- Холинэстеразаның (ХЭ) салыстырмалы өзгешелігі бар. Холиннің әртүрлі эфирлерінің гидролизін катализдейді (ацетилхолин, бутирилхолин және т.б.).
- ХЭ негізінен бауырда, ұйқы безінде, қан сары суында болады.
- Қан сары суындағы ХЭ секрецияланатын ферменттерге жатады, яғни бауырда синтезделеді, әрі қарай қан плазмасына түседі.
- Патологиялық жағдайларда ХЭ белсенділігі көбінесе төмендейді.
- ХЭ белсенділігінің төмендеуі Боткин ауруының бастапқы кезеңдерінде байқалады.
- Ауыр формаларында ХЭ белсенділігі сарғаюдың барлық кезеңінде күрт төмендейді, ал басқа формаларында шамалы немесе қысқа мерзімді төмендеуі 1-2 аптада байқалады.
- Бауыр цирроздарында ХЭ белсенділігі күрт төмендейді. Ол бауыр клеткаларының белок синтездеуші қабілетінің зақымдалуына байланысты.
- Гипотиреоз, бронхиальды астма, күйіп қалу, травматикалық шок, миокард инфарктысы, отадан кейінгі кезеңде белсенділігі төмендейді.
- Миокард инфарктысы кезінде төмен белсенділік 2 апта сақталады. Содан соң қан сары суында қалыпты жағдайға келеді.
- Қанның ақуызды емес азотты заттары (қалдық азот). Құрамды бөліктері. Азотемия.
- Қанның қалдық азоты (қанның белокты емес азоты) —қан плазмасының белоктарын алғаннан кейінгі қалған заттардың азоты. Ол мочевина азотынан (50 %), аминқышқылдар азотынан (25 %), зәр қышқылынан (4 %), креатиннен (5 %), креатининнен (2,5 %), эрготианиннен (8 %), аммиакатан және индиканнан (0,5 %) тұрады; 5 % азот полипептидтерде, глутатионда, билирубинде және басқа да белокты емес қосылыстарда болады.
- Қалыпты жағдайдағы қалдық азот - 14,3 - 28,6 ммоль/л.
- Креатинин мочевинамен комплекс түрінде болады. Ол бүйрек қызметінің көрсеткіші.
- Азотемия (қанда қалдық азот мөлшерінің артуы) – бүйректің азот шығарушы қызметінің бұзылуы (бүйрек жетіспеушілігі). Бұл ретенционды азотемия деп аталады.
- Себептері:
- бүйректің қабыну процестері;
- гидронефроз;
- поликистоз;
- бүйрек туберкулезі;
- жүктілік нефропатиясы;
- зәр шығару жолдарының бітелуі (тас, ісіктер).
- Тіндік белоктардың қарқынды ыдырауы салдарынан қанға құрамында азот бар заттардың көп мөлшерде түсуі продукционды азотемия деп аталады. Бұл кезде бүйрек қызметі бұзылмайды.
- Себептері:
- Лихорадка жағдайлары;
- Ісіктердің ыдырауы.
- Аралас азотемия:
- Тіндердің жаншылуы;
- Токсикалық заттармен улану салдарынан бүйрек тіндерінің некрозды зақымдалуы.
- Қалдық азоттың күрт жоғарылауы гиперазотемия деп аталады.
- Мочевина
- Бауырда синтезделеді
- Жоғарылауы – өткір бүйрек жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- Төмендеуі – бауыр циррозы, фосфор, мышьякпен және т.б. Улану
- Зәр қышқылы
- Пуринді негіздер- аденин мен гуаниннің ыдырауының соңғы өнімі
- Жоғарылауы – гиперурикемия (подагра)
- Жоғарылауы – нуклеопротеидтердің қарқынды ыдырауы (бүйрек ауруларыв, жүрек декомпенсациясы, диабетикалық кома, лейкоздар, гемолитикалық анемиялар және т.б.
- Креатин.
- Креатинурия – балаларда кездеседі
- Креатинурия ересектерде – бұлшық ет тінінің аурулары (прогрессивті бұлшық ет дистрофиясы, миастения, миотония, миозит).
- Креатинурия - гипертиреоз, қантты диабет, акромегалия, Аддисон ауруы және инфекциялар.
-
- Креатинин
- Азотты алмасудың соңғы өнімі, зәрмен шығарылады
- Жоғарылауы – бүйрек ауруларында (бүйрек фильтрі зақымдалуы)
- Жоғарылауы – ішектің жүрмей қалуы, зәр шығару жолдарының бітеліп қалуы, бүйрек үсті безінің гиперфункциясы, жүктілік
Достарыңызбен бөлісу: |