Күйiстiлер дикроцелиозы



бет4/4
Дата25.11.2022
өлшемі31.21 Kb.
#465763
1   2   3   4
Күйiстiлер дикроцелиозы

Емдеу. Ет қоректiлердi гексахлорпараксилол жəне гексихолмен емдейдi. Бiрiншi дəрiнi аңдарға 0,4-0,6 г/кг есебiнде тартылған етке (фаршқа) қосып, оларға жеке-жеке немесе топтастырып жегiзедi. Дəрiлеу алдында оларды 18 сағат бойы аш ұстайды. Кейде антгельминтиктi аз мөлшерде (0,2-0,3 г/кг) екi күн қатар бередi. Түлкi мен көгiлдiр түлкiнi гексихолмен (0,2 г/кг тартылған етке қосып) 12-14 сағ. ашықтырып барып, бiр қайтара дəрiлейдi. Ауруы асқынғандарға бұл препаратты 0,1 г/кг өлшемiнде екi күн үзбей бередi.
Алдын алу жəне күресу шаралары Описторхоз байқалған аң шаруашылықтарында сақтық дегельминти-зация жүргiзiлуi тиiс. Төбет пен қаншықтарды ұйығудан бiр ай бұрын жəне күшiктегеннен кейiн дəрiлейдi, ал күшiктерiн, егер гельминтоз белгiлерi байқала бастаса, емдiк дегельминтизациядан өткiзедi. Жыртқыш-тарға шикi немесе шала-шарпы пiсiрiлiген, тұздалған балықтарды жегiзуге тыйым салынады. Адам, ит, мысық жəне т.б. нəжiсiнiң суды былғауына жол бермеу керек. Балықшы кемелерiнде тазалық сақтау шараларын мұқият сақтау қажет.
Күрес жəне алдын алу шаралары кешенінде, адам жəне малдың денсаулықтарына қауіпсіз балық өнімдерімен қамтамасыз етудің алғашқы маңызы бар іс - шаралары: адам жəне малдың гельминтоздар қоздырғышынан зарарсызданды-руына кепілдік беруші, балықтарды өндеу реттілігімен қамтамасыз ету; санитариялық-гигиеналық жəне ветеринариялық-санитариялық сараптама; 291 медициналық-биологиялық жəне ветеринариялық-санитариялық талаптарға, сондай-ақ паразитарлық тазалықты көрсеткіштері бойынша санитариялық нормаларға сəйкес, зерттеулерді ұйымдастыру жəне сапалығын қамтамасыз ету.
Елді - мекен мен жануарларды описторхоздан қорғау үшін, балық өнімдерін тек ветеринариялық-санитариялық паспорты бар балық шаруа-шылығы мен балық өндірісінің су ағындарынан сатып алуға рұқсат етіледі.
Ветеринариялық-санитариялық паспорт есепке алу құжаты болып табылады, онда су ағынының жəне оларда тіршілік ететін барлық балықтардың түрі мен гидробионтардың эпизоотиялық жағдайы, сонымен қатар суды гидрохимиялық, радиологиялық жəне токсикологиялық талдаулары көрсетіледі.
Елді-мекенге балықтарды сату зертханалық-ихтиопатологиялық анықтаулық зерттеулер жүргізілгеннен кейін рұқсат беріледі. Күресу жəне алдын алу тəсілдері медициналық жəне ветеринариялық қызметтердің бірлескен күшімен жүзеге асырылады. Гельминтокопрологиялық тексерулермен ауруды жұқтырып алған адамдар мен малдарды, ал балықтарды зерттеу кезінде-қолайсыз су ағындарын анықтайды.
Қауіпсіздік жəне санитариялық нормаларды талаптарына сəйкес зертханалы зерттеулер кезінде адамдардың денсаулығына жəне малға қауіпті тірі метацеркарилер Opistorchis felineus анықталса, балықтарды жəне оларды өнделген өнімдерін сатуға тыйым салынады.
Адамдардың денсаулығына жəне жануарларға қауіпті тірі метацер-карилері бар балықтар жəне оларды өнделген өнімдері «шартты жарамды» немесе «жарамсыз» санатына ауыстырылады.
«Шартты жарамды» балық өнімі тағамды өнімге, қайта өңдеуге жəне сатылуға тек зарарсыздандырудан кейін ғана рұқсат етіледі.
«Жарамсыз» санатына ауыстырылған балық жəне оларды өнделген өнімдері утилизациялауға жіберіледі.
«Шартты жарамды» балықты тамаққа пайдалану мақсатында: тұздау, тоңазыту, ыстау, астау, арнайы кулинариялы өңдеу немесе консервілеу жолымен өңдеуден өткізгеннен кейін рұқсат беріледі.
Шартты жарамды балық өнімін тұздау: описторхидтың балапан құрттарынан балықтарды зарарсыздандыру, аралас өткір жəне орташа тұздауды (+ 1 +2 С) температурасында тұздауды бірінші күнінен тұздықтың тығыздығы 1,20 балық етінде тұздың массалы бөлігін 14 пайызға жеткізе отырып 292 қолдану қамтамасыз етіледі. Бұндай кезде тұздауды ұзақтығы төмендегіндей болуға тиіс: - теңге балықта, үкішабақта, қабыршақ балықта - 10тəулік; - тортада, тарақ балықта, қызыл қанатта, щипа балықта, ұсақ (25 сантиметрге дейін) аққайрандарда, табанда, онғақта - 21 тəулік; - ірі (25 сантиметрден жоғары) аққайрандарда, табанда, онғақта - 40 тəулік.
Балықтардың уылдырығын тұздау: жылы күйінде тұздау (15-16 С температурада), тұзды мөлшерінде (уылдырық салмағына пайызбен) жүргізіледі: 12% -30 минут, 10% - 1 сағат, 8% - 2 сағат, 6% - 6 сағат жүргізіледі; салқындатып тұздау (5-6 С-температурада) тұз бен уылдырықтың сондай мөлшерінде екі есе ұзақ жүргізіледі; шайлы лентец құртымен жұқтырылған ақсаха жəне басқа балықтардың уылдырықтарының салқындатылған тұздауы, уылдырықтың салмағына 5% тұздың мөлшерінде 12 сағат бойы жүргізіледі.
Балықтарды тоңазыту: тоңазытуды келесі реттілігін сақтағанда балық описторхистың балапан құртынан зарарсызданады:
минус 40 С (балық денесіндегі температура) - 7 сағат (зарарсыздандыруға қажетті уақыт);
минус 35 С - 14 сағат;
минус 28 С - 32 сағат. Балық өнімінің ыстық термиялы өнделуі. Балық өнімін зарарсыздан-дыруды сенімді тəсілі оны жоғары температурамен өндеу болып табылады.
Қолданыстағы технологиялық нұсқауларға сəйкес жүзеге асырылатын ыстық жəне салқын ыстауы, сүрлеуі, кептіруі, сондай-ақ консервілерді жасау, описторхтың балаң құрттарынан балықтарды, аққайраннан басқаларын, зарарсыздандырады. Сүрленген жəне салқын ысталған балық өнімдерін дайындап шығаруға салқындатқан аққайран қопданылмайды, өйткені мұндай өңдеулерде описторхистың бапапан құрттарынан оның зарарсыздандыруы іске аспайды.
«Шартты жарамды» балық өнімдерін қайта өндеу кезінде алынатын қалдықтар, сонымен қатар «жарамсыз» санатына ауыстырылған балық өнімдері, мал шаруашылығы мақсатына арналған балық ұнын шығаруға жіберіледі. Балық ұнын шығарушы қондырғылар болмаған жағдайда, қалдықтар қазанда қайнай бастаған мезгілінен бастап 30 минут бойы қайнатылады. Биотермиялық шұқырларда көмуге рұқсат етіледі. Балық өнімін қайта өңдеуден алынған қалдықтарды 293 алдын ала зарарсыздан-дырмай, су ағын-дарына жəне қоқсық орындарына тастауға, сонымен қатар олармен малдарды азықтандыруға тыйым салынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет