Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Сонымен, минимальды әлеуметтік стандартты қолдану бойынша келесі нормалар енгізілуі мүмкін



бет10/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Ағыраев М.М.

Сонымен, минимальды әлеуметтік стандартты қолдану бойынша келесі нормалар енгізілуі мүмкін

  • өмір сүру минимумы;

  • айлық есептік көрсеткіш

  • зейнетақының минимальды мөлшері

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі [4]

Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғау жүйесі өмірлік қажетті игіліктерге белгілі деңгейде және жағдайына қарай (қартаю. Денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылу және басқа заңды негіздер) экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың жағдайын белгілі деңгейде қамтамасыз етуге шақырылған.
Кесте 3

Əл℮yмeтгiĸ ĸaмcыздaндыpyдын сонғы жылдapдaғы ĸopceтĸiшi



Көрсеткіштер

2017 жыл

2018 жыл

2019жыл

Ауруаханалар саны, бірлік

995

911

 

Ауруханалар төсегінің саны, мың бірлік

107,5

105,2

 

Мектепке дейінгі ұйымдардын саны, õip.тiĸ(2010 жылдан бастап піағын орталыктарды коса)

7661

8467

8834

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар саны, мың адам

634,5

727,5

758,8

Мектептер саны, бірлік

7 561

7562

7511

Мектептегі окушылар саны, мың адам

2581,6

2685,1

2799,6

Колледждер саны, бірлік

785

775

780

Колледждегі окушылар саны, адам

557 374

532 910

498 965

Жоғары оку орындарының саны, бірлік

128

126

127

Жоғары оку орындарындаты окушылар саны, мың адам

527,2

477,4

459,4

Tipĸeлгeн ĸылмыcтap саны

359 844

341 291

386 718

Opтaшa aйлыĸ татайындалтан зeйнeтaĸы, тенге

31 918

36068

39241

Зейнетакының ең томен мoлшepi, тенге

21736

35668

40441

Ескерту - ҚР статистика aгeнттiгiнeн aлынгaн


Халықтың тұрмыс деңгейі адамдардың қажетті игіліктер мен қызметтерді тұтынуда қол жеткізген деңгейін көрсетеді. Бұл қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтып көрсететін күрделі санат. Тұрмыс деңгейі ұғымын кең ауқымда қарастырғанда бұл ұғым халықтың әр түрлі игіліктер мен қызметтерді тұтынумен қатар еңбек және демалыс жағдайы, әлеуметтік қамсыздандыру мен кепілдіктер, тұлға құқықтарын сақтау, бос уақыттың болуы және оны жақсы пайдалану мүмкіндігі, табиғи климаттық жағдайлар сияқты сипаттамаларды да қамтиды.

Мұндай жағдайда тұрмыс деңгейі ұғымының орнына "тұрмыс сапасы" термині жиі қолданылады.



Халықтың тұрмыс деңгейін төрт топқа бөлуге болады:

  1. Молшылық деңгейі. Бұл деңгей адамдардың жан жақты дамуын қамтамасыз ететін барлық игіліктерді пайдалануға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

  2. Қалыпты деңгей. Бұл - адамның дене және ақыл парасат күшін қалпына келтіру үшін ғылыми негізделген нормаға сай оңтайлы тұтынуға қол жеткізгенін сипаттайтын деңгей.

  3. Кедейшілік деңгейі. Мұндай деңгейде жұмысқа қабілеттілікті сақтауға ғана жететін игіліктер тұтынылады.

  4. Жоқшылық деңгейі. Бұл деңгей адамның тіршілік қабілетін демеп отыруға ғана жететін игіліктерді тұтына алатынын көрсетеді [5].

Kecie 4


ҚР халкынын тұрмыс денгейі

Көрсеткіштер

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Халықтың атаулы ақшалайтабысы, айына орташа жан басына шаққанда, тенге

56235

62007

67918)

өткен жылға пайызбен

109,0

110,3

108,3

Халықтың нақты ақшалай табысы, әікен жылға пайызбен

103,0

103,3

104,1

Күнкөрістін ен төменгі денгейі шамасынан темен халық үлесі, пайызбен

2,9

2,8

2,5

Күнкөрістін ен төменгі денгейінін шамасы. тенге

21736

35668

40441

Ecκeρτy - ҚР статистика агентгігінен алынған

Халықтың мақсатты тобының жұмыспен қамтылуына әлеуметтік жұмыс орындары ықпал етеді. 2015 жылдың басынан 288 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, жоспар 115,2 пайызға орындалды.



Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін бағалауда ең негізгі үш көрсеткішті анықтаған жөн:

  • әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін қызметтің көлемі және оның көрсеткіштері, атап айтқанда Алматы қаласындағы жұмыссыздардың үлес салмағы және саны ;

  • соңғы нәтиженің көрсеткіші, осының көмегімен халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің сапасын бағалауға мүмкіндік туады. Бұл жерде әр түрлі көрсеткіштерді алуға болады: жұмыссыздардың жұмыс табуы, олардың санының қысқарылуы және т.б. Сонымен, алғашқы халыққа әлеуметтік көмек көрсету саясаты аймақтық деңгейде жетілдірілуі тиіс, себебі тек осы жағдайда ол халыққа жақындай түседі. Бұл аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтар мен басқа категориялардың мәселелерін тиімді шешуге мүмкіншілік береді. Сонымен катар, аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу экономикалық ғылымда бірден бір аса маңыды проблема болып қала береді. Бұл проблеманың бүкіл әлемде өз орны бар, себебі, мұнда белгілі заңдылықтармен сипатталған күрделі, жанамалы, динамикалық үрдістер өз көріністерін тапқан. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесі қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдайды, және оның бір жүйеден басқа жүйеге ауысу немесе қарқынды даму кезеңдерінде тұрақты сақталуына ықпал етеді. Индустриалды дамыған елдерді қоса батыс, шығыс елдерінде мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз-дандыру жүйесі әртүрлі. Бұл сол елдердегі ұлттық дәстүрлері мен жүйелердің даму ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

2.2 Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау

Халық тұрмысының сапасы мен деңгейін жоғарылату Республиканың қазіргі кезеңдегі қоғамдық дамуының маңызды шешімі болып табылады.

Еліміздің экономикасындағы елеулі өзгерістер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағытта дамуы халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары сатыға көтерілуіне елеулі ықпал жасады.

Ақтөбе облысы - Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

Ақтөбе облысы аумағының көлемі 300,6 мың ш. км. құрайды. Халық саны - 880,7 мың адам, оның ішінде қалалық – 627,0 мың (71,2%). Облыс құрамына 12 аудан, 1 облыстық маңызы бар қала және 7 аудандық маңызы бар қала (Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Шалқар, Хромтау) кіреді. Ұлттық құрамы: қазақтар-82,8%, орыстар-11,3%, украиндар - 2,5% және басқалары – 3,4%.

Ақтөбе облысы 2019 жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасымен аяқтады.

Сапалы өмір сүру деңгейі халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

2019 жылы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, табыстарын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, несиелік жүктемені төмендету, т.б. мәселелерде басымдық ретінде және мақсатты қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге (28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін) өсті. Ең төменгі жалақы алатын 70 мыңнан астам ақтөбеліктің жалақысы көтерілді. Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсті.

2019 жылы облыстың 1400-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен 15%-ға артып, 32 мың ақтөбелікке оң әсерін тигізді. Облыс тұрғындарының орташа айлық жалақысы 13,9%-ға өсіп, 156 615 теңгеге жетті.

Алайда бұл орташа сан негізінен мұнай-газ, кен өндірісі, теміржол, қаржы  саласы қызметкерлерінің біздің өңірдің өлшемі бойынша жоғары жалақысы есебінен жасалғанын атап өту керек және біз жалпы халықтың басым көпшілігінде жалақы деңгейінің төмен екендігін жоққа шығармаймыз.

Осыған қарамастан, біздің өңірдегі жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен 16%-ға төмен (ҚР бойынша 9-орын) және салыстырмалы түрде еліміздің батыс өңіріндегі аймақтар арасында  ең төмені болып отыр.

Сондықтан біз 2025 жылға дейін республика бойынша орташа еңбекақы деңгейіне қол жеткізу үшін халықтың табысының жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледік.

2020 жылы халықтың табысын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30%-ға өсетін болады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бірлестірілген бюджетке түсімдер 547,1 млрд теңгені немесе 102,4%-ды құрады.

Осы ретте, 119,2 млрд теңге жергілікті бюджетке түсті. Бұл 2018 жылға қарағанда 675,5 млн теңгеге (2018 жылы – 118,5 млрд теңге) артып отыр.

Салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмыс нәтижесінде бюджетке 3,4 млрд теңге қосымша қаржы түсті.

Бюджет 99,6%-ға немесе 269,8 млрд теңгеге игерілді.

2019 жылы облыс кәсіпорындары 1,9 трлн теңгенің өнімін шығарып, рекордтық көрсеткішке жетті. Осы ретте, аймақ өнеркәсібінің өсуіне жаңа технологияларды қолдану, өндірістің жаңа желілерін іске қосу есебінен қол жеткізілді және бұл 5,9%-ды құрады (2018 жылы – 1,8 трлн  теңге).

Тау-кен саласында 2018 жылмен салыстырғанда бірқатар пайдалы қазбалар өндіру көлемі артып отыр. Мысалы: мыс-мырыш кені — 43,5%-ға, құрамында алтын бар кен — 21,5%-ға, мырыш концентраты — 16,3%-ға, хром кені — 4,9%-ға, хром концентраты — 2,5%-ға өсті.

Бір мезгілде еңбек өнімділігін және бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қолданыстағы өндірісті модернизациялау белсенді жүргізілуде.



Анықтама: соңғы 3 жылда жалпы көлемі 155 млрд теңге көлемінде 85 кәсіпорында модернизациялау жұмыстары жүргізілді.

Өңірдің жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты басымдықтарының бірі — инвестиция тарту болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 600 млрд теңге инвестиция тартылып, 7,5% өсімді құрады.

Бұл ретте тартылған қаражаттың 73%-ы жеке сектор субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылса, 36%-ы шетелдік инвестиция болып табылады.

Егер 2012 жылы жалпы шетелдік инвестициялардың үлесі 10,2%-ды құраған болса, бүгінгі күні салыстырмалы динамика тікелей шетелдік инвестициялар ағынының айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр.

2019 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсімі 160 млрд теңгені құрайтын 25 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілді.

Олардың ішінде ең ірілері:

— Мұғалжар ауданындағы «ҚазГеоРуд» ЖШС тарапынан «Құндызды» мыс-мырыш кенін игеру;

—  «ТД «Фотон» ЖШС өндірген ұяшықты автокланды газ бетоны;

— «АКМЭЗ» ЖШС-ның өсімдік майы мен оның мал азығын әзірлеу өндірісі.

Осы жобалардың іске қосылуы нәтижесінде аймақта қосымша 1700-ден астам жұмыс орны құрылды.

Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2019 жылғы 9 айында 2 191 111,3  млн.теңгені құрады. ЖӨӨ көлемінің нақты өзгеру индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,7% құрады. Өңірдің ЖӨӨ динамикасы айтарлықтай дәрежеде негізгі салаларда оң өсу қарқынының сақталуымен байланысты.

2018 жылға қарағанда (1 855,2 млрд.теңге) 105,9% (НКИ) өсіммен 2019 жылы 1 914,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі – 109,8% (1207,5 млрд.теңге) құрады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің НКИ – 99,4% (600,0 млрд.теңге) құрады.

Аймақ өнеркәсібінің өсуіне жаңа технологияларды қолдану, өндірістің жаңа желілерін іске қосу есебінен қол жеткізілді.

Тау-кен саласында бірқатар пайдалы қазбалар өндіру 2018 жылмен салыстырғанда өсті. Мысалы: мыс-мырыш кені-43,5% - ға, құрамында алтын бар кен – 21,5% – ға, мырыш концентраты – 16,3% – ға, хром кені-4,9% - ға, хром концентраты-2,5% - ға.


Қазіргі уақытта ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында 2018 жылы Тұңғыш Президент бастамашылық еткен «Ауыл — Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру жалғасуда 2 сурет.

2019 жылы арнайы жоба аясында республикалық бюджет есебінен халықтың жалпы саны 29 мың адамды қамтыған  болашағы зор 3 ауылда (Бадамша, Мәртөк, Шұбарқұдық) 8 жобаны іске асыруға 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

2020 жылға 3,3 млрд теңге сомасына 36 жоба (24 көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша, 10 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша және 2 инженерлік инфрақұрылым бойынша) қолдау тапты.

Ескеру-Ақтөбе облысы әкімінің есебінен алынған

Сурет 2. «Ауыл-ел бесігі»  жобасын іске асыру


67 мың адамды қамтитын әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуды қарастыратын жобалар облыстың 11 ауылында жүзеге асырылады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі төмендеді: химия өнеркәсібі өнімдері (76,5%), сусындар (64,9%), жеңіл өнеркәсіп (82,4%), резеңке және пластмасса бұйымдары (83%).

Өндіріс көлемінің төмендеуі Ақтөбе қ., Алға және Ойыл аудандарында байқалды. Облыстың 9 ауданында өсу қарқыны тіркелді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 275,2 млрд.теңгені құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 3,7% - ға жоғары. НКИ-103,7% (ҚР -100,9%).

2019 жылы ет өндіру көлемі 8,5% – ға, сүт 3,2% - ға және жұмыртқа-2,6% - ға өсті. Ірі қара мал басы 6,3%-ға, жылқы 12,1% – ға, қой – ешкі басы 1,6% - ға және түйе басы 2% - ға өсті.

Сиыр еті экспортының көлемі 2 есеге артып, 4,4 мың тоннаны құрады.

Субсидиялау шығындарының жалпы сомасы 2019 жылы 15,7 млрд.теңгені құрады.

Дәнді дақылдардың өнімділігі 8,4 ц/га, (2018 ж. – 11,8 ц/га), картоп 163,1 ц/га (163,4 ц/га), майлы дақылдар 5,4 ц/га (3,3 ц/га) құрады.

2019 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 598,3 млрд.теңгені құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 7,5% - ға өсті.

Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2019 жылы 160 млрд.теңгеге 25 ірі инвестициялық жобаны іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.

Олардың ішінде ең ірілері:

- Мұғалжар ауданындағы «Қазгеоруд» ЖШС «Құндызды» мыс-мырыш кенін игеру;

- «ТД «Фотон» ЖШС ұялы автоклан газ бетонын өндіру;

- «АКМЭЗ» ЖШС-нің өсімдік майы мен жемдік шроттың өндірісі. Осы жобаларды іске қосу нәтижесінде аймақта қосымша 1700 жұмыс орны құрылды.

2019 жылы сыртқы сауда айналымы 4 247,7 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт - 3062,0 млн. АҚШ доллары, импорт - 1 185,7 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң болды - 1876,3 млн. АҚШ доллары.

2019 жылдың аяғында құрылыс жұмыстарының көлемі 194 млрд теңгені құрап, өткен жылғы деңгейден 5,8% асып түсті. 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді (өсім 112,4%).

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2018 жылғы деңгейге 1,5% артып, 656,5 млрд. теңгені құрады.

Ақтөбе облысы бойынша инфляция 5,0% құрады, бұл 2018 жылдан 4 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 5,3%).

Жұмыссыздық деңгейі 4,8% деңгейінде қалыптасты, бұл жергілікті атқарушы органдардың аймақ экономикасына инвестициялар тарту арқылы жұмыс орындарын құру жөніндегі қабылдаған шараларымен байланысты.

2019 жылы 21 138 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 58% тұрақты.

2019 жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 43,1 мың адам қамтылды.

Бағдарлама аясында қолдау шаралары қажетті мамандықтар бойынша оқуға жіберілген 2,9 мыңнан астам адамды қамтыды.

Орташа айлық жалақы 156615 теңгені құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 13,9% өсті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге (28284 теңгеден 42500 теңгеге дейін) өсті. Ең төменгі жалақыны көтеру 70 мыңнан астам адамға әсер етті. Бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 30% - ға өсті.

2019 жылы 1400-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 15% - ға арттырды. Бұл 32 мың ақтөбелікке әсерін тігізді.

Осыған қарамастан, аймақтағы жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен 16% - ға төмен (ҚР бойынша 9-орын) және Батыс Қазақстан өңірлері арасында ең төмен болып қалуда.

Ақтөбе облысы халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019ж. IV тоқсанында 100 377 теңгені құрап, 2018ж. IV тоқсанымен салыстырғанда 15,8% өсті. Осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағалардың 5,0% - ға өсуін ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты көріністе 10,1% - ға өсті.



Ақшалай табыс құрылымында еңбек қызметінен түскен табыстар 78,4% - ды, оның ішінде жалдамалы жұмыстан 69,3% - ды, дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен 9,1% - ды, әлеуметтік трансферттер 16,4% - ды, меншіктен түскен табыс 0,3% - ды, туысқандардан материалдық көмек, алименттер және басқа да табыстар 4,9% - ды алады.

Экономикалық өсудің тұрақты және серпінді қарқынының маңызды индикаторларының бірі кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін дамыту және арттыру болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылдың деңгейіне 8,6% - ға артты, олардың саны 59,1 мың бірлікті құрады. ШОК объектілерімен өнім шығару көлемі 680,6 млрд.теңгені құрады, салыстырмалы кезеңге қарағанда 1,9% - ға (2019 жылдың 9 айында) өсті. ШОК саласында жұмыспен қамтылған халықты қамту 9,9% - ға немесе 147,1 мың адамға дейін өсті (2019 жылдың 9 айындағы деректер).

 

Кесте 1


2017-2019 жылғы Ақтөбе облысының негізгі макроэкономикалық

даму көрсеткіштері

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет