Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі


Клиникалық станция «Жүректің тоқтауы кезінде науқасқа шұғыл



бет3/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Клиникалық станция «Жүректің тоқтауы кезінде науқасқа шұғыл
көмек көрсету»
ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ
Қадамдар Іс-әрекеттер алгоритмі
Науқас жағдайын бағалау
1 Жағдайды бағалау: есін анықтау, көмек шақыру Иығынан қағып, науқасты шақыру, жедел жәрдем бригадасын шақыру немесе шақыруды сұрау
2 Пульс және тынысты бағалау:
Пульсацияны ұйқы артериясында анықтау, тыныстың болуын анықтау
Ұйқы артериясын тауып, пульсацияны анықтау, кеуде торы қозғалысының болуын көзбен бақылау
Жүрек-өкпелік реанимацияны орындау
3 Науқасты дайындау Зақымданушының мойнын және кеудесін киімнен босату
4 Қолдарды зақымданушының төсіне дұрыс орналастыру
Қолдарды төстің төменгі жартысына орналастыру;
Тірек нүктесі жұмыс қолының тенары және гипотенары болып табылады. Сол қолдың негізі оң қолдың арқасына тіреледі.
5* Кеуде торының компрессиясын орындау Күшті қатаң тігінен қолдану, қолдар шынтақ буындарында бүгілген;
Алақандарды төстен алмай, компрессия тереңдігі – 5-6 см.
Компрессия жиілігі – 30 (минутына кемінде 100);
Қысу арасындағы аралықтар минимальді болу қажет;
Кеуде торы әр қысымнан кейін толық жазылуы тиіс; техника бұзылысы кезінде аталған қадам орындалмаған деп саналады)
6 Ауыз қуысын қарау және санациялау
Науқас басын өзіне қарату, ауыз қуысының санациясын дәкемен оралған саусақпен орындау. Санация бір айналдыру қимылымен орындалады.
7 Сафардың үштік тәсілін орындау: басты шалқайту, төменгі жақты алға шығару, науқас аузын ашу
Бір қолды зақымданушының маңдай-төбе аймағына қою және басты артқа шалқайту, бір мезгілде екінші қолмен иекті көтеріп, төменгі жақты алға шығарып, науқастың аузын ашу. Өкпенің жасанды желдетілуін орындау
8 Науқастың мұрнын (аузын) жабу,
Бір қолды науқас басынан алмай, екінші қолмен дәкелі майлықты аузына қойып, науқастың мұрнын қысу, кеуде торы көтерілетіндей етіп үрлеуді орындау, екінші үрлеу кеуде торының көрінетін
№ Қадамдар Іс-әрекеттер алгоритмі
тыныс жолдарына үрлеу жүргізу, компрессия және үрлеу 30:2 қатынасын ұстану экскурсиясын бақылағаннан соң орындалады техника бұзылысы кезінде аталған қадам орындалмаған деп саналады)
Компрессия және үрлеудің қатынасы - 30:2
9 Жүрек-өкпе реанимациясының 1кезеңін орындау 2 минут ішінде ЖӨР-дің бір кезеңін – ЖӨРдің 5 циклін орындау
10 ЖӨР тиімділігін анықтау Ұйқы артериясында пульсацияның болуын
анықтау
Клиникалық станцияның жүргізілу ұзақтығы 10 минуттан артық емес



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет