Қолдану көрсетілімдері : медицина қызметкердің киіміне және зақымдалмаған терісіне науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Әзірле: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған 2 лоток, залалсыздандырылған пинцет, ҚКЖҚ.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Ластанған арнайы киімді оң жақ бетін бетін ішіне қаратып шешіңіз.
2. Оны көрсетілген әсер ету уақытына дезинфектантқа батырыңыз.
3. Жеке киімнің ластанған жерін дезинфектантқа малынған салфеткамен көрсетілген әсер ету уақытына жабыңыз, соңынан ыстық суда жуыңыз.
4. 70% этил спирті ерітіндімен мол малынған салфетканы қолыңызға алыңыз. Осы салфетканы қолдана отырып, жеке киімнен қол саусақтарымен шымшу қозғалысы мен, биологиялық сұйықтықты қолдағы енген жерінен кетіріңіз.
5. 70% этил спирті ерітіндімен мол малынған салфеткамен уланған учаскесін сүртіңіз (ысқыламаңыз).
6. Тері учаскесін сабындап сумен жуыңыз.
7. Жуылған тері учаскесін қағаз сүлгімен кептіріңіз.
8. 70% этил спирті ерітіндімен мол малынған салфеткамен биологиялық сұйықтық қалдығын теріден қайтадан кетіріңіз. Ысқыламаңыз.
9. Қолданған дәке тампондарды қауіпсіз кадеге жарату котейнерге салыңыз
10. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтенше болған жағдай туралы актті журналға тіркеңіз).
Достарыңызбен бөлісу: |