ҚОРЫТЫНДЫ
Аймақтық топонимдер белгілі бір тарихи деректермен байланысты. Әр атауда тарихи деректер, этнографиялық деректер, географиялық ерекшеліктер көрсетіледі. Жер-су атаулары елдің, халықтың этнографиялық, әлеуметтік жағдайынан хабар береді. Жеке атауларды қарастыра отырып, этностың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық мәдениетіне қатысты ерекшеліктерді тануға болады. Өлке тарихына, еліне, саяси-әлеуметтік жағдайына, этникалық мәдениетіне ерекше назар аудара отырып, аймақ атауларының шығу тегі мен мағынасын анықтауға болады [49] . Белгілі бір есімнің пайда болуы тарихи түрде кейбір ішкі белгілермен байланысты. Ежелден бері адамдар қоршаған ортаны мекендеген жеріне қарай атаумен атаған. Әрбір атау белгілі бір мағынаға ие. Географиялық атаудың тарихи себебі болуы керек. Топонимдердің пайда болу жолдары да бар. Қазақ халқының ежелден қоныс тепкен, мекен еткен өзен-көл, тау, тау сияқты жер-су атаулары мыңдаған екені белгілі. Ертеде ата-бабаларымыз олардың әрқайсысын шеберлікпен, тапқырлықпен атаған. Көп жағдайда аңыздар халықтағы жер-су атауларының мағынасы туралы болжамдарға негіз болады. Қазақ әдебиетінің шығармаларында елді мекен, ел атауларына қатысты көптеген қызықты мәліметтермен танысуға болады. Әдебиет ел тарихымен тығыз байланысты [50] . Жер-су атауларының ішінде шет тілдерінен енген сөздер де кездеседі. Халқымыз сан ғасырлық өмірінде сан алуан тарихи тағдырларды басынан өткерді, көптеген халықтармен араласты. Мұның нәтижесі топонимдерге де із қалдырды. Мысалы, топонимдерге араб, парсы т.б. тілдердегі сөздердің де ықпалы болғанын байқауға болады. Өңіріміздегі ойконимдердің лексика-семантикалық құрамы да сан алуан. Топонимдер қоғамдық даму сипатына қарай өзгеріп отырды. Жергілікті тұрғындар өздері мекендеген және жайлаған жердің ерекшеліктеріне, суының тұздылығына, оның көлемі мен ағынына, табиғатына және жалпы сан алуан қасиеттері мен белгілеріне өз атауларын берген. Сондықтан мұндай атаулардың белгілі бір мағынасы бар. Демек, ойконимдерді семантикалық тұрғыдан зерттеудің мәні де бөлек. Ойконимдердің семантикасы аталған объект туралы адекватты мағлұмат беріп қана қоймай, адамның осы жерге деген қатынасын көрсетіп, білдіреді. Топонимдерге лексика-семантикалық талдау жасау жөнінде бірнеше еңбектер жарық көрді. Топонимиканы зерттеу жөнінде көптеген ғалымдар еңбектер жазды. Топонимика ғылымының халыққа тәрбиелік мәні зор. Ғылыми қауымға арналған түрлі басылымдар мен ғылыми еңбектердің беттерінде жазылған топонимикалық мәліметтерден түрлі географиялық атаулардың мағынасын, жасалу тарихын, өзгеру себептерін білуге болады . Демек, мыңдаған атаулардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті, тарихы бар. Елдегі елді мекендер мен су атауларының мағынасы әртүрлі. Уақыт өте бірі қолданыстан шығып кетсе, енді бірі туып, тілімізге күнделікті өмірде араласады. Елді мекендер мен су қоймаларының атаулары халықтың өткен өмірінің, тұрмыс-тіршілігінің, ділінің, табиғатының, тарихи кезеңдегі байлығының куәсі.
Достарыңызбен бөлісу: |