«Күйіс қайыру процесінің бұзылуы»


Күйіс қайыру процесінің бұзылу түрлері



бет2/3
Дата16.10.2022
өлшемі1.2 Mb.
#462832
түріСабақ
1   2   3
Оқытушының сабақ жоспары-1

Күйіс қайыру процесінің бұзылу түрлері

  • 1.Баяу күйіс қайыру- сау малдың күйіс қайыру мерзіміне қарағанда сәл баяу болады, күйіс қайыру азық қабылдағаннан кейін кешірек келеді;

  • 2.Сирек күйіс қайыру- тәулік бойында 1-2-3-ке дейін күйіс қайыру санының азайып кетуі;

  • 3. Қысқа күйіс қайыру- дегеніміз әрбір күйіс қайыру мерзімінің 30 минутқа дейін қысқару

  • 4.Әлсіз күйіс қайыру- малдың күйіс қайыру қимылының бәсеңденуінен оның азықты ұнатпай жәй және үзіліс жасап шайнауы

  • 5.Ауырсына күйіс қайыру-малда мазасыздану және ыңырану құбылыстарымен өтеді.

  • Күйіс қайырудың ең жоғарғы бұзылуы малда мүлдем күйіс қайыру актісінің тоқтауы. Мұндай өзгерістер күйіс қайыратын малдың ұлтабаралды қарындар және ұлтабардың , сонымен қатар көптеген ауыр өтетеін жұқпалы және жұқпалы емес ауруларда кездеседі.

Ауыз қуысын зерттеу

  • Малдың ауыз қуысын қарау кезінде басын жарық жаққа қаратып қояды. Кейбір уақыттарда мұқият зерттеу үшін арнайы аспаптар мен жасанды жарықтарды, маңдайлық шамды, әртүрлі рефлекторларды, жарық беретін ШОГ-1 шпателді шамды, сонымен қатар ауыз қуысы ағзаларын зерттеу үшін арнайы ауыз кергіштерді пайдаланады. Қарау арқылы малдың ауыз қуысын зерттеп анықтау үшін алдымен сол малың еріндерінің жағдайын, ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуін және олардың өзгерістерін анықтайды. Сонан соң жоғарғы ерінді жағын, төменгі ерінді төмен басып, еріннің және қызыл иектің кілегей қабығын қарайды.

  • Дені сау малдың аузы жабулы, еріндері бір-бірімен толық бірігіп тұрады, ауыз қуысынан сілекей ақпайды.

Сиырдың ауыз қуысын зерттеу үшін, әуелі тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, малдың тілін сыртқа шығарады, сонан соң ауыз кергішті пайдаланып, малдың аузын керіп ашып қояды. Ол кезде екінші көмекші адам малдың басынан және мүйзінен ұстап тұрады. Сонымен қатар, малдың танауынан қысып ұстайды немесе мұрындықыты пайдаланады
Ауыз кергіштер: 1…4-жылқыларға арналған; 5 және 6 ірі қара малға арналған; 7-ірі жануарларға арналған сына тәрізді; 8-шошқаларға арналған крест тәрісді(Шарабрин); 9-иттерге арналған сына тәрізді






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет