Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерінің болашағы.
Біздің пікірімізше, Қазақстан халқының эмиграциялық әлеуеті түгесілді. Сол себепті де келешекте бірте-бірте сыртқы көші-қонның оң сальдосының көбеюін күтуге болады, ол төмендегі себептерге байланысты болады:
- республиканың оралмандарды елге қайтару бойынша мемлекеттік саясатының жалғасуы;
- өтпелі кезеңде шетелге кеткендердің бір бөлігінің кері қайту үдерісінің басталуымен (ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 1990-2003 жылдар аралағындағы сыртқы көші-қонның жиынтық теріс сальдосы 3 млн. адамнан асып кеткен);
- табиғи ресурстарға бай жер аумағында халықтың тым сирек қоныстануы кезіндегі республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың тұрақты түрде жақсаруымен, мұның өзі көрші елдердің халқының елімізге еңбек миграциясы бойынша, ал соңынан тұрақты өмір сүруге рұқсат алу мақсатымен келуін ынталандырады.
2005 жылы сыртқы көші-қонның оң сальдосы 1 промилледен (15,1 мың адамнан) кем болмайды деп болжамдаймыз. Біз алдағы кезеңде осы сальдо әр жыл сайын 0,05-0,1 промильдік пунктке ұлғайып отарады деп есептейміз, мұның өзі 2050 жылы оның 3,25-5,5 промиллеге дейін өсуіне ықпал етеді (халықтың саны 25 млн. адам болған жағдайда бұл сыртқы көші-қонның 81,3-137,5 мың адам көлеміндегі сальдосын береді).
Отандық ғалымдардың болжамдық есептері республика халқының саны әрбір бес жыл сайын 1 миллионнан астам адамға көбеюі мүмкін екендігін көрсетеді, соның нәтижесінде ол 2030 жылдың басында 19,8-20,9, ал 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамды құрайтын болады (10 кесте). Ерлердің өлім-жітімінің жедел азаюының арқасында 2030 жылы 1000 әйелге 949-951, ал 2050 жылы 979-985 еркек адамнан келетін болады (соңғы жылдары бұл көрсеткіш 929 адам деңгейінде болып тұр).
10 кесте - 2005-2050 жылдардағы халық санының мақсаттық болжамының минимальды деңгейі және халықтың туылуының жалпы көрсеткіштері
|
2005
|
2010
|
2015
17044,3
|
2020
18092,4
|
2025
18985,4
|
2030
19831,9
|
2040
21767,7
|
2050
23526,6
|
Жыл басындағы халықтың саны, мың адам
|
15070,8
|
15959,3
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
еркектер
|
7252,1
|
7681,6
|
8223,3
|
8754,3
|
9212,9
|
9654,3
|
10682;7
|
11639,2
|
әйелдер
|
7818,7
|
8277,7
|
8821,0
|
9338,1
|
9772,5
|
10177,5
|
11085,0
|
11887,4
|
1000 әйелге шаққандағы әйелдердің саны
|
928
|
928
|
932
|
937
|
943
|
949
|
964
|
979
|
Миграциялық
сальдо, мың адам
|
15,1
|
19,9
|
25,6
|
31,7
|
38,0
|
44,6
|
59,9
|
76.5
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
еркектер
|
7,3
|
9,6
|
12,3
|
15,3
|
18,4
|
21,7
|
29,4
|
37,8
|
әйелдер
|
7,8
|
10,3
|
13,2
|
16,3
|
19,5
|
22,9
|
30,5
|
38.6
|
Туылғандардың саны, мың адам
|
284,9
|
349,9
|
353,0
|
316,5
|
291,7
|
306,0
|
344,2
|
311,1
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ұлдар
|
147,3
|
180,9
|
182,5
|
163,6
|
150,8
|
158,2
|
178,0
|
160,9
|
қыздар
|
137,6
|
169,0
|
170,5
|
152,9
|
140,9
|
147,8
|
166,3
|
150,3
|
Қайтыс болғандардың саны, мың адам
|
154,6
|
160,4
|
159,2
|
157,6
|
162,6
|
172,5
|
205,0
|
245,8
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
еркектер
|
86,3
|
86,8
|
84,2
|
81,7
|
82,6
|
86,3
|
100,1
|
121,0
|
әйелдер
|
68,3
|
73,6
|
75,0
|
75,9
|
80,0
|
86,2
|
104,9
|
124,8
|
Табиғи өсім, мың адам
|
130,3
|
189,5
|
193,9
|
158,8
|
129,0
|
133,5
|
139,2
|
65,3
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 кестенің жалғасы
еркектер
|
61,0
|
94,1
|
98,3
|
81,9
|
68,2
|
71,9
|
77,9
|
39,9
|
әйелдер
|
69,3
|
95,4
|
95,6
|
76,9
|
60,9
|
61,6
|
61,3
|
25,5
|
Халықтың орташа жылдық санының 1000 адамға шаққандағы коэффициенті
|
миграциялық
|
1,0
|
1,2
|
1,5
|
1,7
|
2,0
|
2,2
|
2,7
|
3,2
|
туылу
|
18,8
|
21,8
|
20,6
|
17,4
|
15,3
|
15,4
|
15,7
|
13,2
|
қайтыс болу
|
10,2
|
10,0
|
9,3
|
8,7
|
8,5
|
8,7
|
9,4
|
10,4
|
табиғи
|
8,6
|
11,8
|
11,3
|
8,7
|
6,8
|
6,7
|
6,4
|
2,8
|
өсім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлық өсім
|
9,6
|
13,0
|
12,8
|
10,5
|
8,8
|
8,9
|
9,1
|
6,0
|
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген
|
2006 жылдың өзінде туылғандардың саны 300 мың адамнан асып кетеді және іс жүзінде болжамданып отырған кезеңнің өнбойында осы деңгейден артық болып тұрады. Оның үстіне, бұл көрсеткіш бір минимумға (2025 жылы — 291,7-315,7 жаңадан туылғандар) және екі максимумға (2015 жылы — 353,0-378,5 мың және 2040 жылы — 344,2-402,6 мың жаңадан туылғандар) ие болады. Соған сәйкес, туылудың жалпы коэффициенті де 2025 жылы ең аз мәнге (15,3-15,9) және 2 максимальды мәнге (2010 жылы — 21,8-23,1 және 2035 жылы — 16,0-17,0 промилле) мәнге ие болады.
Қайтыс болғандардың саны 2030 жылғы 161,2-172,5 мың адамнан 2050 жылғы 241,0-241,8 мың адамға дейін бірте-бірте көбейетін болады. Қайтыс болудың жалпы коэффициенті бұл кезеңде 2025 жылғы 7,6-8,5 промиллеге дейін тұрақты түрде азайып отырады, ал одан әрі қарай 2050 жылы 8,9-10,4 шамаға дейін өседі. Халықтың өлім-жітімі үнемі азайып отырады деген болжамға қарамастан, осындай толқулардың себебі — халықтың жыныстық-жастық құрылымындағы демографиялық толқындарға байланысты болып отыр.
Осындай болжамдардың нәтижесінде анықталған халықтың жас құрылымын талдау 2005 жылы 65 жастағы және одан үлкендердің үлесі 7,7%-ға дейін көбейетіндігін көрсетеді, кейінірек 2010-2015 жылдары бұл шама 7,2%-ға дейін азаяды. Одан арғы кезеңдерде халықтың «қартаюы» үдерісі барынша айқын байқалатын болады, соның салдарынан 20-30 жылы жасы ұлғайған адамдардың үлесі 11,1-11,3%, ал 2050 жылы — 14,7-15,0%-ға дейін көбейетін болады.
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін басқаруды жетілдіру.
Көші-қонға мемлекеттің ықпал ету әдістері тікелей де, жанама да болуы мүмкін. Әлемдік іс-тәжірибе қатаң, директивалық іс-шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр, керісінше, жанама, үкімет тарапынан түзетуші ықпал жасаудың артықшылығы көп. Әлемдік қауымдастық, ең алдымен, халықаралық ұйымдардың құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық нормалар мен стандарттарды сақтап отыруды қажетті және мақсатқа сай деп мойындап отыр. Айталық, еңбектік көші-қон үдерісін реттеуші халықаралық конвенцияны бекіту кезінде елдер халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңнамадан басымдығын мойындайды. Бұл елдер үшін де, сондай-ақ шетелде құқықтары едәуір көбеятін мигранттар үшін де едәуір маңызға ие. Егер жұмысшы күшін қабылдаушы ел негізінен мигранттардың елге келуі мен оларды пайдалану үшін жауапкершілікті болса, ал жұмысшы күшін шетке жіберуші елдер шетке кетуді реттеу және өздерінің азаматтары болған шетелге кеткен мигранттардың мүдделерін қорғау мәселесімен айналысуы тиіс.
КСРО ыдырағаннан соң Қазақстанға әрқилы санаттағы шетелдік мигранттардың ағылып келуі және «мөлдір шекаралардың» пайда болуы біздің республикамызға келетін заңсыз мигранттардың санын көбейтіп жібергенін атап өту керек.
Заңсыз миграция мәселесі елдегі қылмыстық жағдайды шиеленістіріп жібереді (контрабанда, есірткі саудасы).
Соған байланысты 2000 жылдың ақпанында Үкіметтің Қаулысы бойынша алыс шетел азаматтарының елімізге келуі және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуі тек виза бойынша жүзеге асырылатын болды. Біздің пікірімізше, мұндай шаралар заңсыз миграцияны болдырмауға ықпалын тигізеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев осыған байланысты Қазақстандағы мигранттардың заңсыз болуының алдын алу және мақсаты мен ниеті белгісіз күдікті туристердің жолын кесу шаралары арқылы біз өзіміздің көршілеріміздің тұрақтылығын сақтауға көмектесеміз, деп атап өткен болатын.
Заңдық базаның жетіліспеуі, заңсыз мигранттарға және оларды ұйымдастырушыларға тиімді ықпал ету шараларының болмауы, ақпараттық талдаушылық базаның нашар материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі заңсыз көші-қон мәселесін шиеленістіріп жібереді.
Біздің пікірімізше, заңсыз миграция көлемінің өсуінің жалғасып отыруының себептері төмендегідей:
-
осы саладағы Қазақстанның саясатын, сондай-ақ халықаралық іс-тәжірибені есепке алатын заңнамалық жүйенің болмауы;
-
техникалық, сондай-ақ қаржылық жағдайларын қоса алғандағы шекараны қалыптастыру мәселесі.
1998 жылдың желтоқсанында Республика Парламенті Босқындар туралы 1951 жылғы конвенцияны және соған байланысты 1967 жылғы Хаттаманы бекітті. Сол арқылы Қазақстан осы конвенцияға қосылған 137-ші мемлекет болды, бұл конвенцияға сәйкес Республика босқындарды қорғау кезінде халықаралық стандарттар мен ұстанымдарды сақтауда өзіне міндеттеме алды, оның ұстанымдарының ең бастылары босқындарды елден шығарып жіберуге немесе мәжбүрлеп еліне қайтаруға тыйым салу, босқындардың өздеріне баспана іздеген елдеріне жетуіне мүмкіндік беру, сондай-ақ белгілі бір елде босқын деп танылған адамға негізгі адамдық құқықтарды беру болып табылады.
Көші-қон үдерістерін құқықтық реттеуді жүзеге асыру үшін тек заңдық актілер ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес тұғырнамалық ұстанымдар қажет.
Демографиялық көші-қон саясатын реттеп отыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегі құжаттарды мақұлдады:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 17-тамызындағы, № 1272);
2. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 5-қыркүйегі, № 1346).
Көші-қон саясатының тұғырнамасында өтпелі кезеңдегі көші-қон саясатын жүзеге асырудың төменде көрсетілгендей негізгі бағыттары мен механизмдері белгіленді:
-
оралмандардың орнығуын, көшіп келген жерлерінде бейімделуіне және жергілікті жердегі әлеуметтік ортаға кірігуіне жан-жақты қолдау көрсету, қарулы қақтығыстарды бастан өткерген адамдарға психологиялық қолдау көрсету;
-
мәжбүрлі көші-қон ағындарының алдын алу және одан туындайтын теріс салдарларды болдырмау;
-
мәжбүри иммигранттар мен босқындарды өздері келген мемлекеттеріне ерікті түрде қайтару, мұның өзі көші-қон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады:
-
көші-қондық бақылауды қалыптастыру және дамыту;
-
еңбек көші-қонын реттеп отыру.
Осыларға қарамастан, біздің пікірімізше, нарықтық экономика жағдайында көші-қон саясатының осы негізгі бағыттарын экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық мақсаттарды есепке ала отырып, жетілдіру қажет.
Экономикалық мақсаттарға төмендегілер жатады:
-
жұмыссыздық деңгейінің азаюы;
-
сырттын келетін валюталық түсімдердің көбеюі;
-
халықтың жинақтық ақшаларының көбеюі.
Әлеуметтік мақсаттарға:
-
білім беруге қаржы салуға әлеуметтік төлемдердің өсуі;
-
көшіп келушілердің және олардың отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды қолдану;
-
заңсыз миграцияны болдырмау және көші-қон үдерісіне байланысты заңдарды бекіту жатады.
Стратегиялық мақсаттарға:
-
еңбекші мигранттардың кәсіби біліктілік құрамына ықпал ету;
-
көші-қонды ілім-білім мен ноу-хау алудың әдісі ретінде пайдалану;
-
білікті жұмысшы күшінің шетке кетуін барынша азайту;
-
еңбек нарығының кеңеюіне байланысты жалақы көлеміндегі теңсіздіктерді азайту.
Көші-қон саясатын жүзеге асыру үшін бағдарламалық-мақсаттық әдісті пайдалану қажет болды, сол себепті де Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29-қазандағы (№ 1371) Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдардағы Көші-қон саясатының салалық бағдарламасы қабылданды және бекітілді.
Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының салалық бағдарламасында «Ішкі миграцияны реттеу қозғалыстың еркіндігі және өмір сүру орнын ерікті түрде таңдау құқығы ұстанымдарына негізделеді. Сонымен бір мезетте ол елдің экономикалық өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталады» деп атап көрсетілген.
Соған байланысты ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің негізгі әдістемелік базасы этномәдени, экологиялық және басқа да факторлармен бірге Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі кезеңдегі өндірістік күштерді орналастыру болып табылады. Ол төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
-
еңбек нарығындағы, әсіресе жастардың, мектепті және жоғары оқу орындарын бітірушілердің арасындағы жұмыссыздықты азайту бойынша шараларды қабылдауға;
-
артта қалған құлдыраған аймақтардан инфрақұрылымы дамыған аймақтарға қоныс аударуларды есепке ала отырып, халықты орналастырудың тиімді сұлбасын анықтауға;
-
жағдайы төмен аймақтарды аймақтарды, шағын қалаларды, ауылдық елді мекендерді дағдарыстан шығару, олардағы өндірісті қалпына келтіру.
Ортамерзімдік перспективада (2001-2005 жж.) ішкі көші-қонды реттеудің негізгі бағыттары төмендегідей салалар бойынша іс-шараларды жасап шығуды қажет етті:
-
қалыптасып келе жатқан нарықтық жағдайда елді мекендердің тиімді этнодемографиялық дамуын қамтамасыз ету;
-
ауылдық жердегі халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау бойынша арнайы шараларды дайындау және жүзеге асыру, еңбекақы төлеудегі теңсіздікті жою және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайту жолымен республика ішіндегі ауылдан қалаға қоныс аударуларды азайту;
-
елдегі және оның жеке аймақтарындағы экологиялық жағдайды жақсарту, экологиялық факторлардың зиянды әсерін азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру және осы аймақтардағы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
-
республика ішіндегі халықтың көші-қонын тиімділеу мақсатымен еңбекақының салалық жіктелуінің тиімді жүйесін жетілдіру;
-
әрқилы санаттар бойынша (жыныстық-жастық, кәсіби, кету және кету орындары және т.б.) мигранттардың келуі және кетуі жөніндегі республикалық және аймақтық ақпараттық мәліметтер базасын жасау;
-
«ішкі (облысаралық) эмигранттың және иммигранттың бейнесін» әр жыл сайын әзірлеп жасау.
2006-2010 жылдардағы ұзақмерзімдік перспективадағы ішкі көші-қонды реттеу төмендегідей бағыттар бойынша іс-шараларды дайындап шығуды қажет етеді:
- өндірістік күштердің орналасу сұлбасын негізге ала отырып, ел халқының және еңбек ресурстарының қозғалысын және қайтадан бөлініп орналасуын қамтамасыз ету;
- халықтың республика ішіндегі тиімді орналасуына қол жеткізу мақсатында аймақтардың экономикасының өркендеуі үшін қолайлы алғышарттар жасау және олардағы халықтың өмір сүруіне тиімді жағдайлар жасау;
- көші-қон ағындарын экономикалық өркендеу нүктелеріне бағыттау, сондай-ақ реттеу және ынталандыру, материалдық-техникалық базаны нығайтудың жүйесін жасап шығу;
- аймақтардағы демогрфиялық жағдайды есепке ала отырып, өндірісі дамыған, өмір сүру жағдайлары жасалған экономикалық өркендеу нүктелеріне, шағын қалаларға және ауылдық елді мекендерге халықтың ерікті түрде келуін ынталандыру жүйесін жасау;
- қиын мәселелері бар аймақтар мен қалаларға жоғары білікті кадрларды, жоғары оқу орындарының, училищелердің және т.б. бітірушілерін тарту үшін жағдайлар жасау.
Біздің пікірімізше, республика ішіндегі көші-қон ағындарын басқаруды әрқилы бағыттар бойынша жеке-жеке жүзеге асыру қажет, себебі, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Өз аймағындағы қалалар арасындағы халықтардың орын ауыстыруларын реттеу өзінше жеке бір іс те, ал облысаралық қоныс аударуларды реттеу, сондай-ақ ауылдан қалаға кетуді басқару басқаша бір іс болмақ. Шындығында әрқилы бағыттағы ағындардың арасында жалпы ұқсас сипаттары көп, бірақ көші-қон ағындарының қарқыны мен құрылымына едәуір әсерін тигізетін ерекшеліктері де бар. Айталық, ауылдан қалаға көші-қон ағындардың едәуір бөлігі ауыл жастарының білім алуын жалғастыруға, мамандық алуға ұмтылуына байланысты туындайды.
1993 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасына 147698 этникалық қазақтардың отбасы (оралмандар) жалпы саны 600550 адам келді (11 кесте). Олар негізінен Өзбекстаннан (61,5 %), Монғолиядан (15,4 %) және Түрікменстаннан (9%) келгендер. Келген оралмандардың жалпы санының ішінен еңбекке қабілетті жастағылар — 52,1 %, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендер — 42,7 %, зейнеткерлік жасындағылар — 5,2 %-ды құрайды. Еңбекке қабілетті оралмандардың 32 %-ға жуығы арнаулы орта және жоғары кәсіби білім алғандар. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың 60 %-ы әрқилы жұмыс түрлерімен шұғылданады, ал келген отбасылардың 16 %-ының қосалқы шаруашылықтары бар.
11 кесте - Оралмандардың елге келу динамикасы
-
№
|
жылдар
|
Иммиграцияның
белгіленген
квотасы (отбасы)
|
Іс-жүзінде келді
|
Квотадан артық
келгендер
|
отбасы
|
адам
|
отбасы
|
1
2
3
4
5
6
|
2000
2001
2002
2003
2004
2005
|
500
600
2655
5000
10000
15000
|
5490
9105
10337
16026
18955
23174
|
12686
28726
34625
42327
67587
99907
|
4990
8505
7682
11026
8955
8174
|
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген
|
Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың білімі мен кәсіби дайындығының деңгейін талдап-зерделеулер олардың арасында 45 ғылым докторы, 245 ғылым кандидаты бар екенін көрсетті. 26107 оралманның жоғары білімі, 3157 — толық емес жоғары білімі, 49921 — арнаулы орта білімі, 155370 — жалпы орта білімі бар.
Оралмандардың кәсібі бойынша құрамы төмендегідей: 1563 адам шығармашылық қызметкерлері, 12379 — білім беру қызметкерлері, 6768 — медицина қызметкерлері, 827 мемлекеттік қызметкерлер, 50842 — ауыл шаруашылығының жұмысшылары, 9074 — кәсіпкерлер, ал 140383 адамның басқа мамандығы бар.
Білікті мамандарды дайындауға қажетті қаржы салымдары дамыған елдерде едәуір көбірек болады — шамамен он еседей көп. Сонымен, бірден-бір ақылға сай келетін шешім — бұл, кірісті жөнелтуші ел, қабылдаушы ел және жеке тұлға арасында бәріне тиімді формулаға сәйкес бөлістіру болмақ. Нашар дамыған елдердің денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік және білім беру салаларына дамыған елдердің қаржы салуы адам капиталына салынған қаржы салымдарының көші-қонның нәтижесінде басқа елге ауысуының орнын толтырудың ең тиімді әдісі болар еді.
Жоғары білімді мамандардың шетелде өмір сүріп жатқан қауымдастықтары, олардың қаржылық және зияткерлік ресурстары, өздері шыққан елдердің экономикасының бәсекелестілік қабілеттілігін күшейтуге және жеке секторын дамытуға, кедейшілікпен күресуге қомақты үлес қоса алады. Диаспораның өздерінің отанындағы экономиканың дамуымен байланысы мигранттардың қауымдастықты дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдарын қоса алғандағы аса зор көлемдегі ақша аударымдарын пайдаланудың есебінен жүзеге асырылады. Диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою диаспораға арналған қаржы салушылық құралдарды жасау, ілім-білімді беру, «ақыл-ойдың айналымы», мигранттардың әлемдік ми трестерінде — ғылым мен технологиялық зерттеулердің ең көкейкесті бағыттарының дамуына тартылған бүкіл әлемдегі кәсіби мамандардың жинақталушы орталықтарына қатысуы арқылы да диаспоралар өз отандарының экономикасымен байланыс жасай алады. Бұндай әрекеттердің табысты жүргізілуі көп жағдайда мигранттарды қабылдаушы елдерге де байланысты болады. Бұл мәселелерді шешу жұмысшы күшін жөнелтуші елдер үшін де, сондай-ақ оларды қабылдаушы елдер үшін де көкейкесті сипатта болып отыр. Мүдделердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы жемісті ынтымақтастық дәл осы салаларда болуы мүмкін.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін халықаралық іс-тәжірибе өзінің білікті мамандарының еңбек нарығын қалыптастыруында жақсы үлгі бола алады. Бүкіл әлемдегі жоғары білікті қазақ қызметкерлерінің қоғамдастығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды дайындап шығу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |