«Күйіс қайыру процесінің бұзылуы»


Ауыз кергішті қолданып ірі қара малдың ауыз қуысын ашып зерттеу; А-сына тәрізді; Б-ілгек тәрізді



бет3/3
Дата16.10.2022
өлшемі1.2 Mb.
#462832
түріСабақ
1   2   3
Оқытушының сабақ жоспары-1

Ауыз кергішті қолданып ірі қара малдың ауыз қуысын ашып зерттеу; А-сына тәрізді; Б-ілгек тәрізді
Жұтқыншақты зерттеу. Жұтқыншақтың ішкі және сыртқы жағын қарау және сипау әдістері арқылы зерттеледі. Малдың басы мен мойнының орналасуы,жұтқыншақтың орналасқан тұсы. Егер де жұтқыншақ ауырған болса, онда мал басы мен мойнын қозғалтпай ұстауға мәжбүр болады.Мұндай құбылыс негізінде мойын бездері зақымданғанда, әртүрлі қатерлі ісіктер пайда болғанда,туберкулезде, актиномикозда байқалады.

  • Жылқының ауыз қуысы ағзаларын зерттеу үшін тісі жоқ жағынан қолды ауыз қуысына енгізіп, тілін ұстап және оны сыртқа сол немесе оң жаққа шығарып, ал екінші жағына арнайы аспап ауыз кергіштерді салып қоямыз.

  • Шошқаның, ит пен мысықтың ауыз қуысы ағзаларын зерттеу үшін арнайы жіптер, яғни үзілмейтін қатты материалдан жасалған немесе таңылған жіптер пайдаланылады. Ол үшін, жіппен астыңғы және үстіңгі еріндерін тартады. Ауыз қуысын ашу үшін ұсақ жануарларға арналған Байер сынасын және ФПЖ-1 ұстағышын пайдаланады.

  • Сілекей бездерін зерттеу. Сілекей бездерді зерттеу қарау және сипау әдістерімен жүргізіледі. Зерттеу кезінде бездердің көлеміне, консистенциясына,пішініне,ауырсынуына және жергілікті қызуын көңіл аударады.

  • Өңешті зерттеу. Өңешті зерттеу үшін тек қана жалпы клиникалық әдістерді пайдаланып қоймай, арнайы аспаптар арқылы жүргізіледі: зондпен тексеру,рентген сәулесі арқылы қарау және түсіру.

  • \ Өңешке зонд енгізу. Өңешке зонд енгізу ауыз қуысы арқылы немесе төменгі төменгі танау қуысын пайдалану арқылы іске асады, бірақ ол малдың түріне байланысты. Сиырда зондты енгізу үшін танау немесе ауыз-қарын зондтары пайдаланылады. Ауыз қуысы арқылы зондты енгізу үшін әуелі зондты вазелинмен майлап, ауыз кергішті пайдалана отырып, ауыз қуысының ортасымен жұтқыншақ жаққа қарай жылжытып, сонан соң оның жұтыну уақытын байқап отырып, өңешке және мес қарынға енгізіледі.

  • Жылқыға зонд енгізу танау өңеш зондын пайдаланылады. Майланған зондты сол немесе оң танау қуысымен жайлап,танаудың төменгі жағымен жұтқыншаққа дейін жылжытып енгізеді, сонан соң жұту процесіне қарап отырып, өңешке қарай жылжытып,қарынға енгізеді.

  • Қой мен ешкіге зонд енгізу, сиырға зонд енгізуге ұқсас. Бірақ бұл кезде медициналық зондтарды пайдаланылады.


Шошқаға зонд енгізу ауыз қуысына ауызкергіш сала отырып іске асырлады Жұту кезінде зондты өңешке, сонан соң қарынға енгізеді.


Иттердің зондты ауыз қуысы арқылы, ауыз кергіштің көмегімен енгізеді. Иттердің үлкен-кішілігіне қарай әр түрлі зондтар пайдаланылады.

Шошқаға зонд енгізу ауыз қуысына ауызкергіш сала отырып іске асырлады Жұту кезінде зондты өңешке, сонан соң қарынға енгізеді.
Иттердің зондты ауыз қуысы арқылы, ауыз кергіштің көмегімен енгізеді. Иттердің үлкен-кішілігіне қарай әр түрлі зондтар пайдаланылады.


"Педагог мәртебесітуралы" ҚазақстанРеспубликасыЗаңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасынасәйкес педагог тиістібілім беру деңгейініңмемлекеттікжалпығаміндеттістандартынасәйкесжәнепәнніңнемесемодульдіңерекшеліктері мен білімалушылардыңқажеттіліктерінескереотырып, қосымшаэлементтердіенгізугеқұқылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет