Клиникалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі



бет10/11
Дата06.02.2022
өлшемі59.77 Kb.
#455153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жауаптары:

1. Баяу вирусты жұқпалы ауру. Вирус иммунитетке жауап беретін жасушаларды зақымдап, иммундык жетіспеушілікке әкеледі. Ауруды бірінші рет 1981 жылы АҚШ-та гомосексуалистер, нашакорлар мен гемофилиямен ауыратындардан американ ғалымы Галло Р. және француз ғалымы Монтанье Л. тапқан.

2. Вирус ретровируска жатады, бүгінгі таңда оның 3 түрі белгілі: АИВ 1,АИВ - 2, АИВ - 3, көбінесе АИВ - 1 түрі жиі кездеседі. Вирус сыртқы ортаға төзімсіз. 100°С температурада, кайнатканда, 96% спиртте, 2% формалин ерітіндісінде, 3% сутегі асқын тотығында, 1 минутта өледі. Адамнын, канында, ұрығында, сілекейінде, емшек сүтінде және әйелдің жыныс мүшелерінен шығатын сұйықтықтардың бәрінен вирусты аныктауға болады.

3.Ауру көзі - ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушылар.

Жұғу жолдары: Қан аркылы (парентералды жолмен). Жыныстық қатынас арқылы. Ауру анадан балаға жұғады. Жыныстық қатынаста гомосексуалистер арқылы жүғады. Қан арқылы жұғуында әртүрлі медициналық дұрыс залалсыздандырылмаған кұрал жабдықтар арқылы, қан құйғанда, хирургиялық, акушерлік - гинекологиялық емдеу кезінде, тісті емдегенде, тісті сақал қырғыш, тіс тазалағыш арқылы да жұға береді.Анадан ішіндегі балаға немесе туған кезінде аурудың жұғуы мүмкін.Ауруда қауіпті топтарға жататындар: нашақорлар, гомосексуалистер, жөзекшелер және гемофилиямен ауыратын адамдар.

Патогенез - аурудың дамуы

4. Диагноз қою

• Эпидемиологиялық анамнез жинау.

• Клиникалык белгілерді карау, көру.

• Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу.

Серологиялық зерттеу - ИФА, иммундық блотинг.ПЦР

5.Вирус қанға еніп иммундық жасуша Т - лимфоциттерді зақымдайды, жасушалар өледі де, иммундық жүйе бұзылады, сондықтан адам организмі әртүрлі ауруларды қабылдауға бейім болады.

6. Ауру қоздырғышын мүлдем жоятын дәрі жок. Ауруды жеке бөлмеге (бокс) оңашалайды, өзіне кажетті заттармен камтамасыз етіледі, бөлмені желдетіп, кварц койып, зарарсыздандыру ерітіндісін косып ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Ауру қандай аурумен ауырса, сол аурудың емдеу жұмыстары жүргізіледі. Емнің түрі аурудың кезеңіне және лимфоцитгің мөлшеріне байланысты болады.

Вирусқа қарсы берілетін дәрілер:

1. Тимидин тобы: азидотимидин, тимазид, никавир;

2. Аденин тобы: диданозин, видекс;

3. Цитозин тобы: хивид, эпивир;

4. Гуанин тобы: абакавир;

5. Сторкин;

6. Қосылган дәрілер: зидовудин, ламивудин.

Иммунитетті көтеретін дәрілер: Т - лейкин, Т - тимодин, левамизол.

Бактерияга қарсы дәрілер: антибиотиктер, нитрофурандар, оксихинолиндер, сулфаниламидтер және хб.

7.Жасырын кезеңі 2-4 аптадан 2-3 айға және 5-10-15 жылға дейін созылады. Аурудың кезеңіне байланысты белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда (60-70%) жұқпалы мононуклеоз ауруының белгілері байқалады, яғни дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, катаралдық белгілер, бездердің ісінуі, бөртпе болуы мүмкін.

Кейбір ауруларда жоғарыдағы белгілердің болмауы да мүмкін. Аурудың белгілерінің жойылу кезеңі болады, бірақ лимфобездері ісінеді. Көбінесе аурудың тәбеті дұрыс болса да, ауру салмағын жоғалтудан басталады, себепсіз дене қызуы көтеріледі, ірінді тері ауруларымен қайталап ұшыктар; шығады.

Ауыз қуысының, шырышгы қабатының, өңештің, жыныс ағзаларының кандидозы болады. Саңырауқұлақты тері мен тырнақтың зақымдануы байқалады, мезгіл - мезгіл іші өтеді.

Көбінесе аурулардың өкпесі зақымданады - созымалы бронхитке, өкпе қабынуына (пневмонисті пневмония), туберкулез ауруына ұшырайды. Аурудың тамырларынан пайда болатын ісік ауруы - (Саркома - Капоши) туындайды және ол басқа ағзаларға тез тарайды. Жүйке жүйесі закымданғанда менингит, энцефалит, мидін ісігі, ұмытшақтык және т.б. болады. Ауру тек өлімге әкеледі.

8. Созымалы бронхитке, өкпе қабынуына (пневмонисті пневмония), туберкулез ауруына ұшырайды. Аурудың тамырларынан пайда болатын ісік ауруы - (Саркома - Капоши)

9. Ауруда арнайы алдын алу жұмысы жоқ. Халық арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізудің маңызы өте зор, (әсіресе ауруды жұктыруға мүмкіндігі зор адамдармен. Медицина мекемелерінде медициналық құрал жабдыктарды дұрыс залалсыздандырып, 1 рет қолданылатын шприц, инелерді пайдаланып, қолғаппен жұмыс істеулері керек. Аурудан бөлінген заттарды дұрыс зарарсыздандыру, қанды сыртына таңбасы бар ыдыспен, арнайы кобдишаға салып зертханаға жеткізіледі. Терінің зақымдалуының алдын алу қажет. Ауруды үй жағдайында емдегенде, кажетті заттарды беру керек. Бей - берекет жыныстық қатынасқа түспеу.Салауатты өмір салтын ұстау.

10. Диагноз қою

• Эпидемиологиялық анамнезді жинау.

• Клиникалық белгілерді қарау.



• Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу Серологиялық зерттеу- РА, РСК, РНГА, РНИФ. ИФА. ПЦР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет