2. Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары
Жер бетiне жететiн күн радиациялары жер бетiнен шағылысады, ал бiраз мөлшерi жерге сiңедi.
Радиациялық баланс (тепе-теңдiк) дегенiмiз жер бетiне түсетiн және жер бетiнен шығын болатын (қайтарылатын) радиациялық баланстың негiзгi элементтерiне мыналар жатады:
а) Тiк радиация, S1;
ә) Шашыранды радиация, D;
б) Шағылысқан радиация, R;
в) Эффективтi (тиiмдi) радиация, Ет.
Ендi, осы радиациялық баланстың құрамдарына (элементтерiне) талдау жасайық. Күннен бөлiнген радиациялар атмосфера қабаттарынан өтедi де жер бетiне екi түрде түседi: тура (тiк) және шашыраған.
Тура күн радиациясы (S1) – бұл жер бетiне тiк сәулелер дiң параллелдiк түрiнде келiп түсетiн күн энергиясының бiр бөлiгi. Ал осы күн радиациясының интенсивтiгi калория мөлшерiмен 1 минутта 1 см2 күн сәулесiне перпендикуляр орналасқан абсолюттiк қара бетке түскен жылылық шамасымен өлшенедi. Тура күн радиациясы мына формуламен анықталады:
S = S0 · Рm, кал/ см2/мин,
бұл жерде: S0 – күн сәулесiнiң тұрақты коэффициентi, оның мәнi 2,0 кал/см2/мин;
Р – атмосфераның тұнықтылығы, мәнi 0,6-0,7;
m – атмосфераның салмағы, мәнi күннiң биiктiгiне байланысты.
Келбеу бетке (S1) тура күн радиацияның интенсивтiгi төмендегi формуламен есептелiнедi:
S1 = S · sin h0, кал/ см2/мин
S – перпендикуляр орналасқан бетке түскен тура күн радиациясының интенсивтiгi;
S1 – көлбеу бетке түскен тура күн радиациясының интенсивтiгi;
h0 – көкжиек үстiндегi күннiң биiктiгi.
Күн радиациясының атмосферамен және оның құрамындағы майда бөлшектерден, бұлттардан шашырап жер бетiне түскен бөлiгiн шашыраған радиация деп атайды (D).
Тiк және шашыраған радиациялардың байланыстылығы:
1. Көкжиектен күннiң биiктiгiн – көкжиектен күннiң биiктiк бұрышы азайған сайын шашыраған радиация көбейедi де тiк радиация азаяды, өйткенi күн сәулесiнiң атмосфераның төменгi қабатынан (әр түрлi элементтер көп қабат) өтетiн қашықтығы (жолы) көбейедi, сондықтан көп шашырайды.
2. Атмосфераның тұнықтылығы – атмосферада әр түрлi элементтер (бұлттар) аз болған сайын тiк радиация көп те, шашыраған радиация аз болады.
3. Атмосфераның бұлттылығына – бұлт көбейген сайын шашыраған радиация көбейедi де, тiк радиация азаяды.
4. Жер бетiнiң түрiне (цвет) – неғұрлым ақшыл болса жер бетiнен шағылысқан радиация көбейедi, солғұрлым шашыраған радиация көбейедi.
Тiк және шашыраған радиациялар бiр-бiрiнен сапалық айырмашылықтары бар. Тiк радиация құрамында қызыл, сары, қызғылт (оранжевый) жылулық әсер ететiн ұзын толқынды сәулелер көп, ал шашыраған радиация құрамында көк, күлгiн, ультрокүлгiн қысқа толқынды сәулелер көп. Бұл өте химиялық белсендi сәулелер.
Жиынтық радиация (Q) деп, көлбеу жазықтыққа түскен тура және шашыраған күн радиациясының қосындысын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |