есінде сақталған бейнені фоторобот экранына бейнелеуін сұрайды. Әйелдер ерлерге қарағанда нақтылықты көрсетті. Яғни, бет әлпетті қабылдау мен оны ерлер мен әйелдердің қайта бейнелеп беруі туралы бір ортақ ой-пікір жоқ.

Ер және әйел жыныстарының субъектілері арасында уақыт пен кеңістікті қабылдауда үлкен айырмашылықтар байқалады. Г.С. Шляхтинаның мәліметтері бойынша әйелдер уақыттық интервалдың ұзақтығын асыра бағалайды, яғни олар үшін еркектерге қарағанда уақыт тез өтеді [19].

Дж.Виткин де өтіп бара жатқан уақытты еркектер мен әйелдердің әр түрлі қабылдайтыны туралы айтады. Әйелдер үшін биологиялық сағаттың тез жүгіруін - уақыттың тез өтуін айтады. Ал әсіресе мансап, табыс, қаржылай тұрақтылыққа ұмтылатын еркектер үшін уақыт керісінше өте баяу өтеді, себебі табыс бірден және барлығына бірдей келмейді [20].

Түсті қабылдау және оған деген психофизиологиялық реакция. Қыздар түстерді жақсырақ айыратыны анықталған. Одан басқа, Т.В. Андрееваның жұмысында еркектер мен әйелдер арасындағы түсті қалауына байланысты айырмашылықтаркөрсетілген. Әйелдер көкшіл, ақшыл сары, салат түсті және сары түстерді, ал еркектер - көк, қызғылт сары және қоңыр түстерді ұнатады.

Е.А. Соловьева түсті қабылдауда беретін реакцияларда жыныстық айырмашылықтарды анықтады. Түстік ассоциациялар мазмұны бойынша ерлерде абстрактілі, ал әйелдерде - нақты болды.

Түстік сиволизмге деген сезгіштік (адамның түсті бейнелердің символдық мазмұнын адекватты қабылдау қабілеті ) ерлерде интиллектуалды және танымдық ерекшеліктермен байланыстар анықталған, ал әйелдерде - темперамент құрылымымен, мазасыздықпен және танымдық стильдің сипаттарымен байланысты.

Психомоторлы көрсеткіштерге деген түстің әсері, Е.А. Соловьеваның мағлұматтары бойынша түстік символизмге деген сезгіштікке тәуелді болған.Осыған байланысты автор зерттелушілердің екі тобын алды - жоғары сезімталдықпен («символисттер») және төмен сезімталдықпен («символист еместер»). Екі топта да жыныстық айырмашылықтар анықталған. «Символист»-ерлер «символист еместерден» кеңістікті ойлаудың жоғары деңгейімен, танымдық процесстердің тездігімен, түлғалық мазасыздықтың төмен деңгейімен ерекшеленді. «Символист»-әйелдерде «символист еместерден» айырмашылықтары басқаша: вербалды ойлаудың жоғары деңгейі, когнитивті стильдің ригидтілігі, нейротизмнің, экстернальность және экстраверсияның жоғары деңгейі. Бұл комплекстер ерлерде образ және символ қабылдауға қабілеттерін бейнелесе, ал әйелдерде - конвенциалды бейнелер.

Ерлер тобында қызыл түс «символисттерде» қол күшін жеткілікті төмендетеді, ал «символист еместерде» жоғарылатады. Ал әйелдер тобында қызыл түс «символисттерде» қол күшін жоғарылатады. Көгілдір түс ерлерде «символисттердің» күшін күшейтеді. Ал әйелдерде «символисттерде» көгілдір түстің әсерінен бұлшықет күші әлсірейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет