Күмәнсіз белгілер /Күмәнді белгілер /Мүмкін белгілер /Нақты белгілер /Субъективті белгілер ! /Фильтр


Науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою



бет6/52
Дата21.05.2024
өлшемі245.43 Kb.
#501627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
ситуацион задачи

Науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
/ Науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
/Науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту,кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ерітіндісіне малынған тампон қою
/Науқасты отырғызу, басын шалқайту және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
/Науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға еңкейту,кеңсірігіне салқын қою
!Кіші жастағы балаларда көмей патологиясын диагностикалауда қандай зерттеу әдісі «алтын стандартқа» ие?
/Тікелей ларингоскопия
/**робоскопия
/Фиброларингоскопия
/Тікелей емес ларингоскопия
/Бронхоскопия
!
Науқас 2 күн бойы суық сыра ішкеннен кейін даусының қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Объективті жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған, дауыс саңылауы кең. Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз
/Жедел ларингит
/Жедел фарингит
/Лакунарлық ангина
/Паратонзиллит
/Жедел аденоидит
!
Жабысқақ күйлер неврозында кездеседі:
/Галлюцинациялар
/Гиперостезия
/Обсессия
/Сандырақ идеялар
/Құрыспа
!
Шұғыл маниакальды ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылады:
/Нормотимиктер
/Ноотроптар
/Нейролептиктер
/Транспилизаторлар
/Седативті препараттар
!Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз:
/10 мг диазепам т/і
/40% глюкоза ерітіндісі т/і
/Дәрумен В1-5 мл т/і
/Дексаметазон 4 мг, т/і
/2,0-4,0 мл фуросемид т/і
!Үзілмелі ойлау қандай ауруға тән?
/Шизофрения
/Эпилепсия
/Неврастения
/Невроз
/Олигофрения
!
К. Есімді науқас, 55 жаста, дәрігерге қимыл-тірегі әлсірегеніне, қолы дірілдейтініне, жүріп-тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралды. Объективтік тексеруде қалыпты жағдайда қолдың треморы «тиін санау» типті, аяқтарының тонусы сәл күшейген «тісшелі дөңгелек» типті, денесін сәл алдыға жіберіп, жай жай жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Осындай жағдай қандай ауруға тән?
/Паркинсон ауруы
/Альцгеймер ауруы
/Бас маңдайы бөлігінің қатерлі ісігі
/ жайылмалы склероз
/Менингококктық менингит
!Науқаста «қоян көз» симптомы, маңдай және зақымдалған жағында мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі, аузының дені сау жаққа қисаюы байқалады. Осы симптомдар қандай ауруды сипаттайды?
/Бет нервінің невриті
/Бас миының ісігі
/Энцефалит
/Ми қанайналымының жедел бұзылысы
/Бассүйек-милық жарақат
!
Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады?
/Деменция
/Көрудің нашарлауы
/Клоникалық тырысулар
/Бұлшықет атрофиясы
/Алопеция
!Глазко шкаласы бойынша бағалауда 15 балл сәйкес келеді:
/Анық еске
/Комаға
/Сопорға
/Клиникалық өлімге
/Ступорға
!
Науқас 52 жаста, «асқазанның қатерлі ісігі» диагнозымен онкологиялық бөлімшеде ауруханалық емделіп жатыр. Мейірбикелік тексеру кезінде жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, ет тағамдарына жиренуге, ауық-ауық болатын құсуға, эпигастрий аймағында тамақ ішкеннен соң күшейе түсетін көрнекті ауырсынуға, сасық иісті кекіруге, ішінің қампиғанына, дене салмағының азайғанына шағымданады. Сөйлесу кезінде науқас адинамиялық, айналасындағылармен қиын байланысқа түседі, томаға-тұйық және жабырқаңқы, себебі өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Төменде берілгендердің қайсысы басым мәселе болып табылады:
/Эпигастралды аймақтағы көрнекті ауырсыну
/Метеоризм
/Тәбетінің болмауы
/Дене салмағының азаюы
/Кекіру
!
Ауруы жазылмайтын науқастарда жиі болатын психологиялық мәселеге не жатады?
/Мінез-құлқының бұзылуы
/Мазасыз күй
/Эмоциялық ступор
/Психикалық бұзылуы
/Тұлғалық бұзылу
!Операция кезінде науқаста сигматәрізді ішектің ісігі анықталды, колостома салынды. Операциядан соң 2-ші күні таңғыш көп мөлшерді ішектік құраммен сулана бастады. Науқас алаңдаған, көңіл-күйі жоқ, оны туған-туысқандарының өзіне деген қарым-қатынасы мазалайды. Ол өзімен бірге тұратын қызына масыл боламын деп уайымдайды. Науқасты ең басты мазалайтын мәселе ішектік жыланкөздің болуы. Ол жыланкөз аймағындағы терісіне күтім жасай алатынына күмәнді. Науқастың ауруханадан шығуы кезінде қандай іс-шара ең тиімді болатын еді?
/Науқасты және оның қызын теріге күтім жасау және нәжісқабылдағышты қолдану ережелеріне үйрету
/Тамақтану режимін сақтау туралы науқаспен сөйлесу
/Науқасқа психологиялық қолдау
/Рационалды тамақтану туралы сөйлесу
/Науқасты арнайы әдебиетпен қамтамасыз ету
!
Науқас А, бірнеше апта бұрын гастростома орнатылған, үйге шығарылуға дайындалып жатыр. Науқас өзін жақсы сезінеді, бірақ та үйіне барған кезіндегі жағдайға байланысты алаңдап жатыр. Ол медициналық қызметкерлердің көмегінсіз өзінің жаңа қалпына үйрене алмаймын деп қорқады. Медбикеге не жасау қажет?
/Туысқандарына үй жағдайындағы гастростомаға күтім ережелерін үйрету
/Науқасты арнайы әдебиетпен қамтамасыз ету
/Аурудың алдын алуы мен оның асқынулары туралы сөйлесу
/Сауықтандыру сұрақтары бойынша отбасы мүшелеріне кеңес беру
/Науқасты қолдау
!Төменде берілгендердің қайсысы егде және қарт жастағы науқастарда болатын миокард инфарктінің ерекшелігіне жатады?
/Атипті түрі
/Ауырсыну түрі
/Жеңіл ағымды
/Асқыну сирек дамиды
/Ауыр ағымды
!
Пульмонологиялық бөлімшеге 68 жасар науқас Т, түсті. Айқын әлсіздікке, басының ауыруына, көп мөлшердегі қақырықты жөтелге, температурасының 39,8 С дейін жоғарылауына, қалтырауға, қатты тершеңдікке шағымданады. Науқастың басты мәселесін анықтаңыз?
/Тиімді емес термореттелу
/Басының ауруы
/Тиімді емес тыныс алу
/Сұйықтық деңгейінің жеткіліксіздігі
/Ыңғайлылықтың өзгерісі
!
Төменде аталғандардың қайсысы перзентханаларға, акушерлік стационарларға қызмет көрсетуінің санитарлы- эпидемиологиялық талаптарына жатады?
/Босанудан кейінгі бөлімшенің палаталары циклді түрде толтырылады, күнтізбелік 3 күннен артық жатқызылмайды.
/Босанудан кейінгі бөлімшенің палаталары циклді түрде толтырылады, күнтізбелік 5 күннен артық жатқызылмайды.
/Гинекологиялық бөлімшенің палаталары циклді түрде толтырылады, күнтізбелік 3 күннен артық жатқызылмайды.
/Босанудан кейінгі бөлімшенің палаталары босанған әйелдердің түсіп жату санына байланысты толтырылады.
/Обсервациялық бөлімшенің палаталары циклді түрде толтырылады, 3 күннен артық жатқызылмайды.
!
Әйелдер кеңесіне етеккірінің 3 айға кешігуіне шағымданып әйел келді. Айналарда қарау барысында қынаптың шырышты қабатының цианозы. Қынаптық қарау кезінде жатыры жүктіліктің 8-9 апталығына сай үлкейген, ассиметриялы. Қарау кезінде анықталған белгілер жүктіліктің қандай белгілеріне жатады?
/Күмәнсіз белгілер
/Күмәнді белгілер
/Мүмкін белгілер
/Нақты белгілер
/Субъективті белгілер
!
Қышу, қызару, қынаптың шырышты қабатының ісінуі, жағымсыз иісті көбікті бөліністер. Жоғарыдағы шағымдар қандай кольпитке тән?
/Трихомонадты
/Гонореялы
/Атрофиялық
/Бактериальді
/Кандидозды
!
Гипергликемиялық команың анағұрлым ықтимал даму себебі:
/Инсулиннің жеткіліксіз мөлшері
/Инсулиннің артық мөлшері
/Күйзелістік жағдайлар
/Диетаның бұзылуы
/Жұқпалы аурулар
!
1 жастағы баланың жүйке-психикалық дамуын төмендегілерді қайсысы сипаттайды?
/Жүреді, 8-10 сөз айтады
/Тіреніп жүреді
/Өз бетінше еңбектейді, буын сөздерді айтады
/Тіренішпен тұрады, буын сөздерді айтады
!
Төменде аталғандардың қайсысы нәрестелердің жалпы жағдайын бағалауға қолданылады?
/Апгар межесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет