Күнделік-есеп педагогикалық


Іс-тәжірибегежолдаманыңтүбіртегі



бет2/5
Дата19.12.2023
өлшемі1.2 Mb.
#487075
1   2   3   4   5
Есеп формасы-2023- 2 семестр (1) (я)

2 Іс-тәжірибегежолдаманыңтүбіртегі
(ЖОЛДАМАНЫҢ ТҮБІРТЕК КӨШІРМЕСІН САЛУ!!!!)
3 Күнделік-есеп



Күні, айы

Әрбіркүнүшініс-тәжірибеніңбағдарламасы мен жоспар-кестесінесәйкесорындалған (зерделенген) жұмыстардыңатауы

Жетекшінің белгісі

23-27.01.2023

Өскемен қаласы әкімдігінің «№16 орта мектебі» КММ ұжымымен таныстық.Бізде жаратылыстану бағытындағы әдістемелік бірлестігінің жетекшісімен әңгімелесу жұмысы жүргізілді. Мектептің құжаттарымен және қауіпсіздік ережесімен таныстырылу жүргізілді.Сонымен қатар, мектептің санитарлық-гигиеналық шарттары, күн тәртібі ерекшеліктері, биология сабағына арналған кесте бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Мектеп тарапынан бөлініп берілген пән жетекшім- Бакыт Зайнолдиновна Толегенова (сынып жайлы, оқушылар құрамы жайлы ақпарат алдым, тәрбие жұмысының жоспарымен таныстым және т.б.), биология пәнінің мұғалімімен (пән бойынша жоспармен таныстым, бөлінген сыныптың сабағына қатыстым және т.б.) әлеуметтік желі арқылы қашықтықтан байланыс орнаттым.Пән мұғалімімен бірге биология пәні бойынша 8«Ә» сыныбының «Тері ауруларының алдын алу шаралары» тақырыбына өткізілген сабаққа қатыстық.8 «Ә» сынып оқушыларымен жақынырақ танысып, сынып белсенділері мен ата-аналар тізімін алдым. Сынып жетекшісінің іс- әрекет мазмұнымен, тәрбиенің жылдық жоспарымен таныстық. Биология пәні бойынша мұғалімнің орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларын білдік. Жетекшіміз бізді жаңа әдістермен (коучинг) таныстырды.
Жетекшіміздің түсіндіруі бойынша «Биология» пәні 8 сыныптарға арналған оқу бағдарламасымен сыныптарға жасалған жылдық тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар арқылы оқушылардың сабақтарына қатыса отырып, олардың сабаққа дайындығын бақыладық және жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін таныдық.




30.01-03.02.2023

Іс-тәжірибе міндеттері қойылды. Оқу-тәрбие жұмыстары бойынша материалдар жинақтадық. Педагогикалық іс-тәжірибенің қойылған мақсат-міндеттеріне сәйкес білім-білік, дағдыларды алдық. Мекеме бойынша педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісінен кеңес алып сабақ жүргізіп бастадық. Өз тақырыбымызға ҚМЖ құрастырып, сабақ өткіздік, сабақтың тақырыбы «Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы». Сабақты бастамас бұрын «Кубик» әдісі арқылы писихологиялық ахуал орнаттық. Үй тапсырмасын қайталау және бекіту мақсатында «Спиннер» әдісі арқылы сабақ сұралды. Себебі, оқушы өзіне сенімділігін арттыру және өзін көрсету барысында тиімді әдіс. Сабақ сұрау барысында балалардың алғырлығы мен тапқырлығына куә болдық. Кейін жаңа тақырыпты түсіндіріп, өздері меңгеруге уақыт бердік.Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Гугл» әдісін қолдандық.Балалар сабақ үстінде біз тапсырған барлық тапсырмаларды жақсы түсініп дұрыс орындады.Олар өте белсенді болды. Кері байланыс ретінде «Аспан әлемі» әдісін қолдандық. Жетекшімізбен ақылдаса отырып, белгілі- бір критерий қою арқылы балаларды бағаладық.
Сабақты бастамас бұрын іс- тәжірибе жетекшімізге сабаққа арналған ҚМЖ-мызды тексертіп, АКТ жабдықтарын дайындадық. Кейін «Смайлик» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнаттық. Бұл әдіс бізге оқушының көңіл-күйін саралап білуге көмектеседі.Үй тапсырмасын «Х-О» әдісімен топқа бөлу арқылы жүргізілді. Топпен жұмыс барысында әр оқушының өзіндік қырларын танып білдік және соны көрсетуге мүмкіндік бердік. Жаңа тақырыпты дайындап әкелінген видео-ролик арқылы түсіндірдік, тақырып: «Сүйектің байланысу түрлері». Жаңа тақырыпты толығымен меңгеру мақсатында балаларға оқуға уақыт берілді, кейін жаңа тақырыпты бекіту үшін «пицца тілімдері» әдісін қолдандық. Себебі, сұраққы жауап беру арқылы оқушы білімін шыңдай түседі және тақырыпты толығымен меңгереді.Балалар ойын ойнау арқылы өз білімдерін таныта алды және сабақта өте белсенді болды. Кері байланыс жасау мақсатында «Ұстазға хат» әдісі қолданылды. Бұл әдісте оқушылар ұстазға өз ойларын, ұсыныстарын ашық білдіре алады және бұл анонимді түрде жүреді.




06-10.02.2023

Бұл күні біз әдеттегіди ҚМЖ- мызда жетекшімізге тексертіп, АКТ жабдықтарымызды дайындап 8 «Ә» сыныбына сабаұты бастамас бұрын психологиялық ахуал орнату мақсатында «Көңіл-күй аралы» әдісін қолдандым. Бұл жерде оқушылар әрқайсысы өз көңіл- күйлерінің қай аралға жататынын айтып шығады, көңіл-күйі жоқ балаларға жақсы тілек айтып көңілін көтеруге тырыстық. Үй жұмысын пысықтау мақсатында «Бұлттар көпірі» әдісін қолдандып, тақырыпты бекіттік. Бұл әдісті оқушылар ойын ретінде қабылдап, қызыға отырып орындайды. Сұраққа жауап беру арқылы оқушы білімі шыңдалады және үй тапсырмасы бекітіледі. Жаңа тақырып: «Буынның құрылысы мен қызметі» алдын-ала дайындалған видео- ролик пен слайд арқылы тақырыпты түсіндіріп, кейін «Викторина» әдісін қолданып тақырыпты бекіттік. Бұл әдісті таңдауымның себебі, оқушылар өздерін көрсете алады және тақырыпты қай деңгейде меңгергенін көруге болады. Кері байланыс ретінде «Ұстазға хат» әдісі қолданылды. Оқушылар ұстазға тілегін немесе уәжін, ұсынысын айтуға таптырмас әдіс.
Ең алдымен іс- тәжірибе жетекшімізге ҚМЖ – мызды тексерттік. 8 «Ә» сыныбына «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу» тақырыбында сабақ жүргіздік. Сабақтың басында психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Анти-жалқаулық» әдісін қолдандық. Оқушылар сол арқылы жалқаулықтан арылып, сабаққа ынталары ашылсын деген мақсатта таратылып берілді. «Ұшақ» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрадық. Оқушылар қағаздан ұшақ жасап соны ұшырып, ойын ретінде бір сергіп қалды. Ұшақта кімнің аты жазылса, сол үй тапсырмасын айтты. Оқушылар сол арқылы өзін-өзі көрсетіп, сабаққа жақсы қатысты. Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіріп, оқушыларға өздері меңгеруге уақыт берілді. Сол арқылы оқушылар түсінбеген жерлерін сұрап, түсініп алуға мүмкіндік алады. Тақырыпты бекіту үшін интерактивті тақтаны қолдана отырып бұлшықет түрлерін ажырату және сипаттау және олардың құрылымы туралы тапсырмалар бердік. Оқушылар бұл тапсырмаларды жақсы алып шыға алды және бекіте білді. Тақырыпты бекіткеннен кейін кері байланыс орнаттық «Почта жәшігі» әдісін қолдана отырып. Оқушыларга хат қалташалары таратылды, оқушылар сол хат қалташаларына ұсыныстары мен пікірлерін жазып пошта жәшігіне салды. Оқушылардық пікірлері мен ұсыныстарын қарай отырып, ұсыныстары бар екенін және сол ұсыныстарды келесі сабақта қолдану керектәгән түсіндім.




13-17.02.2023

Оқу жоспарына сәйкес әрқайсысымызға бөлінген сыныптарға,атап айтқанда 8 "Ә" сыныбында кезекті сабағымызды өткіздік.Әдеттегідей сабағым тақырып бойынша ҚМЖ дайындап апарумен басталды.Өткізетін сабақ "Адам бұлшықеттерінің құрылысы мен бұлшық ет топтарын оқып тану"тақырыбында болды.Сабақ өткізу барысында үй тапсырмасын қайталауға "Қарлы кесек"әдісін пайдаландым.Себебі,оқушылардың ұжымдасып өз ойларымен бөлісуіне,нақтылыққа үйренулеріне өте тиімді әдіс.Үй тапсырмасын пысықтағаннан кейін жаңа тақырыпты түсіндіру іске асырылды.Оқушылар арнайы жасап апарған слайдым мен видео материалдар көру арқылы жаңа тақырыпты түсініп,тыңдалым және жазылым дағдыларын қалыптастырды.
Келесі "Бұзық телефон" сергіту сәтін ұйымдастырдым.Бұл сергіту сәтінің тиімділігі:Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Сергиді.
Кейін осы тақырыпқа байланысты 5-7минуттық топтық жарыс өткізілді.Яғни,оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау үшін "Кім жылдам" әдісін қолдандым.Себебі,оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуда,мәселелерді шешуде, мақсаттарын айтуда, талдауға мүмкіндік беруде тиімді.Және нәтижесінде ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, тақырыпты ортаға салып талқылап, түйінді ойды саралап үйренді.
Сабақты "Кері байланыс"жасату арқылы аяқтадым.Нақтырақ айтқанда оқушыларға бұлтты қағаз таратып,сабақты өту барысында өздеріне қызықты болған сәттерді немесе ұсыныстарын жазу түсіндірілді.
Түйгенім:Сабақ өткізу барысында уақытқа мән беру керектігін және әдіс-тәсілдерді барынша көп қолданып,оқушыларға қызықты етіп өткізу керек екендігін ұғындым.Және ұстаз кез-келген жағдайға дайын болу қажет.
Соңғы өткізген сабағым жоспар бойынша «Гиподинамия салдары,сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау» тақырыбында болды.Бұл өткізген сабағымда Үй тапсырмасын сұрау үшін « 5 бағыт» әдісін қолдандым.Яғни,оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Мәселені барынша мұқият талқылап,оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында осы әдісті таңдадым.Есесіне оқушы өз ойын ашық жеткізіп,тақырыпты толық меңгеруіне жағдай туады.Оларды бағалауда көрнекілік үшін стикерлер тараттым.
Үй тапсырмасын сұрағаннан кейін жаңа тақырыпты түсіндіріп,жаңа тақырып бойынша тапсырмам «Quizizz»платформасында викториналық сұрақтар қою арқылы жүргізілді.Себебі оқушылардың сұраққа жауап берулері арқылы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін көріп,оларды бәсекелестікке үйрету арқылы білімдерін шыңдай түстім.
Сергіту сәті ретінде «Жалғасын тап» тәсілін алдым.Оқушылар үшін тиімділігі логикалық ойлауы дамиды және серги отырып жылдам ой түйіндейді.
Жаңа материалды пысықтап,түйінді ойларды бекіту үшін «Өрмекші әдісін» қолдандым.
Сабақ өткізгендегі жіберген қателігім:Топтық жұмыстар жасатып тұру керек екен,себебі оқушылар ұжымдасып жұмыс жасағанда жеке тапсырма орындағандарынан әлдеқайда белсендірек болар еді.
Қатысқан сабақтар аясында мұғаліммен әңгімелесіп және талдау жұмыстарын жүргіздік.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет