Сонымен, халықты әлеуметтік қорғауды дамытуда туындайтын мәселерді кешенді түрде шешуге жүйелік бағыттаушы негізінде, бұл жүйені басқаруға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жаңа механизмді құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған механизм алынатын пайданың жүйе арқылы, қаржының әділетті түрде таратылуына мекемелер мен кәсіпорындардың қызығушылығын арттыруға
Әлеуметтік қамсыздандырудың қазақстандық моделін әрі қарай дамытудың негізгі проблемасы әлеуметтік сақтандыру жүйесімен және жинақ зейнетақы жүйесімен қамту септігін тигізеді. Сонымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың мәселелері тез арада бітпейтіні белгiлi. Экономикадағы дағдарыс құбылыстары еңбекке жарамды тұрғынның бос еместігінің мәселелерін едәуір шиеленiстiрiп алды.
Әлеуметтік реформаларды жүргізудің қазіргі кезеңінде өкіметтің мемлекеттік институттарының басты міндеті мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер механизмі қамтамасыз етілетін әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесін құру және әлеуметтік әділдікке қол жеткізу болады [2].
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру элементтерін, мемлекеттік бюджеттен ынтымақты әлеуметтік төлемдерді және аралас ынтымақты- жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізетін әлеуметтік қамсыздандырудың аралас моделі қалыптасты.
Кесте 2
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі нормалар мен нормативтер
Атауы
|
Анықтамасы
|
2019
|
Заң
|
Өмір сүру
минимумы
|
Бір адамға қажетті минималды ақшалай кіріс, минимальды тұтыну корзинасының шамасына тең
|
21364
теңге
|
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы
|
Кедейлік
шегі
|
Экономикалық мүмкіндіктерге қарай республикада белгіле- нетін адамның минимальды тұтынушылығын қанағаттан- дыруға қажетті кірістің шегі
|
40%-дан
ӨМ =
8545,6
теңге
|
|
Айлық есептік көрсеткі
|
Жәрдемақылар мен өзге әлеу- меттік төлемдерді есептеуге, сондай-ақ, санкциялар, салықтар менҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де төлемдерді қол-дануға арналған коэффициент
|
1982 теңге
|
Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға республикалық бюджет туралы» Заңы
|
Зейнетақыны ң минималды мөлшері
|
Кіріс болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда өтілі жет- кілікті болған кезде тағайын- далатын зейнетақы жасына жету бойынша нақты тұлғалардың ай сайынғы ақша төлемі (ерлер – 25 жас, әйелдер – 20 жас)
|
23692
теңге
|
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы (01.03.2016 жылғы өзгерістер және толы қтыруларымен)
|
Мемлекеттік базалық зейнетақылы қ төлем
|
Заңмен белгіленген зейнет жасына жетуі бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарына берілетін ай сайынғы ақшалай төлем (ерлер- 63 жас, әйелдер – 58 жас)
|
50% -дан
ӨМ
=11846те ңге
|
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы (01.03.2016 жылғы өзгерістер және толы қтыруларымен)
|
Ескерту – ҚР статистика агенттігінен алынған
|
Достарыңызбен бөлісу: |