Клиническое значение биохимического анализа крови


Нейтрофильдердің зат алмасуы және қызметтерінің ерекшеліктері



бет3/14
Дата29.11.2023
өлшемі1.67 Mb.
#484881
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қанның химиялық құрамы 1 каз.яз

Нейтрофильдердің зат алмасуы және қызметтерінің ерекшеліктері

  • Құрамында коллагеназа, эластаза, катепсиндер типтес протеиназалар бар лизосомалар көп мөлшерде болады
  • Көп мөлшерде лизоцим бар, олар микроорганизмдер мембраналарының полисахаридті бөліктерін зақымдайды.
  • 20-33 аминқышқылдардан тұратын ерекше пептидтер бар, оларды табиғи антибиотиктер деп атайды, өйткені олар бактериалды мембраналарды зақымдауға қабілетті.

Қан плазмасы белоктарының қызметтері

  • Буферлі жүйе (рН 7,37 – 7,43 тұрақтандыру)
  • Осмостық қысым (қан тамырларында суды ұстап тұру)
  • Тасымалдау (витаминдер, металл иондары, дәрілік препараттар)
  • Қанның қоймалжыңдығы
  • Аминқышқылдардың қоры
  • Қорғаныс қызметі

Альбуминдер

  • Қанның ең жеңіл белоктары, салыстырмалы молекулярлы салмағы - 70 000.
  • Қандағы жоғары концентрациясы мен аз молекулярлық салмағына байланысты қанның онкотикалық қысымын қалыптастырады.
  • Концентрациясы 30 г/л-ге дейін азайюы - онкотикалық қысымның төмендеуі мен ісіктердің дамуына әкеледі.
  • Қор белоктары ретінде гормондарды, холестеринді, өт пигменттерін, бос май қышқылдарын, кальцийді, дәрілік заттарды, витаминдерді тасымалдайды.

Жоғарылау себептері: дегидратация, шок, альбуминдерді көп мөлшерде тамырішілік енгізу.

  • Жоғарылау себептері: дегидратация, шок, альбуминдерді көп мөлшерде тамырішілік енгізу.
  • Қан плазмасында су мөлшерінің төмендеуі- қан плазмасының барлық белоктарының, соның ішінде альбуминдердің концентрациясын арттырады.
  • Төмендеу себептері (гипоальбуминемия): гломерулонефрит, нефроз, бүйрек жетіспеушілігі, ісіктер, лейкоздар, ревматизм, күйіп қалу және т.б.

Қанның глобулиндері белоктардың 1-, 2-, β-, γ – фракциялары түрінде болады

  • 1—глобулинді фракцияда: -липопротеидтер (ТЖЛП), гликопротеидтер, антитрипсиндер, өткір кезең белоктары, металл иондарымен байланысқан белоктар, транскортин, тироксин-байланыстырушы глобулин
  • 2-глобулинді фракцияда: -липопротеидтер (ТЖЛП), гликопротеидтер, гаптоглобин (өткір кезең белоктары), С-реактивті белок, металл иондарын тасымалдаушы белоктар, трипсиннің ингибиторлары, макроглобулин, церулоплазмин
  • Глобулиндердің 1- және 2-фракциялары деңгейінің жоғарылауы: қабыну жағдайлары, ісіктер, некрозды процестер, паразитарлы аурулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет