Домбыра үйірме жұмысының міндеттері:
1.Қазақтың ұлттық аспабы домбырамен таныстыру және құрметтеуге баулу.
2. Балаларды зейін қойып тыңдауға тәрбиелеу.
3.Оқушының шығармашылық мүмкіндігін дамыту.
4.Балаларды бойындағы импровизаторлық қабілетін оятып, әрі қарай дамыту.
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
«Достар-ай» домбыра үйірмесі
Аптасына сағат саны -2 сағат, барлығы 68 сағат
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойыла тын талаптар:
-Үйірмеге қатысушы оқушылар өздерінің кәсіби білімін толықтырып, тәжірибе жинақтайды. Ең бастысы шығарманы өз бетінше үйреніп орындауға дағдыланады.
- домбыраның құрлымы, сақтауы, қағыстары, аппликатурасы және шағын жаттығулар.
Халық әндер немесе шағын халық күйлер. – орындаушылық шеберлігін арттыру
оқушыға нота әліпесімен таныстыру.
-Басқа елдердін музакасымен танысу және оны домбырамен орындау .
Сабақта ән немесе музыка аспаптарына, арналған музыка шығармаларын орындалғанда оны мазмұнына байланысты мәнерлі, түсініп, ал әннің сөздерін дәл анық айтқызу керек. Оқушылар берілген ән немесе музыка шығармаларын жаттап алып, оны техникалық жағынан дұрыс орындап берумен қатар, шығарманың идеялық мазмұнын, оның авторларын және олардың тұрған дәуірін білулері керек. Оқушыларға әнді домбыра аспабына қосылып айтуға үйреткен жөн.
Домбыра сабағында музыкалық шығарманы, ән-күйді бастап үйретпес бұрын, қандай тақырыпқа жазылғанын, шығарманы жазған композитор оның дәуірі, творчествосы және орындалатын музыка шығармасының орындалу характері, техникасы, әдістері туралы қысқаша түсіндіріп өту керек.. Өтілетін репертуар қазақ композиторларының шығармалары қазақтың халық әндері мен күйлері және ішінара батыс классиктері композиторларының шығармаларынан құралады. Ең бірінші домбыраны үйренгенде оны сазына келтіріп бұрауды бірінші жолға қою керек. Домбыра тартуға үйренудің негізгі мазмұны. Бірінші кезеңдерде музыка аспабы-домбырамен танысу. Домбыраны күтіп ұстау. Домбыраны тартқанда денемізді қалай ұстау керек. Дұрыс емес отырыс денсаулыққа зиян келіруі мұмкін.Оң қолдың тұрысы. «Тремол» қағысын шығару әдісі. Сол қолдың тұрысы. Ашық шектер. Сол қолдың 1,2,3,4- ші саусақтарымен жаттығып үйрену т.б. Келесі кезеңнен бастап мұғалім домбырашылардың басын қосып, домбыра тартқызып үйрету керек. Бұл әдіс оқушының домбыра оркестіріне қосылып, музыка шығармаларын тартуды кеңінен үйретеді.
Домбыра үйірме ұстазының бас міндеті оқушыларға аспабқа деген қызығушылығын арттыру, халық музыкасы туралы білімді кеңеітіп, қөркем дәмін тәрбиелеу. Қазіргі кезде домбыра үйрету бірнеші оқыту әдістері бар. Әдiстердiң әрқайсылары ерекше қызықты.Мен жұмыста цифрлык және еске сақтау әдістерін қолданылам, өйткені ол домбыра шертіп үйрену үшін өте тйімді. Бүл әдіс арқасында қойылған мақсат іске асады. Аспапты жақсы меңгеру үшін шағын этюдтер, жаттығулар қолданыламыз.
Домбыра үйренудің кезені
Қызықты репертуар таңдау. Балаларға жақын шығармалар
Ән салу.
Майсқак импровизация( би немесе қозғалыз түрінде.)мысыалы Дәулеткерейдің «Қос алқа»
Күйін алсақ оқушылар осы күйді ерекше жақсы көреді, біз осы куйді тек қана ойнамаймыз біз осы шығарманы би арқылы жаттаймыз .
Осындай қимыл арқылы сезініп, оқушыларға шығарманың сипатын сонымен бірге шығармашылық ізденісте өзін көрсете білу.
Және де ойын арқылы балаларға шығарманың ырғақ қағуын, еске сақтау қабілетін арттыру.
Ендігі кезенде аңыз күйлер, ертегілер, композитордың өмірбаяны бұл жерде біз компютердік технологияны пайдалынамыз.
Және қазіргі кезде интернет, компютердің заманы . балаларға реферат дегеніміз өте оңай тапсырма болғандықтан, мен топтық проектік жоба тапсырмасын қолданғанын жөн көремін.
Оқушылар сол интернетті пайдаланып Мысылы, Корқыттың күйлерін, немесе Абайдың естілмеген әндерін іздестіру арқылы қорғауға баулу.
Мен жұмыс барысында осындай сабақтың түрін падалынамын: жарыс сабақ, ойын сабағы ашық ойлау сабағы, концерт сабағы, сахналық көрініс сабағы, т.б.Уақыт орында тұрмайды қазірі кезде балаларға өте ұнайтын Дэкко жаңа стилі. Дэкко - домбырамен эстрада компютермен күй орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |