Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі



бет3/6
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#169705
1   2   3   4   5   6

Оқыту үдерісі әрқашан да дидактикалық жүйе деп аталатын белгілі бір психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаға сүйенеді. Дидактикалық жүйе деп оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығын түсінеміз. Ғалымдардың (Г.М.Коджаспирова және т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, біз дидактикалық жүйелер тұжырымдамаларын ұстанған бағытына қарай дәстүрлі жүйе (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт және т.б.), педоцентристік жүйе (Ж.Ж. Руссо, Л.Н.Толстой, Д.Дьюи, В.Лай және т.б.) және қазіргі заманғы жүйе деп жіктедік.

Дәстүрлі жүйеде оқыту, мұғалім іс-әрекеті негізгі рөл атқарады, мақсаты - дайын білімді беру және меңгерту, оларды қолданудың білігі мен дағдысын қалыптастыру.

Педоцентристік жүйеде үйрену, оқушы іс-әрекеті негізгі рөл атқарады, мақсаты - тәрбиеленуші тұлғасын дамыту және оқушының барлық мүмкіндігін еркін іс-әрекет арқылы ашу.

Қазіргі дидактикалық жүйелерде оқыту мен үйренудің өзара ықпалы, мұғалімнің де, оқушының да іс-әрекеті негізгі рөл атқарады, мақсаты - білімдер жүйесін қалыптастыру және оқушының тұлғасын дамытуды қамтамасыз ету.

Дидактика мәселесі Б.П. Есипов, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, А.В. Хуторской, И.К. Журавлев, Т.С. Сабыров, Ш.Т. Таубаева, М.Ж. Джадрина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.

Дидактика барлық пән бойынша және оқу әрекетінің барлық деңгейіндегі оқыту жүйесін қамтиды. Күнделікті өмірде дидактика мен әдістеме бірін бірі қайталайды деген пікір жиі кездеседі. В.В. Краевский: «әдістеме – бұл жеке пән дидактикасы, яғни жалпы дидактикаға «қосымша». Екінші жағынан әдістеме өзінің белгілі бір пәнді оқыту мен оның құралдары арқылы тәрбиелеу сияқты зерттеу пәні бар, өз алдына бөлек пән болып табылады. Сондықтан әдістеме дидактикамен объектісінің (оқыту қызметі) бір болуымен байланысты. Бұл объект бойынша әдістеме бір ғана пәнді қарастырса, дидактика барлық пәнге тән жалпы байланысты қарастырады»,-дейді.

Біз зерттеуімізде бастауышта оқылатын әр пәннің әдістемесі – пән әдістемесі - барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі – ол бастауыш оқыту дидактикасы деңгейлері бойынша қарастырамыз.

Дидактика мен әдістеменің өзара байланысын біз төмендегіше бейнеледік (2 сурет).

Дидактиканың әдістемемен байланысы

Заңдылықтар, нұсқаулар


Дидактика Әдістеме
Фактілер, мысалдар, ерекшеліктер









Сурет 2 – Дидактиканың әдістемемен байланысы


Бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың дидактикасын меңгеруі керек.

Мектептегі оқыту дидактикалық үдеріс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін біліп, оған дайын болуы тиіс.

Жоғары оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы ондағы оқыту үдерісінің тиімді ұйымдастырылуымен тығыз байланысты.

Дидактикалық даярлық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері жатады.

Т.Сабыров дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деп студенттердің оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруін түсіндіре келіп, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында оқыту үдерісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы сияқты дидактикалық қабілеттер болуы керек дейді.



Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын оқушылар жеңіл түсінетіндей, қарапайым меңгерілетіндей етіп жеткізе білу, яғни оқу-тәрбие үдерісін тиімді құра білу.

Дидактикалық біліктілікті біз мұғалімнің білім беру, оқыту қызметін орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс– тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.

Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру туралы психологиялық-педагогикалық ережелерді негізге ала отырып, біз бастауыш сынып мұғалімінің «білімді және іс-әрекет амалдарын меңгеру үдерісін басқару» түсінігінің мазмұнын айқындайтын дидактикалық біліктілігін төмендегіше анықтадық: оқу материалын меңгеру мақсатын қоя білу; меңгеру үдерісінде оң ынта туғыза білу; оқу материалын нәтижелі игеруді, қабылдауды ұйымдастыра білу; өтілген материалдарды ой-елегінен өткізуді қамтамасыз ете білу; алған білімді қолдану және қорытындылау білігі мен дағдысын қалыптастыра білу; білімді меңгеру барысын үнемі бақылауда ұстай білу; меңгеру үдерісіне түзету жасай білу.

Педагогикалық теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігі - оның бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы», -деп анықтадық.

Зерттеу жұмысында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі теориясы деректемелеріне сүйеніп негізделді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық қағидаларына тұлғаға бағдарлы білім беру (Е.В.Бондаревская және т.б.), біртұтас педагогикалық үдеріс (Н.Д.Хмель және т.б.), пәнаралық байланыс (А.А.Бейсенбаева, Ә.М.Мұханбетжанова және т.б.) теорияларымен бірге студент тұлғасының өзін-өзі дамытуы үшін психологиялық жағдай жасау, бастауышта оқытудың инновациялық түрлерін, педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру қағидалары негізге алынды.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс. Ол студенттің педагогикалық оқу орнына түспестен бұрын басталғанмен, оны бітіруімен бір мезгілде аяқталмайды. Оның педагогикалық мамандыққа қажетті сапалық сипаты кәсіби тұлға ретінде қалыптасуының әр кезеңінде түрліше дамып отырады: педагогикалық мамандыққа түскенге дейін, кәсіби-педагогикалық дайындық кезінде және маман ретінде өз бетінше жұмыс жасауы кезінде. Бірақ осы кезеңдердің арасында адамды кәсіби педагог тұлғасына дейін дамытатын өзара сабақтастық болуы шарт.

Мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттіліне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді. Әсіресе, қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылған, өзгермелі заманда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені белгілі.

Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі қызметінің құрылымының ішінде өзара тығыз байланысты құрастыру, ұйымдастырушылық және коммуникативтік әрекеттер басымдық мәнге ие. Құрастыру қызметі мұғалімнің құрастыру-мазмұндық (оқыту үдерісін жоспарлау, құру мен материалдарды іріктеу) және құрастыру-әрекеттік (өзінің және оқушының іс-әрекетін жоспарлау) қызметтерінен тұрады. Ұйымдастырушылық қызметі – мұғалімнің оқушыларды әрекеттің әр түріне тарта білуімен, ұйымшыл ұжым қалыптастыру және оқушыларды ұжымда жұмыс істей алуға үйрете білуімен анықталады. Коммуникативтік қызметі мұғалімнің оқушылармен, өзге де педагогтармен, ата-аналармен, қоғаммен мақсатты қарым-қатынас орната білуімен айқындалады.

Т.М.Сорокина өз зерттеулерінде бастауыш сынып мұғалімі құзыреттілігі ұғымын, оның кәсіби дайындығының динамикалық, процессуалдық, кәсіби өсу, өзгеру сипатын мотивациялық және әрекеттік тұрғыдан қарастырады.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің ерекшелігі – көппәнділік. Оның маңызды сипаты гуманистік педагогикалық көзқарастың ерекшелігі мен мұғалімнің педагогикалық ойлауы арқылы жүзеге асатын кәсіби интегративтік білім мен дағды жүйесінде көрінетін «балаға бағыттылық» болып табылады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің негізгі құраушысы ретінде қарастырған абзал. Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігіне байланысты ол бастауышта оқытылатын барлық пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп, кәсіби-педагогикалық құзыретті бола тұра, оны оқушыларға жеткізе алатын дидактикалық құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды. Олай болса, кәсіби-дидактикалық құзыреттілік-кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің негізгі өзегі.

Жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне сүйене келе, «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігі - педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби және дидактикалық құзыреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті» деп анықтадық.

Аталған дайындық сапалары болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби -дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Осы айтылғандарды негізге ала отырып, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесінің негізін құрайтын ұстанымдарды былайша белгіледік: маманды даярлауға саралау көзқарас негізінде жүзеге асатын педагогикалық үдерістің мақсаттылығы ұстанымы; мұғалімді терең әдіснамалық және теориялық тұрғыда даярлау қажеттілігі мен осы даярлықтың практикалық-қолданбалық бағыттылығын күшейту арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған теорияның практикамен өзара оңтайлы байланысы ұстанымы; болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың үздіксіздігін сипаттайтын үздіксіздік және сабақтастық ұстанымы және мамандық таңдаудың баламасы ретінде барлық білім жүйесінде (жалпы білім беретін мектептер, шағын комплектілі мектептер, гимназиялар, лицейлер) басқарушылық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік сипаттағы шаралар жүйесін жүзеге асыру негізінде жетілетін жас маманның кәсіби бейімделуі ұстанымы.

Зерттеу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық технологиялық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды. Жүйеде аталған сапаны қамтамасыз етудің әр бағытының мәні мен мазмұны анықталды (2 кесте).

Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық дайындығында кіші жастағы оқушылардың пәндерді қызығып оқуға ынтасын арттыра білуге дайындығы, болашақ мұғалімнің кәсіби тұлғалық қасиеттері, педагогикалық мәселелерді шеше білу, бастауы шта оқыту әдістері мен технологияларын меңгеруі қалыптасады.



Ж
Кесте 2 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми -әдістемелік жүйесі
оғары оқу орнында білім беру үдерісін қамтамасыз ету бағыттары


Мәні

Мазмұны

Әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету

  • Тұлғаның іс-әрекетте даму теориясы

  • Іс-әрекет теориясы

  • Қабілет теориясы

  • Педагогикалық құзыреттілік теориясы

  • Педагогикалық үдеріс теориясы

  • Инновация теориясы

  • Әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдерге негізделіп, нәтижеге бағдарланған болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жүйесін жасау;

  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда әдіснамалық тұғырларға сүйену.

Теориялық тұрғыда қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында (Жоғары кәсіби білім беру. Бакалавриат. 050102-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша) көрсетілген пәндер мен элективті курстардың мазмұны;

  • ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында көрсетілген пәндер мазмұны бойынша білімдер жүйесі

  • Жоғары оқу орнында оқыту үдерісін ұйымдастыруда теориялық пәндер мазмұнын меңгерту үшін ОӘК жасау, семинар, практикалық, лабораториялық сабақтардың, педагогикалық және өндірістік практикалардың бағдарламаларын түзу.

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету

  • Оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдардың, білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларының, оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу жоспарларының, пәндердің ОӘК-і, оқулықтар мен оқу құралдарының жиынтығы

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын жасау;

  • 050102-БОПӘ мамандығына арналған оқулық, оқу құралдарын жазу;

  • Мамандық бойынша ОӘК дер, силлабустар жасау;

  • Білім беру сапасын басқарудың және бағалаудың ережесін түзу;

  • Жаңашыл тәжірибені оқу үдерісіне енгізу және әдістемелік көмек көрсету;

  • Элективті оқу курстарының бағдарламаларын жасау.

Ақпараттық-технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету

  • Оқытудың инновациялық және ақпараттық технологиялары мен құралдары білім, білік және қабілет қалыптастыруға көмектеседі

  • ЖОО да дамытушы оқу ақпараттық орта түзу;

  • Оқыту үдерісінде ақпараттық, компьютерлік, интерактивтік құралдарды, электрондық оқулықтарды қолдану;

  • 050102-БОПӘ мамандығы бойынша электрондық оқулық («Бастауышта математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін шешендік өнерге үйретудің әдістемесі»), электрондық жаттығулар (3 сынып «Мың көлеміндегі сандарға амалдар қолдану», «Шығармашылық тапсырмалар», «Геометриялық элементтер») жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет