30.12.15
|
Мен сағат 7:30 да облыстық ауруханаға келіп, сырт киімді ауыстыратын бөлмеге келіп: халат, колпак, хир.костюм, ауыстырмалы аяқ киім, масканы ауыстырдым.
8:00-Топшамызбен нәрестелер патологиясы бөлімінің аға медбикеге белгілендік.
8:30-Медбике Кабира Капановнаң нұсқауымен Камиля Ринатқызына мұзды мұйық қойдым.
Мақсаты: дене қызуын түсіру.
Көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі.
Әзірле: су 14-16°C , мұз кесектері, жөргек 3-4, ағаш балға, мұзы бар флакондар, сағат.
Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.
2. Керекті құралдарды дайындадым.
3. Қолымды гигиеналық әдіспен өңдедім,құрғаттым.
4. Мұз кесектерін жөргекке салып, ағаш балғамен ұрып ұсақтау.
5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұзбен, 2/3 бөлігін сумен толтыру.
6. Мұйықты басу арқылы ауасын шығардым.
7. Мұйықты төмен қаратып, жақсы жабылғанын тексеру.
8. Мұйықты жөргекке орау.
9. Мұйықты баланың басынан 2-3 см арақашықтықта орналастыру.
10. Мұзы бар флакондарды салфеткамен орап ірі тамырлар маңына орналастыру.
11. Мұйықты, мұзды флакондарды 20-30 минутқа қалдыру, қажет болған жағдайда 10-15 минуттан соң қайталауға болады.
12. Мұздың еруіне байланысты мұйықтың ішіндегі суды төгіп қайта мұз салып, су құйып отыру керек.
13. 20-30 минуттан соң мұздықты алып тастап баланың дене температурасын өлшеу.
Достарыңызбен бөлісу: |