Клиникалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Соңғы уақытта жиі-жиі барлық ата-аналар сәбиіне вакцина жүргізуден негізсіз бас тартып жатыр



бет3/8
Дата09.09.2022
өлшемі284.81 Kb.
#460484
1   2   3   4   5   6   7   8
3-клин.сабақ

Соңғы уақытта жиі-жиі барлық ата-аналар сәбиіне вакцина жүргізуден негізсіз бас тартып жатыр.
Бірак ата-аналарға сауалнамалар жүргізу барысында бас тарту себебін атай алмады. Интернет желісіндегі алынған ақпараттарға, діни сарын бойынша пікірлерге сүйенетіндігін және вакинациялау пайдасы туралы аз ақпарат алғандарын байқауға болады. Жалпы негізінде интернетте жағымсыз ақпараттар ғана оқылады. Сондықтан, екпеден бас тартпас бұрын дұрыстап ойлану қажет. Бүгінгі бала ертеңгі ересек адам болған кезінде түрлі инфекцияларға жолыққан кезде қорғансыз қалуы мүмкін.
Біздің емханамыздағы барлық вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және Қазақстан Республикасында тіркелінген.
Вакцина — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Вакцина түрлері:
Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Тірі вакцина туберкулезге, қызылша, қызамық,эпид.паротит,оба, бруцеллез, полимиелит,тұмау,кене энцефалитіне қарсы егіледі.
Өлі Вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.Өлі вакцина көкжөтел, грипп, герпес, іш сүзегі,тырысқақ, Ку қызба т.б. салынады.
Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, бөртпе сүзегі, менингит, оба,гриппт.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.
Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді.Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.
Дифтерия,көкжөтел,сіреспеге қарсы – АКДС, қызылша,қызамық,паротитке – ККП, дифтерия,сіреспеге қарсы – АДС.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет