Дипломнан кейінгі білім беру факультеті ішкі аурулар және жедел жәрдем кафедрасы іскерлік ойын сценарийі



Дата15.05.2024
өлшемі20.24 Kb.
#501199
түріДиплом
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ
ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ


ІШКІ АУРУЛАР ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КАФЕДРАСЫ


Іскерлік ойын сценарийі


  • Қолдану аймағы

  • Сценарий мақсаты

  • Мәселені анықтау

  • Ролдік ойынды жинақтау (Фокусировка ролевой игры)

  • Бақылаудан кейінгі ролдік ойынды талқылау (аудиторияға арналған инструкция)

Ұзақтығы: 15-20 мин

1. Қолдану аймағы: Науқасты бронхты демікпе ауруы мен ауруханаға дейінгі этапта жүргізу, ауруханаға жатқызу көрсеткіші бойынша кеңес беру
2. Мақсаты: Іскерлік ойын соңында интерндер қабілетті:
- Демікпелік статус дамыған науқастарды жүргізуге іс-әркет алгоритмін құрастыра алады.
- Науқасты ауруханаға жатқызу көрсеткіші бойынша кеңес беруді біледі
3.Мәселені сипатттау:

  • Желілік бригада дәрігерінің ролі: Желілік бригада дәрігері Абдуллақызы А науқасты біріншілік қарайды. «Желілік бригада дәрігері» «науқасқа» сұрақтар береді: шағымын сұрайды,шағымы: тыныс алудың қиындауы ентігу, бетте және денеде ісіну, қызыл дақтар, қышыну, анамнез жинайды, анамнезі: цефтриксон инъекциясын қабылдаған, обьективті тексеруді имитация жасайды (дауыстап қорытындыны айтады) : Дене қызуы 36.0С. Қарағанда, есі анық науқас сабырсыз, беті ісіңкі және терісінде қышитын бөртпе анықталды . Аралас типті ентігу, тыныс алу жиілігі 28 рет мин. Гемодинамика көрсеткіші ЖСЖ 84 рет мин. АҚҚ 130/60 мм.сын.бағ. Іші ауырсынусыз, диурезі қалыпты. Жетекші синдромды айқындап, болжам диагноз қояды: Анафилактикалық шок. Шұғыл көмек алгортимін құрастырады. АҚҚ, пульс,сатурация өлшеу, веналық доступ, оксигенотерапия, адреналин бұлшықетке, инфузионды терапия, адреналин к\т, преднизолон к\т, сальбутамол ингаляция. Жағдайын бағалайды: жағдайы жақсарды, АҚҚ 110\70,пульс 85, сатурация 95. Госпитализация көрсеткшін анықтап (негізді деп шешсе)науқасқа хабарлайды. 110-е нысанды шақырту картасы толтырады.

  • Науқас ролі: «Науқас» ойыншы ортаға орындыққа мәжбүр қалыпта отырып, желілік бригада дәрігеріне қаралады. Өзінің шағымын, анамнезін карточкада көрсетілген тапсырмаға байланысты құрастырады:

Науқас Романов К. 56 жаста, жеке кәсіпкер, 1 ұлы бар, ұлының отбасымен бірге тұрады.
-Тұншығу ұстамасына, тыныс шығарудың қиындауына , спастикалық аздаған продуктивті жөтелге шағымданады.
Анамнезі: Алғашқы симптомдары 5 жыл бұрын көктем мезгілінде пайда болған. Күнделікті химиялық заттармен, парфюмериямен контакта болған кезде ұстамасы қайталанады. Осы жағдайының нашарлауын суықтаумен байланысты, 1 апта ішінде ауырған.Жалпы қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, физикалық активтілігі шектелген. Науқас қозғыш. Қысқа сөздерді сөйлеумен шектелген. Күре тамыр ойығының тартылуы бар, қосымша бұлшық еттері тыныс алуға қатысады. Науқастың жағдайы: мәжбүр қалыпта. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы қалыпты. Жүрек соғуы ритмді. ЖСЖ – 100 р/мин. АҚҚ-130/90 с.б.б. өкпеде әлсіз тыныс, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ шашыраңқы сырыл. ТШ-29 р/мин. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған.
-Науқас тұрмыстық жағдайға байланысты ауруханалық емнен бас тартты.
-3 сағ. өткеннен кейін науқас жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдемді қайта шақырады.

  • Қабылдау бөлімі дәрігерінің ролі: Жедел жәрдеммен түскен науқасты қабылдау бөлімінің дәрігері Момынова А. қабылдайды. Ол да сұрақтар береді: шағымын сұрайды, анамнез жинайды, обьективті тексеруді имитация жасайды (дауыстап қорытындыны айтады), болжам диагноз қояды, ауру тарихын толтырады, тексеру және емдеу жоспарын түзеді.

  • Дәрігер эксперт ролі: эксперт ойыншы карточкада көрсетілген сұрақтар тізімі бойынша. Әрбір ойыншыға кенес береді.

  1. Ролдік ойынды жинақтау (Фокусировка ролевой игры)

(аудиторияға оқуға болады)

  • Асқынуды болжау

  • Кеңес техникасы. (Дәрігердің кеңесі)

  • Дәрігерге науқастың өз ауруы ағымының нашарлауын, дамуы мүмкін асқынуларын түсінуін бағалау

  1. Бақылаудан кейінгі ролдік ойынды талқылау (аудиторияға арналған инструкция)

  1. Желілік бригада дәрігері науқастың жағдайын қалай бағалады?

  2. Науқасты ауруханаға жатқызу көрсеткіші болды ма?

  3. Интенсивті терапия дәрігері науқасқа дамуы мүмкін қатерді нақты түсіндіре алды ма?

  4. Науқаска түсініксіз терминдерді қолданда ма?



  • Талқылау соңында ойынға қатысушыларға конструктивті, позитивті кенес беру арқылы кері байланыс қамтамасыз етеді

«Ішкі аурулар және жедел жәрдем» кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, бекітілді.


“______” __________ 2017ж. № ____ хаттамасы.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а.: Г.М.Датқаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет