Классикалық неміс философиясы


Прагматизм философиясы. Чарлз Пирс философиясы. Джон Дьюидің радикалдық эмпиризм философиясы



бет6/12
Дата14.11.2023
өлшемі71.4 Kb.
#483218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҒТ. ЛЕКЦИЯ - 5

Прагматизм философиясы. Чарлз Пирс философиясы. Джон Дьюидің радикалдық эмпиризм философиясы.


Прагматизм (грек. рragma – іс, әрекет, қимыл) XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушы америка философы, математик Чарльз Пирс (1839-1914 жж.) «прагматикалық максима» ұғымы объектісі шығаруы мүмкін, объектінің толық түсінігі болатын салдар туралы пайымдауын алға тартты. Максима – адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын жүріс-тұрыс ережесі. Пирстің ойынша, танымның міндеті объективті ақиқат білімге қол жеткізу емес, керісінше, адам әрекетін қиындататын күмәнді жеңу, іс-әрекет үшін ереженің мәні болатын «тұрақты сенімге» көз жеткізуден тұрады.
Прагматизм кең таралымын XIX ғасырдың 90-жылдарында Уильям Джемс (1842-1910 жж.) еңбектері арқасында тапты. Джемс Нирстің еңбектеріне жалпыға түсінікті түр беріп, қайта өңдеп дамытты. Мәні тәжірибе мен ақиқат шынайылықты теңестіру болатын «радикалдық эмпиризм» тұжырымдамасын алға тартты. Шынайылық – бұл кездейсоқ оқиғалардың ретсіздігі, түсініксіздігі, яғни «плюралистік ғалам» (плюрализм – дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ, рухани мәндерден тұратынын дәріптеу). Оған тепе-тең тәжірибе тек құқықты сананың жағдайы сапасында түйсік пен сезімнен, түс пен елестетуден, діни, спиритистік және басқа да әсерленулерден тұрады. Демек, тәжірибе махизм рухында, беймәлім «бейтараптылық» рухында қарастырылады. Бұл танушы субъекті сапасының жағдайы әрі осыған қоса, танылушы нысан ой да, зат та. Нысан «плюралистік ғаламда» объективтендірілген сана ағымы болып шығады. Танылмайтын әлемде адам иррационалды әрекет жасайды, оны тануға деген барлық ұмтылыс мәнсіз, мағынасыз. «Біз әлемде, өзіміздің кітапханамызда жүрген ит пен мысықтай боламыз, олар кітаптарды көреді, әңгімелерді естиді, бірақ мұның бәрінен ешқандай мағынаны сезбейді» (Джемс У. Вселенная с плюралистической точки зрения. –М., 1971. – 170 б.). Білімнің объективтік мазмұны болмайтындықтан, теория, идея, түсініктер ақиқаттығы немесе жалғандығы көзқарасымен емес, керісінше, олардың іс жүзіндегі пайдалылығы көзқарасынан прагматикалық бағалануы керек. Не пайдалы, не жетістік әкел, сол ақиқат. Идея, түсініктер – адамның қойылған мақсатқа жетуінің кажетті құралы.
Ақиқат – прагматизмде басты мәселе. Ақиқатты пайда және практикалық жетістікпен теңестіріп, прагматизм оны объективтік мазмұнынан айырды: идея шынайылықпен емес, әрекет жетістігімен үйлеседі, сәйкес келеді. Сонымен, объективтік әлемнің байланыстары мен оның құрамдас бөліктерін дұрыс бейнелеуде, қоршаған орта туралы объективтік білімді қалыптастыруда ақиқат «пайдалы». Осы білімдерге сүйене отырып, адам өзінің қызметінде «жетістікке» жетеді. Прагматизм үшін объективтік шындық, жалпыға ортақ моральдық мөлшер, шама жоқ, не пайдалы болса, сол өнегелі және ақиқат болады.
XX ғасырдың 20-30 жылдарында прагматизмнің негізгі идеялары Джон Дьюидің (1859-1952 жж.) инструментализмінде өз көрінісін тапты. Пирстің күмәнді жеңу және сенімге өту туралы идеясын Дьюи «келелі жағдай» (проблематическая ситуация) туралы ілімінде дамытты. Бұл адам болатын және ойлау арқылы жеңіп шығатын анықталмаған, қиындатылған жағдай. Ойдың негізгі және жалғыз міндеті – келелі жағдайды анықталғанға айналдыру. Бұл мақсатқа жету үшін, осы жағдайда ең пайдалы болатын түйсік, идея, теориялардың қолданылуы. Дегенмен, инструментализмде келелі жағдайдың адам басындағы объективтік жағдайлардан тәуелсіз, ішкі сенімсіздік, адамның субъективтік жағдайы екенін айтып ескерту маңызды. Түсінік пен теориялар, танымдық функциялар атқаратын зерденің (интеллект) амал-тәсілдері емес, керісінше, кезіккен жағдайдан шығуға ғана пайдаланылатын «құрал-сайман», «аспап».
Джемс сияқты, Дьюи де ақиқатты пайдамен теңестіріп, егер ол жетістікке жетудің «құралы», «аспабы» болса, онда идеяны ақиқат деп есептейді. «Зерденің қызметі, – дейді Дьюи, – қоршаған әлемнің нысандарын тану емес, осы нысандармен пайдалы, ең бір тиімді қатынас орнатуға мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру болып табылады».
Прагматизм идеялары ондаған жыл бойына АҚШ-та ең кең таралымын тауып, ғылымға, құқық, саясат, білімге үлкен ықпалын тигізді. XX ғасырдың басында Батыс Еуропа мен Азия елдеріне де тарады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы тартымдылығын жоғалтып, басқа ағымдарға жол берді. Дегенмен, бүгінгі күні де ол батыс философиясының ішіндегі ең бір ықпалдыларының бірі болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет