«Км5 Кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі талаптарымен өзара қызмет жасау» (пән атауы) Тобы;ҚТ-2211б


Ресми іс- қағаздар стилі (официально-деловой стиль)



бет7/8
Дата21.12.2023
өлшемі44.35 Kb.
#487443
1   2   3   4   5   6   7   8
Жанерке есебі

2. Ресми іс- қағаздар стилі (официально-деловой стиль)
3. Публицистика- лық стиль (публицистический стиль)
Іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады(использ. в деловых бумагах, инструктив-ных письмах, документах) Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. (применяется в газетах-журналах, собраниях, СМИ)

Хабарлау, анық мәлімет беру. (объявлять, давать конкретную информац.) Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. (влиять на общественность, привлекать их внимание к явлениям, событиям) Ресми, анық, дәл. (официаль-ность, точность)Шақыру, үндеу, нақтылық. (призывать, точность)


Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер.(книжные и официаль-ные слова и сочетания, повествова-тельные предложения, термины)

4. Көркем әдебиет стилі(стиль худож. литературы)
Көркем шығармаларда қолданылады.(применяется в художествен- ной литературе)Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. (описание явлений и событий)Образды, эмоционалды, экспресивті.(Образное, эмоциональное,экспрессивное)
Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,мета-фора,эпитет, метонимия синекдоха т.б./(использование переносных значений, худо-жественных методов, /сравнение-метафора т.д/

5. Ауызекі сөйлеу стилі(разговор- ный стиль)
Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады (применяется при общении) Қатынас жасау.(для общения)
Сөздер мен сөз тіркес-терін еркін қолдану. (свободное использова-ние слов и сочетаний)Сабақтан түсінгенім.
11.Стиль дегеніміз не қатысты тіл мамандарының ой-пікірлері- 17 ғасырда стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда философиялық эстетиканың назарын аударды. И.В. Гете мен Г.Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль жайында В.В. Виноградов “стиль көп мәндес” деген пікірді айтса, зерттеуші Л.Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде стиль шығармалар әдіс ретінде танылды.Түсінгенім.
12.Стильдің негізгі қызмет түрлері-Оның «Ғақлия-сөздері» орта ғасырлық кітаби тілді сопылық философия тілінен арылтып, қазақтың халықтық тілінің табиғатына бойсұндыра жасаған эпистоляр (хат) түріндегі дидактика. Стиль туындылары болды. Ал «Бірер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген еңбегімен Абай өз халқының ұлттық ғылымының салиқалы Стильін орнықтырды.Түсінгенім.
4 Бөлім Қазақ әдебиеті
1.Дулат Бабатайұлы «Еспембет»дастаны-Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын, жырау, сатирик, ағартушы, қоғам қайраткері, тарихшы, Абайдың ұлық тұтқан ұстазы. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген. Сабақтан түсінгенім.
2.Махамбет Өтемісұлы «Менің атым Махамбет» , «Атадан туған аруақты ер» « Нарын»- Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп тануға болады. Сабақтан түсінгенім.
3.Шортанбай Қанайұлы « зар заман», «опасыз жалған», « бала зары»-Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.Сабақтан біліп алғаным.
4.Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» «әділеттілік орнаса»- Сүйінбай Шапырашты (Ұлы жүздің )ішіндегі Екей руынан шыққан.
Сүйінбай Жасынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбайдың шығармашылығы оның атасы Кусеп пен әкесі Аронның әсерінен қалыптасқан, олар поэтикалық талантымен және шеберлігімен танылған еді.Атақты Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны пір тұтып,ұстазы ретінде санаған.
Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен. Түсінгенім.
5.Майлықожа Сұлтанқожаұлы «толғау» «үш жігіт»- Қазіргі Түркістан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Қожа руынан шыққан. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді алған.
Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып, жоқшылық, мұқтаждық көп көрген. Ержете келе жаттап өлең айтып, өнер жолына түсу арқылы елге танылады. Сабақтан түсінгенім.
6.Ыбырай Алтынсарин «залым төреге» «азған елдің хандары» «азған елдің билері»- Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.Сабақтан білгенім.
7.Мұрат Мөңкеұлы «үш қиян» «шалгез» «қазтуған»- Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) — айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Алшын тайпасының Байұлы тармағының Беріш руының Қаратоқай аймағынан шыққан. Түсінгенім.
8.Шәкәрім Құдайбердіұлы «жастарға» «дүние мен өмір»- Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Түсінгенім.

  • 9.Шәңгерей Бөкев «қайран жерім» «ғылым» «қосаяқ» «қашқын» поэмасы-1934 жылы жеке жинағы шығады. Одан кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Бөкеев — Еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған ақын. Уақыт, заман, өмір, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. “Өмірдің өтуі”, “Ғылым”, “Эдисон”, т.б. өлеңдері өзгермелі, өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен, әсерлі суреттерімен бейнелейді. Бөкеев поэзиясында парасатты, ойлы дала қазағының ой-қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары шебер өрнектелген. Бөкеев халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған. Ол Ғ. Қарашевті ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т.б.) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды, Оралда “Қазақстан” газетін шығарысуға ат салысады. Бөкеев — қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын ақын. “Үш ғасыр жырлайды” және “Бес ғасыр жырлайды” топтамаларына өлеңдері енген. Сабақтан түйгенім.

10.М.Ж.Көпейұлы «хал-ахуал» «ғибраттнама» «шайтанның саудасы»- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан[1].
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.Түсінгенім.
11.Нарманбет Орманбетұлы «көпті көрген көнемін» «шал қайғысы»- Алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан. 1917 – 18 ж. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметінде болды. Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адамгершілік, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған (“Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”)[2]. Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан. 1917 – 18 ж. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметінде болды. Нарманбет Орманбетұлы өлеңдерінің негізгі тақырыбы – оқу-білім, адамгершілік, ел тәуелсіздігі. Ол өмір құбылыстарын саралай келе, шындықты көркем бейнелеуге, оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған (“Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”)[2]. Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Сабақтан түсінгенім.
12.Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы, «қазағым» «қазақ тілі» өлеңі-Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.Түйгенім.
5 Бөлім Ежелгі дәуір әдебиеті
1.Тасқа жазылған дастандар «күлтегін» «білге қаған» «тоныкөк» дастандары-Шамамен VI ғасырдың кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.
Міне, сол ежелгі түрік дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.Сабақтан түсінгенім.
2. «Қорқыт ата» ақиқат пен аңыз Қорқыт ата кітабы-Қорқыт ата — түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзі "Һорқұт" сөзінен шыққан. "Хор" деген көне түркі тіліндегі "Өр" деген сөз, "Һор" деп те айтылған. Ал, "құт", ол кәдімгі "құт", "береке", "игілік" деген сөз. Демек, Қорқұт сөзі "жоғарыдан келген құт" деген мағынада. Бірақ, қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз-ертегілер туындаған.Түсіндім.
3. «Оғызнама»- Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. «Оғызнаманың» екі нұсқасы бар: бірі – көне ұйғыр әрпімен 13 – 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В.В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген. Екіншісі – араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі – «Шежіре-и тарахима», («Түрікмен шежіресі, 1661), екіншісі – «Шежіре-и Түрк» («Түркі шежіресі»). Сабақтан түсінгенім.
4.Әбу-насыр ӘлФараби- Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Түсінгенім.
5.М.Қашқари -Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029—1101) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.Кім екенін қандай шығармалары бар екенін білдім.
6.Ж. Баласағұн «құтты білік»- Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908-955) тарту етеді. Түсінгенім.
7.А.Иүгінеки «ақиқат сыйы»- Ахмед ИүгінекиЮгнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.Сабақтан түсінгенім.
8.А.Ясауи «диуани хикмет»- Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. Түсінгенім.
9.13-15 ғасырлардағы әдебиет-Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.Сабақтан түсінгенім.
10.Кодекс-куманикус-одекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus –«Қыпшақ тілінің сөздігі») — қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.Сабақтан түсінгенім.
11. Хорезми «махаббатнама»- «Махаббатнама» — лирикалық дастан (авторы — Хафиз Хорезми). Кейбір зерттеушілер оны сарай маңында туған одалық шығарма деген пікірде. Шығарманың басында Мұхаммед Хожабекке арналған мадақ бар. Бірақ Махаббатнаманың мазмұны одан көп бөлек. Хорезмидің дастанды түркі жөне парсы тілдерінде жазуына қарағанда, бұл кезеңде жазба әдебиет әлемінде екі тіл қатар дамыған секілді.Сабақтан түсінгенім.
12.ҚҰтб «Хұсрау-Шырын»дастаны-“Хұсрау мен Шырын” — Алтын Орда дәуірінің әдеби мұрасы. Авторы — Құтб қыпшақ тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы Низами Гәнжауидің парсы тілінде жазылған “Хұсрау уа Шырын” поэмасынан аударған. Поэма Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы шынайы махаббатты баяндауға арналған. Хұсрау мен Шырын махаббаты — Әзірбайжан ақыны Низами мен үнді ақыны Әмір Хұсрау Дехлевиден бастап қазіргі уақытқа дейін жырланып келе жатқан тақырыптардың бірі.Таяу Шығыс пен Орта Шығыс, Кавказ мен Орталық Азия, үнді халықтарының фольклорында “Хұсрау мен Шырын” аңызы негізінде жазылған барлығы 50-ден астам поэма бар. Ақын-жазушылардың талай ұрпағының назарын аударған бұл аңыз ғасырлар өткен сайын сан түрлі өзгерістерге ұшырап, өңделіп отырған. Оның әрбір нұсқасы қайталанбас халық даналығымен толығып, сюжеттері де көп өзгерген. А.Н. Самоилович "Хұсрау мен Шырынды" Алтын Орданың әдеби ескерткішіне жатқызады. Түсінгенім.
6 Бөлім Қазақ тілін оқыту әдістемесі
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсат міндеттері-Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.Түсінгенім.
2.Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мвзмұны мәселелерді қамтиды- Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі — зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады.Сабақтан түсінгенім.
3.Қазақ тілін оқыту әдістемесі жеке ғылым саласы-Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.Түсінгенім.
4.Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі- Оқыту әдістемесі — педагогиканың күрделі саласының бірі — дидактика тарауында қаралады. Дидактика /оқыту теориясы/ гректің didaktikos — оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку процесінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Түсінгенім.
5.Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі- Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы — бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды — тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.Сабақтан біліп алғаным.
6.Қазақ тілінің лексикалық мен фразлогиясын оқыту әдістемесі-Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым) —

  • 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;

  • 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.Сабақтан біліп алғаным.

7.Сөзжасамды оқыту әдістемесі-Сөз жасам әдістемесі. 1992 жылы қазақ тілі бағдарламасында «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4 сынып бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, 5 сынып бағдарламасында «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қысқарған сөздер және оның емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды.Түсінгенім.


8.Морфологияны оқыту әдістемесі-Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Түсінгенім.
9.Синтаксисті оқыту әдістемесі-Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдіс. Сабақтан түсінгенім.
10.Сөз тіркесін оқыту әдістемесі,сөздік жұмыс-азіргі әдістемелерде сөздік жұмыс сөздік құрамды тиімді игеруді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекет ретінде қарастырылады. Сөздік қорды дамыту сапалы сөздердің жинақталуы, оларды қоғамдық жағдайларда қолдана білуін қалыптастыру ретінде түсіндіріледі. Сөздің басты ерекшелігі оның лексикалық және грамматикалық мәндерінің бірлігі болып табылады.Сабақтан біліп алғаным.

11.Жай сөйлемді оқыту әдістемесі-Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген .Сабақтан түйгенім.


12.Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі- Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.Сабақтан түйгенім.
7 Бөлім Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесі
1.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны ,әдеби білім кезеңдері-Бастауыш сыныптарда негізінен оқу мәдениетінің бастапқы білімі қалыптасады, мәтінді жүргізіп оқу, мәнерлеп оқудың алғашқы дағды, машығы және кӛркем шығарманы түсініп оқу, ішінара (элементтік) талдаулар жүргізіледі. Кӛркем мәтін негізгі білім беру кӛзі ретінде танылады. Кӛркем мәтін айналасында кӛптеген оқу әрекеттері жүзеге асырылады: дүниетанымдық, шығарманы эмоциялық қабылдау, сӛйлеу тілі дағдылары – барлығы мәтін оқу әрекеті тӛңірегінде іске асады. Түсінгенім.
2.Әдебиет пәнін оқытудың мақсат міндеттері-Дәрісті өзектілеу мақсатында студенттерге «Әдебиет пәні жалпы білім беретін мектепте оқытудың басты мақсат-міндеттері не деген сауал тастасаңыз, сан алуан пікірлер мен кӛзқарастарды туғызасыз. Пікірлер бір-бірінен мағыналық жағынан алшақ болмағанымен, бір-бірін қайталамайтындай сан қилы болып келеді: «Әдебиет пәнін оқудағы басты мақсат халқымыздың бай әдеби мұрасын білу», «Әдебиет пәнінің басты мақсаты туған еліңнің тарихын таныту», «Оқушыларды кӛркем шешен сӛйлеуге үйрету», «Әдептілікке, жақсы, жаманды айыра білуге үйретеді», «Салт-дәстүрімізді танытады», Сабақтан біліп алғаным.
3.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы-1.ХХ ғасырдың басындағы алғашқы мектептер, оқу мазмұны. 2.Алғашқы бағдарламаларды құрудағы ізденістер. Алғашқы бағдарламалардың құрылысы мен мазмұны. 3.Қазақ әдебиеті оқулығының қалыптасуы тарихы. 4.Алғашқы әдістемелік ізденістер. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасу жолын қарастырғанда оны тӛрт арнадан іздеуге болады: 1.Мектепте пән ретінде оқытылу тарихы; 2.Әдебиет пәнін оқытуға арналған оқу құралдарының пайда болуы мен қалыптасу жолы. 3.Әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілуі мен қалыптасу тарихы; 4.Алғашқы әдістемелік ізденістер: мақалалар, әдістемелік пікірлер; 5.Әдебиетті оқыту оқулықтарына нұсқаулар, арнайы әдістемелік еңбектер, ондағы бағыт-бағдар. Түсінгенім.
4.Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасының мазмұндақ ерекшеліктері-1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жобасы жасалды. Ол 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы шықты1 . Бағдарламаны түзушілер: С.С.Қирабаев, Ә.М.Дайырова, Г.С.Құрманбаева, С.Мақпырұлы, Т.Қ.Жұмажанова, С.Р.Дүйсебаева, Б.Ә.Әрінова, Н.О.Әбдіғаппарова. Бағдарламада бұрынғы оқу материалы қайта сұрыпталды, білім берудің гуманистік, адамгершілік ұстанымына баса назар аударылды. Әдебиеттің эстетикалық бағыты күшейтілді.Түсінгенім.
5.Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарламаларын жетілдіру жолдары- 1913-1914 жылдары «Айқап» редакциясында жұмыс істейді. 1914-1916 жылдары ӛз ауылы Баянауылға қайтады. Ондағы мақсаты ел жастарын оятпақ, оқуға, мәдениетке талпындырмақ еді.Түсінгенім.
6.Поэма жанрындағы шығармаларды оқытуЖеке туындыларды қабылдауда оны бүтіннің бӛлшегі ретінде ойлап, оқушылардың әдеби білімінің элементі ретінде, олардың ойының дамуына, қоғамдағы қалыптасу мен эмоционалды-эстетикалық әсер алуы жайлы үнемі есте тұтқан жөн.Түсінгенім.
7.Мәнерлеп оқудың өзіндік шарттары-Әдебиет сабағы рухани ӛмір сабағына айналу үшін жалаң ақпаратты сырып қойып, шығарманың ӛн бойына еркін кӛсілу керек. Белгілі әдіскер Е.Н.Ильиннің шығарма талқылау арқылы ӛткізетін тіл ӛнері сабақтарындағы «ӛмірге ену», «тіректер іздестіру», «тіл табысу ӛнері», «қарсы қадам» т.б. ұстанымдары арқылы оқушы санасынан жүрегіне жол салатын әдіс-тәсілдері әдебиет сабағы үшін аса маңызды.Түсінгенім.
8. Шолу тақырыптарының құрылысы-Бағдарламада берілетін сағат санының аздығы, бірақ шолулардың ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың өзіндік күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айта отырып, ақын-жазушылар шығармашылығы (сол кезеңдегі), олардың негізгі жетістіктері әңгімеленеді. Қай ақын-жазушы болмасын, ол — өз дәуірі, өз қоғамының бел баласы, соның өкілі. Олардың еңбектері, өздері өмір сүріп отырған қоғамды, оның тыныс-тіршілігін, бейнесін сөз өнерімен берулері, сол кезеңге байланысты әдебиетке қосқан үлесі шолу түрінде беріледі.Сабақтан түсінгенім.
9.Кейіпкерлерге мінездеме беру-Кейіпкерді мінездеу ең алдымен шығарма жанрына байланысты. Мәселен, лирикалық шығармаларда кйіпкер кейде тікелей көрінсе, кейде ақынның ойы көңіл-күйі, бейнесі арқылы беріледі. Мысалы, Абайдың Адамның кейбір кездері, Өлсем орным қара жер сыз болмай ма өлеңдерінде екі заман шендестіріледі. Оның кейіпкері - ақын және заман. Сол сияқты ақынның Адамның кейбір кездері өлеңінде сөз өнері, өлең, ән туралы мәселе қозғалады. Бұл өлең арқылы Абай поэзияның, сөз өнерінің міндетін айқындайды, ақындық шабыттың сыры, қуаты туралы тебірене ой толғайды. Ақын өмірдің сәулелі, нұрлы жағымен қатар, көлеңкелі жағын да сынға алады. Зұлымдық пен надандық жайлаған заманның жағымсыз сипатын ызалана ашады, шенейді.Сабақтан түсінгенім.
10.Кейіпкерлерге мінездеме берудің түрлері-Жанама мінездеу кейіпкерді төтеден сипаттамай, соған қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы оның кім екенін айқындау.Басқа құбылыстарды айта отырып, кейіпкердің жан-дүниесін көрсетеді. Осы арқылы адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашуға жол ашады.Тура мінездеукейіпкердің мінез-құлқын, түр-түсін, жүріс-тұрысын төтеден, бірден суреттеу, тікелей баяндау. Адамның сыртқы бітім-болмысын тікелей немесе жанама мінездеу арқылы жасаумен бірге, оның ішкі сырын да ашу керек. «Қара қарғаның қанатындай немесе көмірдей жылтыр, қара сақалы бар, жалпақ қызыл жүзді, ісінген қалың қызыл қабақты Әзімбай осылайша тор құрып қойып, өзі құрық жонып отыр.Сабақтан түсінгенім.
11.Шығармадағы жазушының қолтаңбасы- қолтаңба (гр. autos — өзім және grapho — жазамын) —

  1. адамның өз қолымен жазған сөзі немесе қойылған қолы, мысалы, жазушының оқырманға берген қолтаңбасы;

  2. автордың өзі жазған қолтаңбасының мәтіні. Автограф арқылы шығарманың канондық мәтіні анықталады, ол жазушы, ғалым немесе тарихи қайраткер шығармашылығын зерттеу кезінде бағалы материал бола алады. Автографтарды жинау және сақтау мәселесімен архивтер, кітапханалар және музейлер айналысады. Автографтарды жеке адамдар да жинайды.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет