Клиническое значение биохимического анализа крови



бет10/14
Дата29.11.2023
өлшемі1.67 Mb.
#484881
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қанның химиялық құрамы 1 каз.яз

Трансаминазалар

  • Аспартатаминотрансфераза (АСТ) (КФ2.6.1.1.) және аланинаминотрансфераза (АлТ) (КФ 2.6.1.2).
  • АЛТ – бауырда, ұйқы безінде, жүректе, қаңқа бұлшық етінде кездеседі. Бауырдағы белсенділігі қан сары суымен салыстырғанда мыңдаған есе жоғары
  • АСТ барлық тканьдерде болады, неғұрлым белсенді жүректе, эритроциттерде, қаңқа бұлшық етінде. Жүрек бұлшық етіндегі белсенділігі қан сары суымен салыстырғанда 10000 есе жоғары

- глутаминилтранспептидаза (ГГТП) (КФ 2.3.2.2)

  • глутамильді радикалдың - глутаминил-пептидтен аминқышқылға тасымалданып, жаңа - глутаминилпептидтердің түзілуін катализдейді.
  • Бауырда және бүйректің тармақты түтіктерінің клеткаларында неғұрлым жоғары белсенді.
  • Қан плазмасында күрт жоғарылауы: механикалық сарғаю, холангиттер, ұйқы безінің қатерлі ісігі
  • Шамалы жоғарылауы: инфекциялық гепатит, жүрек-қан тамырлы жетіспеушілік.
  • Миокард инфарктысы бар науқастарда белсенділігі біртіндеп артады. Аурудың үшінші аптасының соңында белсенділігі жоғары болады, ал 6-аптаның соңында қалыпты деңгейге жетеді.
  • ГГТП тесті ұйқы безі обырының, простата обырының маркері ретінде қолданылады, оның деңгейі ремиссияны және рецидивті көрсетеді.
  • ГГТП-тест алкоголизм скринингі үшін, созылмалы алкоголиктерді емдеуді бақылау үшін қолданылады.

Сорбитолдегидрогеназа (СДГ) (КФ 1.1.1.14)-

  • Сорбитолдың қайтымды тотығуын катализдейді.
  • Бауыр, бүйрек және простата үшін өзгешелік.
  • Белсенділігінің жоғарылауы инфекциялық және токсикалық гепатитте, бауыр ісіктерінде байқалады.

Креатинфосфокиназа (КФ 2.7.3.3)

  • Креатинфосфокиназа (КФК) фосфатты қалдықтың АТФ-тен креатинге тасымалдану реакциясын катализдейді: АТФ + креатин ------> АДФ + креатинфосфат.
  • Жүрек, қаңқа бұлшық еттерінде, жүйке тканінде белсенділігі жоғары
  • КФК-ның 3 изоформасы бар: КФК-1 (ВВ)-ми изоформасы, КФК-2 (МВ) –миокард изоформасы, КФК-3 (ММ) – қаңқа бұлшық ет изоформасы.
  • Қан сары суында КФК белсенділігі прогрессияланған бұлшық ет дистрофиясында, жедел миокард инфарктысында күрт жоғарылайды. КФК белсенділігі басқа ферменттерден ерте жоғарылай бастайды. Ауру басталғаннан кейін 3-4 сағаттан соң белсенділігі неғұрлым жоғары болады. Максимумы – 18-20 сағаттан соң байқалады.
  • Миокард инфарктысы кезінде алғашқы 2-4 сағатта КФК-2 изоформасы күрт жоғарылайды.
  • Нейрожарақаттар, нейрохирургиялық операциялар кезінде КФК-1 белсенділігі жоғарылайды.
  • Бұл аурулардың барлығында аминотрансферазалардың, ЛДГ және оның изоферменттерінің, альдолазаның белсенділіктері өзгереді, алайда КФК белсенділігінің өзгеруі неғұрлым өзгешелік болады. КФК белсенділігінің жоғарылауы наркозбен байланысты қатерлі гипертермияда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет