Сақтандыру. Ауруларды жұпалылықтың барлық мерзiмiнде қатаң түрде оқшаулайды. Аурумен байланыста болған барлық адамдарды обсервациялай отырып 9 күнге карантин белгiлейдi. Обамен ауырғандарды обаға шалдыққанына күдiк туғызғандарды жеке палатада немесе бокста ұстайды. Ауруларға қызмет көрсететiн барлық медициналық қызметшi обадан қорғайтын костюммен жұмыс iстейдi, жұмыс аяқталғаннан кейiн толық санитарлық тазалықтан өтедi. Қызметшiлерге мұқият медициналық бақылау жүргiзiледi.
Аурулар орналастырылған бөлмелерге ағымды дезинфекция жүргiзiледi.
Тырысқақ
Тырысқақ—тез жұғатын ауру, iштiң өтуiмен, құсықтың келуiмен, су-электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсiреудiң дамуымен, жiңiшке iшектiң улануымен сипатталады. Карантиндiк жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.
Эпидемиология. Жұқтыру көзi тек адам болып табылады (тырысқақпен ауырған адам немесе вибрион сiңiрушi). Тырысқақтың анық көрiнген клиникалық аясына ұшыраған ауру тәулiк бойында сыртқы ортаға 10-30литр сұйық зат бөледi, олардың 1 миллиметрiнде 10 жуық вибрион болады.
Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.
Тырысқақтың негiзгi берiлу жолы су болып табылады. Зақымдану тырысқақ жұқтырушы суды iшу кезiнде, оны көкөнiс пен жемiстi жуу үшiн пайдаланған уақытта, шомылған кезде өтедi. Тырысқақтық тамақтан асқынуы әдетте жұқтырғыш тағамдарды iшкен адамдардың шектеулi шеңберi арасында пайда болады. Қоздырғыштардың ұшыраған аурудан бөлiнетiн сұйықтар арқылы оның қолымен берiлуiнiң мәнi шамалы. Сыртқы ортада атап айтқанда тамақ өнiмдерiнде вибриондар 2-5 күн өмiр сүредi, күн сәулесi түскен қызғанақтар мен қарбыздарда вибриондар 8 сағаттан соң өледi. Вибриондар канализация суы ағызылатын ашық суатта ұзақ өмiр сүредi. Тырысқақтың таралуына шыбындар да ықпал етуi мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |