- Үшацилглицеридтердің гидролизін катализдейді
- Қан сары суында белсенділігінің жоғарылауы панкреатиттерде, өт коликасында, ұйқы безінің кистасында байқалады.
5`-нуклеотидаза (КФ 3.1.3.5) - Нуклеотидтердің, атап айтқанда АМФ, гидролизін катализдейді
- Белсенділігі гепатиттерде, бауыр обырында, билиарлы бауыр циррозында, жүктілік кезінде жоғарылайды.
Фосфатазалар – фосфор қышқылын оның органикалық эфирлерінен бөлінуін катализдейтін ферменттер, сілтілі және қышқыл фосфатазалар бар. - Фосфомоноэстераза I немесе сілтілі фосфатаза (КФ 3.1.3.1)- рН оптимумы - 8,6-10,1.
- Сілтілі фосфатаза қанға, негізінен, сүйек тінінен келіп түседі. Белсенділігі жоғарылайды: рахит, остеомаляция, остеосаркомалар кезінде, ісіктің сүйекке метастаздары кезінде, Педжет ауруында.
- Бауырда, өт жолдарында, ішектің шырышты қабатының клеткаларында, плацентада, гранулоциттерде белсенділігі өте жоғары.
- Физиологиялық жағдайларда өтпен шығарылады.
- Белсенділігінің күрт жоғарылауы механикалық сарғаюда, бауыр циррозында, өттің тұрып қалуында байқалады.
- Белсенділігі төмендейді: кретинизм, С гиповитаминозы, ахондропластияларда.
Қышқыл фосфатаза - Фосфомоноэстераза II немесе қышқыл фосфатаза (КФ 3.1.3.2). рН оптимумы 5,0-5,5.
- Қышқыл фосфатаза лизосомалардың құрамына кіреді және лизосомальды ферменттердің маркері болады.
- Көбінесе простатада (изофермент 2), бауырда және паренхиматозды мүшелерде (изофермент 3), эритроциттерде (изофермент 4) болады.
- Қан ұюы кезінде тромбоциттерден бөлінеді.
- Белсенділігінің жоғарылауы: тканьдердің ыдырауы (лизосомальды ферменттердің шығу белгісі), жарақаттар, простата ісіктері, простатиттер
- Созылмалы қабыну процестері, пневмониялар, ревматизм. Гоше ауруы, бүйрек аурулары, сүйек ісіктері, тромбоэмболиялар кезінде белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |