Күндізгі оқу бөлiмi



бет3/5
Дата14.06.2016
өлшемі1.44 Mb.
#135783
1   2   3   4   5

Жалпы есептік жағдайлар


Ғимаратта монолитті көлденең регилді және тік монолитті колонналардан және каркастан сызбасы қабылданған. Каркастың барлық элементтері В25 бетонды, көлденең арматурасы А-Ш және тігінен A-I класты каркастан орындалған.

Ғимараттың бірінші қабатының техтөсемінің қимасы 500x500 мм, ал қалған қабаттарының қимасы 400x400 мм алынған. Темірбетонды монолитті ригелдер тасушы көлденең ригелдері және тігінен ригелдер қимасы 350x500 мм.



Іргетасы

Іргетасы бөлек тұрған колонна асты көтерімі ретінде қабылданған. Негізгі қағылатын темірбетонды 300х300 мм қималы, ұзындығы 8-9метрлі МЕСТ 19804-91 м бойынша сай қабылданған.


Қабырғалары

Қабырғалар – МЕСТ 13579-78 бойынша темір бетонды блоктардан жасалған.

Сыртқы қабырғалары кірпіштен МЕСТ 530-71, ішкі бөлігі сыланған МЕСТ 7484-69 бойынша,қалыңдығы 4-6 мм болатын алюкобонд профилімен қапталған. Цокольді қабаты түсі қызыл-қоңыр болатын "жасанды гранит" керамикалық плиткасымен қапталған. Еденнің негізі болып монолитті темірбетонды плиталар 200 мм. Темірбетонды плита көтерімге тіреледі, қабырға техтөсемінің жүгін көтереді.

Бөлу қабырғасы

Бөлу қабырғасы ҚР (КНАУФ -ГКЛ) 1.073.9-2.00 сериялы, қалыңдығы 120 мм, 65 мм-лі кірпішті.



Жаппа мен қабат аралығы

МЕСТ 9561-91 сериясы 1.141 бойынша темірбетонды панелді іші шеңбер қуысты алынған.



Баспалдақтар

Саты торларының қабырғалары тасушы, саты марштары темірбетонды баспалдақ алаңдары монолитті темірбетонды, балкалары темірбетонды.



Төсемі

I-151-I, I-152-3. сериялы темірбетонды құрама элементтерінен плиталары жасалған.



Жылумен қамтамасыз ету

Жылумен қамтамасыз ету көзі болып аурухана территориясындағы автономды қазандық қатты жанатын зат болып табылады ғимарат жылумен қамтамасыз ету бойынша 1-ші категория нысанына жатады.

Қазандық қондырғысы

Сыртқы ауаның есептік температурасы - 25 °С,

Жылыту уақытының орташа температурасы - 8 °C,

Жылыту уақытының ұзақтылығы 215 тәулік.

Қазандық тұтынудан жылу жүйесі сульфат тіреуішті портландцемент бетонынан екі бағытқа бөлінген 4 құбырдан жасалған.

Жылу желісі

Желдеткіш, ауа сорғыштары табиғи және жасанды, жылу жобасы ҚН және Е негізінде өңделген.Ішкі ауаның есептік параметрлері қоғамдық ғимараттар және имараттар, көпсалалы ғимараттар жобасы негізінде қабылданған.



Сумен қамтамасыз ету желісі

Сумен қамтамасыз ету желісі көзі сапасында сақиналы су өткізгіші қабылданған. Шаруашылық суына және өртке қажет суды үзіліссіз беруді қамтамасыз етуге нысаның алаңында қалалық жүйеге қосылған диаметрі 150мм бөлгіш задвижкалы құрылғының сақиналы су өткізгіші қарастырылған.

Су өткізгіш желісі резеңкелі тығыздағыш сақинада шойыннан жасалған қысымды құбыр су өткізгішінен құралған.

Жобада біріккен шаруашылық-ас суы және өртке қарсы су өткізгіші қабылданған. Ыстық сумен қамтамасыз етілуі жергілікті (қазандық), суды алу жылу жүйесінің басқару түйінінен жүргізіледі.



Электр жабдықтары

Дәрежесі бойынша электр жабдықтарын қамтамасыз етуде I кате­гориялы электр қабылдағыштарына мыналар жатады: сауда залы, химиялық тазалау залы, ет цехы, өрт құрылғылары.

I категориға жататын қалған электр қабылдағыштары ПУЭ топтастырылуына жатады. Электр қабылдағышардың электр жабдықтары төмендетілген 10/04 кв трансформатор подстанциясынан радиалды сызбанұсқа бойынша қарастырылады. Конструктивті орындалуында подстанция жеке тұрған комплекті болып табылады, және типтік жоба бойынша имаратталады. 1000А қоректендіру сызығымен РПК-21 трансформаторлық подстанциясы ТМ түріндегі трансформаторды, КСО-292 жоғарғы кернеулі шкафты, Трансформаторлы подстанция РПК-21 қоректендіру желілері 1000А өзіне мына типті трансформаторларды қосады ТМ, биік кернеулі шкафтар КСО - 292, KV сериялы тарату щиттерінің панелдерін қоректендіруді қамтамасыз етеді.

Қоректендіру желілері жер астымен өткізіледі (траншеялы түрде ААБл 3x120 маркалы кабелмен орындалады). Кабелдерді электр есебі токтың экономикалық тығыздығы, қызуы және термиялық беріктігі, рұқсат етілетін кернеуі тексеруден өткізеді. Барлық қилысулар және жер асты коммуникациялары 4.407-251 бойынша орындалады. Жобамен территорияның кешкі жарықтандыруы қарастырылған.

Жерлеуге барлық электр қондырғыларының бөліктері жатады. Трансформатор подстанциясы 10 и 0,4 кв. жоғары қондырғылар үшін жерлеу орындалады. Кедергі аралуы 4 Ом. Желегіш түрінде d=12мм болат өткізгіштер, сыртқа контуры 40х4мм болат сымдардан орындалған және 0,7 м тереңдікте орналасады. Ішкі магистральды жерлегіш қалыңдығы 25х4мм болат сымдардан орындалады.

Электр энергиясының қолданушы негізі болып: медициналық, технологиялық, қыздыру, электр жедеткіш, сорғыштар құрылғылары, лифттер болып табылады.

Асинхронды қозғалтқышты технологиялық жабдықтар, жіберу арматуралары мен тұйықталған роторлы қозғалтқышпен бірге келеді.

Топтық жарықтандыру желісі ВВГ және ПВХ кабелдерімен қаптау қорабында орындалады. Қабырғалар, және жабын арқылы өткізу кезінде кабелдер ПВХ құбырында өткізіледі.



Өртке қарсы шаралар

ҚН және Е бойынша ғимараттың от төзімділік дәрежесі 2-ші болады. Негізгі конструкциялары: ішкі және сыртқы қабырғалар, плиталар, жанбайтын ара жабындар. Жобамен барлық ағаш элементтері өрттен қорғау құралдарымен өңдеу қарастылған. Жобамен өрт дабылдағышы мен найзағай қорғанысы қарастырылған. Территорияларда 250 м3 өрт сыйымдылықтары қарастырылған.



2. Ғимараттың өрт қауіптілігінің сипаттамасы

Ғимарат бөлмелерінің меншікті өрт жүктіліктері біркелкі емес. Мысалы тіркеу орны 80-100 кг/м2 бөлмелерінде 40-50 кг/м, басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2

Бірінші және екінші от төзімділік дәрежелі ғимараттарда жанғыш материалдар, жиһаз, және көмекші бөлмелердегі 0.5-1.5 м/мин жылдамдықпен тарайды.

Сурет 1. Көп салалы ғимаратындағы өрт жылдамдығының өзгеруі.

Vл, м/мин.



1.0










0,6










0,2


















0 20 40 , мин.

Ғимарат өрт қауіптілігі артты, өйткені оттегіге қаныққан ортада өрттің тарау жылдамдығы лезде артады. Өрттің тез таралуына бөлмелердегі ағаштан жасалған бұйымдар, қоймалардағы және т.б. жеңіл тұтанатын заттардың болуы әсер етеді.

Статистикалық мәліметтер бойынша, өрттің тарауының негізгі себептері:

- электр жабдықтарын және электр құрылғыларының қолдану кезіндегі олардың ақаулығы немесе өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

- электр дәнекерлеу және басқа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;

- атмосфералық электрдің және жылулық электр тоғының әсері;

- механикалық энергияның және химиялық реакциялардың жылулық әсерлері;

- Атмосфералық электр тоғы;

- желдету, кондиционер, жылыту қондырғыларын қолдану кезіндегі ережелердің бұзылуы;

- отпен абайсыз қолдану (темекі шегу, құбырларды жылытуға ашық отты пайдалану, ғимарат аймағында от жағу және с.с.)

ғимараттардағы өнімдердің жануы және жалыны есік, терезе ойықтары, технологиялық ойықтар арқылы, лифт баспалдақ торлары арқылы, желдеткіш және өзгеде инженерлік коммуникациялар арқылы тік немесе көлденең таралуы мүмкін;

нормалау тәжірибеде келесі қоғамдық ғимараттардың нормалары қалыптасты.

Барлық қоғамдық ғимараттар секілді өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі ғимарат жетекшісіне жүктеледі. Қызметшілермен персонолдардың өртке қарсы дайындығы олардың жұмыс стажына немесе лауазымдарына байланысты болып келеді. Өртке қарсы дайындық өзіне келесі нұсқамаларды енгізеді. (ену жұмысқа кіру алдында, біртекті алты ай сайын болады ) және өрт техникалық минимум (материалдық жауапкершілікті тұлға мен өрт қауіпті учаскедегі жұмысшы ). Мекемеде ЕӨБ және өрт техникалық коммисия құрылуы тиіс.

Өрт кезіндегі ахуал күнделікті ғимараттарға қарағанда бағалы заттар мен мүліктерді көшіру қиындығымен сипатталады.

Өрт қауіптіліктің ерекшеліктері:


  • Сауда залында адамдардын көп болуы;

  • Жанғыш заттардың көп болуы;

  • үрей.

Өрттер көбіне қызмет көрсету бөлмелерінде, киімдерді шешінетін бөлмелерінде, сақтау қоймаларында орын алады.

Ғимараттар мен имаратарды пайдалану кезіндегі адамдардың қауіпсіздігі өрт кезінде дұрыс жоспарлануы мен конструктивтік шешімдері мен көшіру жолдары мен шығуларының саны мен өлшемдерінің дұрыс алынуы қамтамасыз етілумен жүргізіледі.

Ішкі жоспарлануы – бөлмеде орналасқан бір немесе екі жақты коридор арқылы.

Қоғамдық ғимараттардағы бірінші дәрежелі мәні өрт пайда болған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру болып табылады. Көшіру есіктері шығу бағытына қарай ашылуы тиіс (тек қана он бес адамға дейін болған кезде есіктердің ашылу бағытына сай келуі қажет емес). Баспалдақ торының сыртқы есіктері ішкі құлыптары оңай ашылуы тиіс. Бірінші қабат терезелеріне металл торларын орнату рұқсат етілмейдіөшіру шығулары, өтулері, коридорлар, тамбурлар, баспалдақ торлары бос болуы қажет.

Сақтандыру шараларын қамтамасыз етуде өрт пайда болған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ғимараттан адамдарды құтқару мен ұйымдастыруда мәнді орын алады. Адамдарды табысты көшіруге жету үшін тек қана ойластырылған конструктивтік жобалық шешімнің көшіру жолдары ғана емес, оларды ұйымдастыру шаралары да үлкен көмегін тигізеді. Мұндай ұйымдастырылған шараларға өрт туралы хабарлау жүйелері, жалпы және жеке адамдарды көшіру жоспары өңдеуде жатады.

Қоғамдық ғимараттардағы электрощиттік бөлмелер, трансформатор подстанциялары отқа төзімділік дәрежесі кем дегенде 0,75 сағ шыдайтын жанбайтын аражабындарға оқшауланады.

Электр жабдықтарына қаныққан желдеткіш камераларда өзге бөлмелерден оқшауланады.

Отсектерді аудан бойынша бөлу. Секциялық емес қоғамдық ғимараттардың подвалдарын өртке қарсы секция бойынша отқа төзімділік дәрежесі бір сағаттан кем болмайтын жанбайтын қабырғалармен ауданы 500 м2 бөлінеді.

Көп салалы ғимараттарына өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары ( ҚР ҚН және Е 3.02.02-2009) .



3. Жобалық материалдардың сараптамасы

Бұл жоба өз алдына құрылыс конструкцияларының, ішкі жоспарлануы өртке қарсы бөгеттер және түтіннен қорғау желдеткіш жүйелері, жарылыстан қорғау, өрт сөндірушілердің үлгерімді жұмысын қамтамасыз етудің техникалық шешім, нысанның бас жоспарының сараптама кестесін құру және жобалық шешімдердің тексеру әдістерін ұсынады.

Жобалау кезінде өрт қауіпсіздік ережесінің бұзылуын анықтаудың негізгі әдісі салыстыру болып табылады. Бұл әдістің негізі шешімдері жобада қарастырылған құрылыс нормалары және ережелердің өрт қауіпсіздік талаптары мен салыстыру, содан соң қорытынды шығару болып табылады. Көбіне бұл салыстырулар нақты бір мәнді береді, ал кейбір жағдайларда сапалық сипатқа ие. Мысалы, көшіру жолдары мен шығарудың сараптамасы немесе сапалық бағалау кезінде есіктер енінің максималды, минималды мәні – сандық бағалауы болып табылады.

Барлық тексерілген және техникалық шешімдер сараптама кестесіне енгізіледі. Жобаның архитектуралық құрылыс бөлімін тексерген кезде ішкі жобалануын, өртке қарсы бөгеттер , көшу жолдары мен шығулары, түтінге және жарылысқа қарсы қорғаныс өрт сөндірушілердің жұмысының сәтті болуын қамтамасыз ететін техникалық шешімдер сарапталады.



3.1. Құрылыс конструкияларының сараптамасы

Құрылыс конструкцияларының сараптамасын өткізу кезінде ең алдымен мамандандырылған немесе салалық нормативті құжаттар бойынша ғимараттың от төзімділік дәрежесінен бастайды.

Қоғамдық ғимараттардың норма бойынша, олардың тағайындалуы, ауданы, қабаты және сыйымдылығымен анықталады.

Салалық немесе мамандандырылған нормативті құжаттар бойынша қажеті от төзімділік дәрежесі, құрылыс конструкцияларымен от тарау шегі, анықталады, егер олар белгісіз болса қажетті от төзімділік дәрежесін, от тарау шегін "Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздік құралы" ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 1-ші кесте бойынша анықтайды.

Құрылыс конструкцияларын сараптама кестесіне ғимараттың барлық құрылыс конструкциялары енгізіледі.

Конструкциялар тізімі және олардың қысқаша сипаттамасы түсіндірме қағаз, сызбалар, және ғимарат конструкцияларының бөлек бөліктері бойынша алынады.

Архитектуралы – құрылыс бөлімінің сызбаларынан өзге жағдайларда, сараптама кезінде конструкциялардың каталогтары бұйым бөліктеріне, және олардың сериялары мен нөмерлеріне сілтеме жасалады.

Әдетте ғимарат құрылысында бір типті құрылыс материалдары қолданылады, сондықтан олардың тексерісі қажетсіз. Тек өрт қауіптілігі жоғары бөлмелерге ғана ерекше назар аударылады.

Жоба материалдарының сараптамасы кезінде ең алдымен тексеріске мыналар жатады:

1.Сыртқы және ішкі сонымен қатар бапалдақ торларының қабырғалары

2.Каркасты қабырғалар: колонналар, ригелдер, каркас толтырулары, каркас қабырғасының элементтерінің бірігу түйіндері.

3. Аражабындар.

4. Колонналар.

5. Жабындар (қабат аралық, подвалды).

6. Баспалдақтар: ( алаңшалар , марштар, косоурлар, тепшектер).

7.Ішкі қабырғалардың, аражабын, жабын, баспалдақ элементер жапсырмасы.

8. Тасушы төсемдер: тасушы элементтер, (балкалар, фермалар, прогондар, аркалар) төсем, жылу қаптағыштары.

9. Ілмелі төбелер.

10.Есіктер (есік қораптары): ішкі қабырғаларда және аражабындарда, сыртқы қабырғаларда, баспалдақ торларының қабырғаларында және шатырға шығу жолдарындағы өртке қарсы бөгеттер.

11.Терезе ойықтарының толтырылуы: сыртқы қабырғаларда, ішкі қабырғаларда және аражабындарда, баспалдақ торларының қабырғаларында өртке қарсы бөгеттерде.

Консрукциялардың нақты от төзімділік дәрежесімен от тарау шегі кестелермен пунктар бойынша анықталады. Құрылыс от төзімділік шегі көптеген факторларға және өзге конструкцялардың сипатамасына байланысты.

Аражабындар мен қабырғалардың нақты от төзімділік шегі материалдарға, қалыңдығына, конструктивті орындалуына, от қорғағыш қабатының түріне және 12 оқулық бойынша анықталады:

- темір бетонды және бетонды аражабындар үшін 3-ші кесте;

- темір бетонды және бетонды қабырғалар үшін 4-ші кесте

- тас қабырғалары мен аражабындар үшін 10-шы кесте;

- ағаш қабырғалары мен аражабындар үшін 12-ші кесте;

- асылмалы қабырғалар мен аражабындар үшін 14-ші кесте;

Колонналар мен бағандардың отқа төзімділік шегі материалдарға өлшемдерінің қималары, арматура осіне дейінгі қашықтықта қыздыру тәсілі (темірбетонды колонналар үшін), оттан қорғалған қабаттың қалыңдығымен түрі (ағаш және метал конструкциялары үшін) тәуелді, және оларды 12-ші оқулық бойынша анықтаймыз:

- кірпіш бағандары үшін 10-шы кесте;

- металл колонналары үшін 11-ші кесте;

- ағаш қадаулары үшін 12-ші кесте;

- темірбетонды колонналар үшін 2-ші кесте;

Темірбетонды балкалардың отқа төзімділігі шегі балка енінің қимасына, арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура топтарына, балка қабырғасының еніне байланысты болып келеді, оларды 12-ші оқулық бойынша анықтаймыз:

- ауыр бетонды балкалар үшін 6-шы кесте;

- жеңіл бетонды балкалар үшін 7-ші кесте;

Бір жақты жылыту кезіндегі балалардың отқа төзімділік шегі темір бетонды жабындар мен төсемдер секілді қабылданады.

Темірбетонды плиталы жабындар мен төсемдердің отқа төзімділік шегі олардың түрлеріне (жаппай қимасы, көп қуысты, қабырғалы), тіреу тәсіліне (екі жағынан да), контур бойынша, бетон түріне (ауыр және жеңіл), арматура тобына байланысты болып келеді және олар 12-ші оқулық бойынша анықталады:

- бір қабатты плиталар .үшін 8-ші кесте;

- екі қабатты плиталар үшін (жеңіл және ауыр бетоннан) 9-шы кесте.

Қабырғалы темрбетонды плиталардың отқа төзімділікті шегі қабырғаға байланысты төмендегі балкалар секілді 6-шы 7-ші кестелермен қабылданады, осы кезде қабырғаның қалыңдық сапасына екі плита қабырғаларының соммалық қалыңдығы алынады.

Темірбетонды фермалармен аркалардың отқа төзімділік шегі олардың конструкция элементтерінің минималды қима қалындығына (ауыр немесе жеңіл), арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура тобына байланысты болып келеді, олар 5-ші кесте бойынша анықталады.

Болат және ағаш балкаларының жабындарының, болат және ағаш фермалардың аркалардың отқа шегі олардың дайындалған материалдарына, элементтері мен түйіндерінің ең төменгі өлшемдеріне, оттан қорғау тәсіліне байланысты болып келеді және олар 11,12-ші кесте бойынша анықталады.

Терезе және есік ойықтарының толтыруларының отқа төзімділік шегі олардың дайындалған материалдарына, элемент конструкцияларының қалыңдығына, дайындалған конструкциялардың ерекшелігіне байланысты, және оларды 14-ші кесте бойынша анықтаймыз.

Аспалы төбелердің жабулары мен төсемдерінің отқа төзімділік шегі аспалы төбелердің түріне (каркас және толтырылу материалдары), аспалы төбенің қалыңдығына байланысты, оларды 13-ші кесте бойынша анықтаймыз.

Конструкция бойынша оттың нақты тарау шегі [15] пунктар бойынша анықталады : п.п. 2.8-2.11, 2.24, 2.30, 2.32, 2.36 и Кесте13,14. бұл кезде ескеру қажет:


  • жанбайтын материалдардан жасалған конструкциялар от таратпайтын болып есептеледі (от тарау шегі 0-ге тең),

  • жанғыш материалдардан жасалған конструкциялар;

- жанғыш материалдардан жасалған конструкциялар көлденең 25см, ал тігінен 40см от тарау шегіне тең әрбір конструкцияның от тарау шегі мен от төзімділік дәрежесі анықталған соң, оның қай салада қолданылатыны анықталады (қарастылған конструкциялар қай от төзімділік дәрежелі ғимаратта қолданылатыны). Бұл ғимараттың нақты от төзімділік дәрежесінің анықтаулары құрылыс конструкцияларының төменгі қолдану аймағын анықтауға қажет.

Барлық нақты қажетті отқа төзімділік дәрежесін және құрылыс конструкциялар бойынша от тарау шегін енгізген соң ғимараттың нақты өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі жөнінде қорытынды жасалады.

Ғимараттың өрт қауіптілігі және барлық параметрлерінің сәйкестігі келесі шарт орындалуы қажет:

О тр. = О ф. (3.1) П ф. ≥ П тр.; (3.2) L ≤ L (3.3)


мұндағы:

П ф., П тр - құрылыс конструкцияларының нақты және қажетті отқа төзімділік шегі.



L,L - - құрылыс конструкцияларының нақты және қажетті от тарау шегі.

ҚН және Е 3.02-02-2009 “ Қоғамдық ғимараттар мен имараттар “ п.1.14 Кесте 1.сәйкес 2-ші отқа төзімділік дәрежесінен кем болмауы керек сараптама нәтижесін кестеге енгіземіз.

кесте 1

№ п/п

Конструкция-ның аталуы және қысқаша сипаттамасы

Жоба-мен қабыл-данған

Пунктерге сілтеме

Қан-дай от төзімділікті ғимаратта қолданылады

Норма боынша талап етіледі

Пункт нормаларына сілтеме

Қорытынды

Пф, ч.

Lф, см.

Птр, ч.

Lтр, см.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

1.


Сыртқы қабырғалар: жоба бойынша кірпіштен, қалыңдығы 440мм

4

0

Кесте. 4

I


2.5

0

ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009


Сәйкес келеді



2.


Бөлу қабырғалар

қалындығы 65 мм кірпіш


2.5

0

Кесте. 10 п.1


I


0.25

0

ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2

Сәйкес келеді


3.


Ішкі қабырға қалыңдығы 120 мм кірпіштен

2,5

0

Кесте. 3

II

0.25

0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2


Сәйкес келеді

4.


Бөлу қабырғалар

қалындығы 120мм кірпіш.

2.5

0


Кесте. 10 п.1


I

0.25

0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2


Сәйкес келеді


5.


Баспалдақ торының қабырғаларының қалыңдығы 440 мм

4

0

Кесте 4

I

2.5

0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2


Сәйкес келеді

6.


Жылулық қаптағыш:

Минералды плиталар =300


0.25

0

Кесте 14 п.30


II

0.25

0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2


Сәйкес келеді

7.


Жылулық қаптағыш:

Пенобетонды γ=300

0.25

0

Кесте. 14 п.28


II

0.25

0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2


Сәйкес келеді

8.


Жабулары: плита қалындығы 200 мм контур бойынша тіреу 45 мм панелді дөңгелек қуысты темірбетон құрамасы

2


0

Кесте. 8

I

0.75

0

ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2.

Сәйкес келеді


9.


Баспалдақ алаңы темір бетонды қалыңдығы 220 мм.

3


0


Кесте. 4


I


2.5


0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2


Сәйкес келеді

10.



Баспалдақтар темірбетонды қалындығы 220 мм.

3


0


Кесте.4


I


2.5


0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте 2


Сәйкес келеді

11.


Косоурлар балка ені 120 мм. арматура осіне дейінгі қашықтығы 45 мм.


1


0


Кесте. 6


I


1


0


ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Кесте


Сәйкес келеді

12.


Болат балкалар, прогондар, ригелдер және статикалық фермалар тіреу кезіндегі плиталар және жоғары белбеулі төсемдер t=3 см.

0.45

0


Кесте 11 п.1


II

0.25

0

Кесте 2.


Сәйкес келеді



13.

Жабын плиталар подвал үстіндегі ауыр темір бетондар қалыңдығы 220 мм, арматура осіне дейінгі қашықтығы 70 мм.

3

0

Кесте.8

I

1

0

Кесте 2.


Сәйкес келеді



Қорытынды: құрылыс конструкцияларының сараптамасы кезінде ешқандай ауытқулар байқалған жоқ, барлық құрылыс конструкциялары ғимараттардың от төзімділік дәрежесінің талаптарына сай.


3.2. Ішкі жоспарланудың сараптамасы

Ғимараттың ішкі жоспарларына барлық өртке қарсы талаптарына шешімдердің тексерістеріне жататын тізімі барлық шешімдердің қысқаша жоспарлық сипаттамасы және тапсырманың қысқаша шешімдік жоспарлы сипаттары енгізілуі тиіс.

1.Ғимараттың өрт отсектеріне бөлу себептеріне алаңнан бастап фуyкционалды арналуы және өрт қауіптілігі жатады.

2. Бөлмелерді немесе өрт отсектеріне бөлу себептерінің мақсатына:

өрт қауіптілігі бойынша түрлі өндірістік процестер ;функционалды

тағайындалуы бойынша процестер немесе бөлмелерді бөлу жатады;

өрт қауіптілігінің бірікпеген процестерді оқшаулау;

бөлмелердің аса құнды материалдарымен, жабдықтарымен оқшаулау;

улы заттары бар процестерді оқшаулау жатады;

3.Ғимараттың цокольді және жертөле қабатын оқшаулау; жертөле

үстіндегі жабулардың отқа төзімділігі; бірінші қабаттан шығулардың

болуы; жертөле ерікті кірулердің болуы.

4.Баспалдақ торын ғимараттың өзге бөлмелерінен оқшаулау.

Көп салалы ғимараты екінші отқа төзімділік дәрежесіне жатады, олардың өртке қарсы талаптарына сәйкестігін ҚР ҚН және Е 3.02-02-2009 “ Қоғамдық ғимараттар мен имараттар” жоспарлық шешіміне сай келетіндігін тексереміз. Жүргізілген сараптама нәтижелерін екінші кестеге енгіземіз. Кесте 2



п/п


Не тексеріледі

Жобада қарастырылған

Норма бойынша талап етіледі

Нормаға сілтеме

қорытынды

1

2

3

4

5

6

1.

Ғимараттың өрт отсектеріне бөлу қажеттілігі:аудан, функционалды тағайындалуы, өрт қауіптілігі бойынша .

Жоба бойынша ғимараты өрт отсектеріне бөлу қарастырыл-маған

Өртке қарсы қабырғалар арасындағы аудан 4000 м2 құрайды

ҚР ҚН жәнеЕ

3.02-02-2009

Кесте 1


Сәйкес келеді

2.

Шатырға шығуды орындау

Жоба бойынша өлшемдері 1.08×1.53 м.люктер арқылы шатырға шығулар қарасты-рылған

Биіктігі 5-қабатты және қоғамдық ғимараттарда өлшемдері 0.6×0.8 м люктер арқылышатырға шығулар орындауға рұқсат етіледі, және болат сатылары арқылы.

ҚР ҚН жәнеЕ

2.02-05-2009

п.6.4


Сәйкес келеді

3.

Шатырға шығулардың саны.

Шатырға екі шығу қарастырылған. Төсем ауданы 1861.2 м2 құрайды.

Шатыр бөлмесі жоқ қоғамдық ғимараттарда әрбір толық және толық емес төсемнің 1000 м2 ауданына бір шығу қарастырылады.

ҚР ҚН және Е 2.02-05-2009

п.6.3


Сәйкес келеді

4.

Инженерлі жабдықты подвал бөлмелерін өртке қарсы аражабындар-мен бөлу қажеттілігі.

Жоба бойынша инженерлі жабдықты подвал бөлмелерін өртке қарсы аражабын-дармен бөлу қарастырылмаған.

Жертөле қабаттарында орналасқан инженерлі жабдықтар бөлмелері және коммуникациялар-ды өткізуге арнауларды өртке қарсы аражабындармен бөлу қажет .

ҚР ҚН жәнеЕ

2.02-05-2009

п.5.4.


Сәйкес келмейді.

5.

10 м ден жоғары ғимараттарда шатырға шығуларды орындау.

Жоба бойынша шатырға шығу баспалдақ торларындағы люктер арқылы жүргізіледі.

10 м-ден жоғары ғимараттарда шатырға шығуларды баспалдақ торлары арқылы жүргізу қажет.

ҚР ҚН жәнеЕ

2.02-05-2009

п.6.4.


Сәйкес келеді

Қорытынды: көлемді жоспарлы шешімнің сараптама барысында жобада бөлінген бөлмелер жертөле қабатында және инженерлік қаптырмалар мен жабдықтардың тағайындалуы басқа бөлмелерден өртке қарсы аражабындар ҚР ҚН және Е 2.02-05-2009 сай орнатылғандығы байқалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет