Тағы оқыңыз: Қазақтың ырым-тыйымы туралы не білеміз?
"Қапы" күйі. Құрманғазы өштескен би оның соңына түсумен болады. Бір жиында домбыра тартып, Исатай-Махамбет толғауын айтып отырған Құрманғазыға "Сен Исатай-Махамбеттің толғауын айттың", деп кінə тағып, күйшіні ұстатады. Міне, осы өкінішке байланысты "Қапы" деген күйін шығарған екен.
© Sputnik / Владимир Бугаев
Назарбаев: Домбыра – қазақтың бренді мен паспорты
"Қош, аман бол" күйі. Құрманғазы қапылыста ұсталып, Орда түрмесіне жөнелтілгелі жатқанда, "Қайтып көріскенше қош аман болыңдар, халқым" деп, "Қош аман бол!" күйін тартыпты.
Ал "Қызыл қайың" күйінің шығу тарихы жайлы Ахмет Жұбановтың еңбегінде мынадай мәлімет берілген:
"Халық аузындағы аңыз бойынша, Құрманғазы қуғыншылардан қашып келе жатқан сапарында ен далада жалғыз өскен қызыл қайыңның бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты дейді. Кейін: "Менің елім де, жерім де, бұтам да, ағашым да пана екен. Анадай қойнын ашып, жапырағын жауып паналатқан қызыл қайыңға арнап едім", – деп орындаса керек.
Қазақ халқына қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа күйлерімен өз қарсылығын білдірген Құрманғазы патша өкіметіне жақпады. Оның күйлерін тыңдаған халық рухтанып, жігерленіп, тағы да бас көтеріп жүрер деген оймен оны бірнеше рет түрмеге қамайды. Күйшінің "Түрмеден қашқан", "Кісен ашқан", "Аман бол, шешем" сияқты күйлері осы тар қапасқа қамалған кезде туылған дүниелер.
Құрманғазының шәкірттері
Құрманғазы Сағырбайұлының 40-қа тарта шәкірті болған деседі. Бірақ, күйшінің біраз туындысы бізге шәкірті Дина Нұрпейісованың арқасында жеткен. Дина орындаушылық ерекшелігімен ұстазының күйлерін өзінше жеткізген.
Тағы оқыңыз: Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік…
Ұлы тұлғадан тәлім алған тағы бір шәкірт – Ерғали Есжанов, Құрманғазының күйлерін еш өзгеріссіз халыққа жеткізген – Меңдіғали Сүлейменов.
Бұған қоса, сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.
Достарыңызбен бөлісу: |